Descargar Imprimir esta página

Asco 126 Serie Manual De Instrucciones página 17

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 4
ОРНАТУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
61508 IEC стандартына ("SIL" рұқсаты) сай соленоид операторлары, отқа төзімді корпус, MB түріндегі,
қауіпсіздік қолданбаларына арналған, 126 сериялы соленоидты клапандарға арналған, шығыны аз нұсқасы
СЕРТИФИКАТ СИПАТТАМАСЫ
Осы сертификат берілген нұсқалар:
126 сериялы, шығыны аз нұсқасы, мыс немесе тот баспайтын болаттан
жасалған корпус.
Қандай да бір басқа өнімді пайдалануға тыйым салынады жəне бұл
рұқсаттың бөлігі болып табылмады.
Клапандар SIL санатына жататын жұмыс жағдайларынан тыс пайдала-
нылса, максималды қоршаған орта температурасы +60°C-қа шектеледі.
IEC 61508 стандарты қауіпсіздік жүйесінің пайдалану мерзіміндегі əр кезеңге
арналған жалпы талаптар жиынтығын сипаттайды. TÜV тарапынан орындалған
сенімділік анализінің қорытындысы бойынша соленоид клапандарын CEI 61508-2
:2010 стандартына сəйкес HFT = 0 көрсеткішіндегі SIL 2 деңгейіне дейінгі жəне
HFT = 1 көрсеткішіндегі SIL 3 деңгейіне дейінгі қауіпсіздікті басқару жүйесінде
қолдануға болатынын көрсетті, ондағы қажетті HFT деңгейі 2H арнасы бойын-
ша CEI 61508-2 :2010 стандартына сəйкес орнатылады. Сынақ нəтижелері
мен сенімділік деректерінің қысқаша мазмұндамасы осы құжаттың 34-ші жəне
35-беттерінде қарастырылады. Клапандарды орнату, оларға техникалық қызмет
көрсету, оларды сынақтан өткізу жəне баптау жөніндегі ақпаратты "www.asco.com"
сайтындағы қауіпсіздік нұсқаулығынан (V9629) қараңыз. SIL деңгейіне байланы-
сты олар жауапты қызметкердің өкілеттігі, біліктілігі жəне тəуелсіздігіне қатысты
қажетті шараларды орнатады. Жалпы орнату жəне техникалық қызмет көрсету
нұсқауларындағы барлық көрсеткіштер мен ережелер жоғарыда аталып кеткен
құжаттар негізін қалыптастырады. Сенімді болу үшін, осы құжатта аталып өткен
барлық қосымша ережелердің талаптары да орындалуы тиіс.
- Қажетті функциялар үшін құбырларды осы құжаттамаға жəне өнімдегі порт
белгілеріне сəйкес жалғаңыз.
- Клапан функциясына кедергі болатын қандай да бір бөгде заттың тізбекке кіріп
кетпеуін қадағалаңыз. Тығыздау таспасы немесе тығыздау затын пайдалануды
барынша азайтыңыз.
- Бұл клапандар тек таза əрі құрғақ ауамен немесе инертті газбен ғана пайдалануға
арналған. Ұсынылатын минималды сүзгілеу: 50 микрон. Атмосфералық
қысымдағы конденсациялық нүкте кем дегенде -20°C (36°F) болуы керек, ол
сұйықтыққа əсер ететін минималды температурадан төмен.Майланған ауаны
пайдаланғанда, майлағыш пайдаланылған эластомерлермен үйлесімді болуы
тиіс. S7.3 (1975) ANSI/ISA стандартына сəйкес сығылған ауа қажетті талаптар
көрсеткішінен асады, сондықтан осы клапандар үшін жарамды сұйықтық болып
табылады.
- Шығару портына əр өніммен бірге жеткізілетін тот баспайтын болаттан
жасалған шығару портын қорғау құралын қолданыңыз (4-суретті қараңыз).
Шығару портына арналған қорғаныс сүзгісіне су тимеуін қадағалау керек.
