Сақтандырулар
мен кеңестер
Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік
стандарттарына сай жасақталып, дайындалған.
KZ
Төмендегі ескертулер қауіпсіздік ережелерін ескерту
мақсатында берілген жəне оны мұқият оқып шығу
қажет.
Жалпы қауіпсіздік
• Шыны керамикалық плита температура
ауытқулары мен келең өзгерістерге төзімді.
Дегенмен, жүздер немесе ас үй құралдары
плитаның бетің зақымдауы мүмкін екенін ескеру
керек. Мұндай жағдай орын алса, пештің айырын
розеткадан ағытып, бастапқы бөлшектерге
тапсырыс беру үшін өкілетті техникалық көмек
көрсету орталығына хабарласыңыз. Жоғарыдағы
шарт орындалмаса, құрылғының қауіпсіздігі
бұзылуы мүмкін.
• Плита беті шатынаған болса, тоқ соғудың алдын
алу үшін құрылғыны өшіріңіз.
• Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны
коммерциялық немесе өндірістік тұрғыда
қолдануға болмайды.
• Құрылғыны далада, тіпті үсті жабылған болса да,
орнатуға болмайды. Құрылғыны қорғаусыз жаңбыр
мен боранда қалдыру аса қауіпті.
• Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл
қолмен, аяқпен түртпеңіз.
• Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға
сай, тек ересек адамдар ғана тағам дайындау
мақсатында пайдалануы тиіс. Құрылғыны
басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені
жылыту үшін) дұрыс емес əрі қауіпті.
Құрылғыны тиісті, дұрыс жəне саналы түрде
пайдаланбау нəтижесінде пайда болған кез
келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
• Нұсқау кітапшасы 1-класс (оқшауланған) немесе
2-класс 1-субкласс (2 шкаф арасына орнатылған)
құрылғымен бірге беріледі.
• Құрылғыны пайдаланған уақытта қыздыру
элементтері жəне пеш есігінің белгілі
бөліктері қатты қызады. Бұларға тимеу жəне
балалардан аулақ ұстау керек.
• Басқа электр құрылғыларының кабельдері пештің
ыстық бөліктеріне тимейтінін тексеріңіз.
• Желдету жəне ыстықты салқындатуға арналған
ашық жерлерді ешқашан жаппау керек.
• Пешке асханалық ыдысты қоярда немесе
оны алған кезде əрдайым пеш қолғаптарын
пайдаланыңыз.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның жанында
жанғыш сұйықтықтарды (спирт, бензин, т.б.)
қолданбаңыз.
64
• Төменгі сақтау бөлігіне немесе пештің өзіне
жанғыш материалдар салуға болмайды. Егер
байқаусызда құрылғы қосылса, бұл заттардың
жануы мүмкін.
• Құрылғыны қолданбағанда тұтқалар
позициясында тұрғанын тексеріңіз.
• Құрылғыны өшіргенде розеткадан əрдайым
айырғышты ұстап тартыңыз, кабельден тартып
суырмаңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратпай ешқашан
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын
жасамаңыз.
• Егер құрылғы істен шыққан болса, оны
ешбір жағдайда өз басыңызбен жөндеуге
əрекеттенбеңіз. Тəжірибесіз адам тарапынан
жасалған жөндеу жұмыстарынан құрылғының
істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы
мүмкін. Көмек көрсету бөліміне хабарласыңыз.
• Ашық пештің есігіне ауыр заттарды қоймаңыз.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
• Құрылғыны физикалық, сезімталдық жəне
психикалық қабілеттері төмен адамдар (балалар
да кіреді), тəжірибесіз немесе өнімнен хабары
жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс.
Мұндай адамдарға, кем дегенде, қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін біреулер жетекші болуы керек
немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
Қоқысқа тастау
• Орау материалдарын тастаған кезде: ораманың
қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай
жергілікті заңды қадағалаңыз.
• Электр жəне электроникалық құралдардың
қалдықтарына (WEEE) қатысты 2002/96/EC
Еуропа заңнамасына сəйкес үй құрылғылары
қалыпты қатты қалалық қалдық айналымын
пайдаланып жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен
халық денсаулығына тиетін зиянның алдын ала
отырып, жарамсыз құрылғылар қайта пайдалану
мен машина ішіндегі материалдарды өңдеу
құнын оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы
керек. Барлық өнімдердегі сызылған қоқыс жəшігі
өнім иесінің бөлектелген қоқыс жинауға қатысты
міндетін еске салады.
Қолданылған құрылғыларды қоғамдық қоқыс
жинау қызметіне тапсыруға, айналадағы тиісті
жинау орындарына апаруға немесе, ағымдағы
ұлттық заңдар рұқсат берсе, жаңа ұқсас өнімге
ауыстыру үшін сатушыға ауыстыру ұсынысы
бойынша қайтаруға болады.
Үй құрылғыларының барлық негізгі өндірушілері
ескі жəне қолданыстан шыққан құрылғыларды
жинау жəне тастау жүйелерін жасауға жəне
ұйымдастыруға қатысады.
•