Құбыр қосылымында ұсынысқа сай пайдаланылған кезде, клапандар тиісті
сүзгімен қорғалуы тиіс. Осы қорғағышты 3 (3/2 NC) портына жалғаңыз, 4-суретті
қараңыз. Жабдықталғаннан басқа шығару қорғағышын пайдаланған кезде, кла-
пан сенімділігіне кепіл берілмейді. ASCO компаниясы өніммен бірге жеткізілетін
шығару портын қорғау құралынан басқа қандай да бір шығару портын қорғау
құралын пайдаланылғаны үшін жауапты емес. Мұндай жағдайда ASCO ком-
паниясына немесе оның өкілдерінің біріне хабарласыңыз.
- Пайдаланылған нұсқаға байланысты рұқсат етілген максималды температура
ауқымы: -40°C жəне +65°C аралығы
- Жұмыс қысымының максималды ауқымы: 0 – 10 бар
ЖАЛПЫ
Орнату жəне техникалық қызмет көрсету жөніндегі бұл нұсқаулықтар 126 серия-
лы соленоидты клапандарға орнатылған отқа төзімді корпусы бар МВ түріндегі
электромагнитті басқару құрылғылғысына арналған.
Осы нұсқаулықтарды орындамаған жағдайда істен шығу, зақымдалу немесе
жарақат алу орын алуы мүмкін.
Бұл құрамдас бөлшек қауіпсіздікті қамтамасыз ететін керек-жарақ емес, ол
жеке құрамдас бөлшек ретінде немесе аппарат, құрылғы жəне қондырғыларға
кірістірілген құрамдас бөлшек ретінде пайдалануға арналған. Барлық жинау,
жұмыс істеу, пайдалану жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын білікті,
рұқсаты бар қызметкерлер орындауы қажет. Құрамдас бөлшектермен жұмыс
істейтін қызметкерлер құрамдас бөлшектер, аппарат, құрылғы жəне электрлік
қондырғыларға қатысты (клапандар, соленоидты клапандар, электронды
басқару жабдығы, əуе жолы көлігінің жабдығы бойынша) қолданыстағы
қауіпсіздік ережелерімен жəне талаптарымен таныс болуы қажет. Мəселелер
туындаған жағдайда ASCO компаниясына немесе оның өкілетті өкілдерінің
бірімен хабарласыңыз.
СИПАТТАМАСЫ
Маңызды денсаулық жəне қауіпсіздік талаптары: MB түріндегі соленоидты
басқару құрылғылары 2014/34/EU еуропалық директивасының II қосымшасына
сəйкес əзірленген. LCIE 03 ATEX 6059 X жəне IECEx 09.0001X EU түріндегі сы-
нау сертификаттары EN-IEC 60079-0, EN-IEC 60079-1, EN-IEC 60079-31 жəне
EN 13463-1 Еуропа стандарттарына сəйкес келеді.
Классификация:
Ex db IIC T6 - T5 Gb
Ex tb IIIC T 85°C - T 100°C Db IP65
EU түріндегі сынау сертификатын www.asco.com сайтынан қараңыз
Қосулы кезде ашпаңыз. Ашу алдындағы күту уақыты: 35 минут
Отқа төзімді корпусы бар МВ түріндегі соленоидты клапан келесі нұсқаларда
қолжетімді:
126 сериялы:
Клапанның корпусы мыстан немесе AISI 316 L тот баспайтын болаттан жасалған.
Тығыздауыштар кремнийорганикалық каучук негізіндегі резеңке қоспадан
жасалған жəне негізінен төмен температурада қолданбалардың кең ауқымы
үшін жарамды болып табылады.
126 сериялы, отқа төзімді корпусы бар соленоидты клапандар төмендегідей
пайдаланылуы мүмкін:
- Келесі функциялардағы (импульсті қолмен басқаруға болатын немесе бол-
майтын) стандартты нұсқа:
селектор
араластырғыш
2/2 NC
2/2 NO
3/2 NC
3/2 NO
2
2
2
2
2
3
1
3
1
3
1
3
1
3
1
2
3
1
2
3
1
- Келесі функциялардағы қолмен қалпына келтірілетін нұсқа:
(жұмыс істету, қуат көзінің үзілуін қалпына келтіру үшін қуатталған шарғымен
қолмен қалпына келтіруді басқаруды талап етеді).
2/2 NC
2/2 NO
3/2 NC
3/2 NO
араластырғыш
2
2
2
2
3
1
3
1
3
1
3
1
Рұқсат етілген дифференциалды қысымды тақтайшадан қараңыз.
ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ
Максималды жылдамдық: Жылына макс. 10 цикл.
Қауіпсіз пайдалану бойынша арнайы шарттар:
ASCO құрамдас бөлшектері идентификациялық тақтайшада көрсетілген
техникалық сипаттардың шеңберінде ғана пайдалануға арналған. МВ түріндегі
электромагнитті басқару құрылғылары (IIA, IIB жəне IIC тобы) газ, бу немесе II
(EPL Gb) тобындағы тұман жəне III (EPL Db) тобындағы шаңнан туындайтын
ықтимал жарылғыш ортада орнатуға арналған.
Бет температурасының классификациясы T6-T5/T85°C-T100°C жəне тақтайшада
көрсетілген номиналды қуат пен қоршаған орта температурасына тəуелді.
• Импульсті қолмен басқаруға болатын немесе болмайтын стандартты нұсқа:
ТЕМПЕРАТУРА КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
MB AТ (~) түріндегі басқару құрылғысы MB ТТ (=) түріндегі басқару құрылғысы
максималды қоршаған орта температурасы. °C
1)
максималды қоршаған орта температурасы. °C
Pn
Pn
беткі температура
беткі температура
T6
T5
T6
(Ватт)
(Ватт)
85°C
100°C
85°C
Оқшаулау класы F (180°C) 100% E.D.
Оқшаулау класы F (180°C) 100% E.D.
19
50
65
15
50
22
-
• Қолмен қалпына келтірілетін нұсқа:
ТЕМПЕРАТУРА КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
MB AТ (~) түріндегі басқару құрылғысы
MB ТТ (=) түріндегі басқару құрылғысы
максималды қоршаған орта температурасы. °C
1)
максималды қоршаған орта температурасы. °C
Pn
Pn
беткі температура
беткі температура
T6
T5
T6
(Ватт)
(Ватт)
85°C
100°C
85°C
Оқшаулау класы F (180°C) 100% E.D.
Оқшаулау класы F (180°C) 100% E.D.
18
50
65
12,5
50
Шарғыда көрсетілген кернеу номиналды кернеуден ±10% аралықта ғана
ауытқиды. A.C.: Түзетілген шарғы құрылысы.
Таңдалған өнімнің тұтынылатын қуатпен үйлесімділігін тексеріңіз.
1) Минималды қоршаған орта температурасы: -40°C (VMQ
тығыздауыштары бар соленоидты клапандар).
Қоршаған орта температурасына/номиналды қуатқа байланысты, шарғыда
көрсетілген температураға жарамды қызуға төзімді кабельді пайдалану керек.
Кабель температурасы:
макс. қуат
мин.
мин.
Макс.
Макс.
айналадағы
айналадағы
T кабелі
T кабелі
AC
DC
T
T
ватт
ватт
°C
°C
°C
°C
70
25
26
28
90
60
80
25
/
34
100
60
70
40
18
19
90
65
80
40
26
28
90
40
/
39
70
60
7
7
80
60
14
15
ЖИНАҚ
Орнатпас бұрын құбыр жүйесіндегі қысымды азайтып, ішін
тазалаңыз.
1. Жоғарғы жағында электромагнитті басқару құрылғысы бар 126 се-
риялы соленоидты клапандар тек тігінен орнатылады (барлық нұсқалар)
(1-сурет / 2-сурет).
2. Жинақтау үшін 3 диаметрлі 6.6 орнату саңылауларын пайдаланыңыз.
3. Пластик қорғаныс тығынын алғаннан кейін порттарды жалғаңыз (нөм. 1,
2 жəне 3).
Маңызды ескертпелер:
-
Құбыр өлшемі клапанның сипаттамалық парақшасында берілген порт
өлшеміне сəйкес келуі тиіс. Қосылымдарды қысқарту дұрыс жұмыс
істемеуге немесе істен шығуға себеп болуы мүмкін.
-
Жабдықтың қорғалуы үшін кіріс жағында пайдаланылатын, қызмет
көрсетуге жарамды торлы сүзгіні немесе сүзгіні өнімге барынша жақын
орнатыңыз.
-
бекіту кезінде таспа, паста, спрей не басқа майлағыш пайдаланылса,
бөлшектерінің жүйеге кіріп кетпеуін қадағалаңыз.
-
Тиісті құралдарды пайдаланып, гайка кілттерін қосылым нүктесіне
барынша жақын орналастырыңыз. Жабдықтың бүлінбеуі үшін құбыр
қосылымдарын ШАМАДАН ТЫС БЕКІТПЕҢІЗ.
2
-
Құбыр қосылымдары өнімге күш түсірмеуі, тартпауы жəне
деформацияға ұшыратпауы керек. Клапанды немесе соленоидты
иінтірек ретінде пайдаланбаңыз.
3
1
34
2
KZ
3
1
2
3
1
ЭЛЕКТРЛІК ҚОСЫЛЫМ
Барлық сым жүргізу жарылғыш орталарда пайдалануға арналған жабдықтарға
қатысты жергілікті жəне ұлттық стандарттарға жəне ережелерге сай келуі
тиіс. Корпус кабель/муфтаны енгізуге арналған (3/4 NPT) бұрандалы
селектор
саңылаумен жабдықталған. Сыртқы сымдар мен кабельдерді жарамды
2
2
жəне дұрыс орнатылған отқа төзімді IECEx-ATEX кабель тығыздауышы
арқылы енгізу қажет.
3
1
3
1
Соленоид корпусының электрлік байланысы бағытын өзгерту
үшін, МІНДЕТТІ ТҮРДЕ төмендегідей орындаңыз:
1 - Орнату бұрандасын(1) жəне кедір-бұдыр гайканы (2) босатыңыз.
2 - Корпусты қажетті позицияға бағыттаңыз.
3 - Кедір-бұдыр гайканы (2) жəне содан кейін орнату бұрандасын (1)
көрсетілген моментпен [a] мықтап бекітіңіз, 3-суреттен қараңыз.
Сымды шарғы клеммаларына жалғамас бұрын, электромагнитті басқару
құрылғысынан қақпақты алып тастаңыз (3) (алып тастау үшін бұраңыз).
Кабельден сыртқы оқшаулануын алып тастаңыз жəне сымдардан бірнеше
миллиметр кесіп алыңыз. Кабельді кабель тығыздауышы арқылы енгізіңіз
жəне сымдарды шарғы (14) клеммаларына (8) жалғаңыз, 5-суретті қараңыз.
Сымдардың шамадан тыс керілу жағдайының алдын алу үшін, кабель
енгізілетін орын мен шарғы арасындағы кабельді жеткілікті түрде салбы-
райтындай етіп қалдырыңыз. Кабель тығыздауышын жинап, эластомерлік
компрессиялық тығыздауышты кабельді тығыз орап алатындай етіп тартыңыз.
Қақпақты (3) жəне оның тығыздауышын (4) қайта жинақтаңыз жəне 4
бұранданы (5) көрсетілген моментпен [b] бекітіңіз. Электромагнитті басқару
құрылғысының корпусы жерге тұйықтау сымына арналған (6) жəне (7) ішкі
жəне сыртқы клеммамен жабдықталған.
1)
ECEx-ATEX үшін кабель қысқышымен I сертификатталған кабель
тығыздауышы жеткізілуі мүмкін:
T5
- диаметрі 8,5 – 16 мм болатын армирленген кабель үшін.
100°C
- 8,5 – 16 мм ID / 12 – 21 мм OD армирленген кабель үшін.
Маңызды ескертпелер:
-
(8), (6) жəне (7) бұранда клеммалары көрсетілген моментпен [d] мықтап
65
бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
65
-
Кернеуге байланысты электрлік құрамдастар жергілікті стандарттар мен
ережелерге сəйкес жерге тұйықталуы қажет.
-
Функционалдық сынақты орындаңыз.
-
Шарғыда көрсетілген кернеу AТ жəне ТТ жұмысына арналған номиналды
кернеуден ±10% аралықта ғана ауытқиды.
-
Қолмен қалпына келтірілетін нұсқа үшін: шарғы қуатталған кезде қолмен
басқаруды іске қосыңыз. Қуат көзінің үзілуін қалпына келтіріңіз.
1)
Қуат көзі идентификациялық тақтайшада көрсетілген ауқым шегінен аспауы
T5
керек. Шарғының номиналды электрлік ауқымы шегінен асып кетсе, шарғы
100°C
зақымдалуы немесе мерзімінен бұрын істен шығуы мүмкін. Бұл сондай-ақ
оның газдар немесе шаңдардан туындайтын жарылғыш ортада пайдалану
сертификатын жарамсыз етеді.
65
ЕСКЕРТУ: Мақұлданбаған қызметкердің электромагнитті басқару
құрылғысынан қақпақты шешім алуына рұқсат етілмейді.
Электромагнитті басқару құрылғысын бөлшектеу немесе қайта жинау кезінде
жанасатын немесе тығыздауыш беттерді зақымдамау үшін сақ болыңыз.
Соленоид қақпағының тығыны жəне соленоид корпусындағы саңылау отқа
қауіпсіз соленоидқа жоғары тығыздылығы бар отқа қарсы қорғаныс береді.
Соленоид қақпағын ашқан немесе орнатқан кезде тығын немесе саңылаудың
зақымдалуын болдырмау үшін аса мұқият болу қажет. Отқа төзімді түйістер
жөндеуге арналмаған. Беткі жақтарын боямаңыз. Алайда, құрастырудан
бұрын түйістердің беткі жақтарына вазелин немесе сабынмен тығыздатылған
макс. қуат
минералды майлар сияқты тотығуды баяулататын майды қолдануға болады.
Қолданылған май ескіру себебімен қатаймайтын, құрамында буланатын
AC
DC
еріткіш болмайтын жəне түйістердің беткі жақтарын тотықтырмайтын түрде
ватт
ватт
болуы тиіс.
Дұрыс емес жинақтау мақұлдаудың жойылуына əкелуі мүмкін.
22
24
25
35
ФУНКЦИЯСЫ
14
15
Көптеген соленоид клапандары ұзақ қызмет ету үшін катушкалармен
жабдықталған. Жеке жарақат алу немесе мүліктің зақымдалуының алдын
алу үшін, қалыпты жұмыс шарттарында қызуы мүмкін электромагнитті
басқару құрылғысына тиіспеңіз. Соленоидты клапанға қол жеткізу оңай болса,
орнатушы кездейсоқ тиіп кетуге қарсы қорғаныспен қамтамасыз етуі қажет.
ДЫБЫСТЫҢ ШЫҒУЫ Дыбыстың шығуы қолданбаға, ортаға жəне пайда-
ланылатын жабдықтар түріне байланысты. Пайдаланушы клапанды жүйеге
орнатқаннан кейін ғана дыбыс деңгейіне нақты анықтама жасай алады.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Клапанды бөлшектеу жəне қайта жинақтау кезінде "ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ"
тарауында берілген барлық "маңызды ескертпелерді" қатаң түрде сақтаңыз.
Орнатушы 1999/92/EC еуропалық директивасына жəне сəйкес стандарттарға
сай əрекет етуге міндетті.
Дене жарақатын алу немесе мүліктің зақымдалу қаупінің алдын алу үшін,
кез келген техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан немесе
пайдалануға беруден бұрын клапанды өшіріңіз де, қысымын азайтып,
желдетіп шығыңыз.
ҚОСУЛЫ КЕЗДЕ Ex d КОРПУСЫН АШПАҢЫЗ.
Корпусты ашпас бұрын тақтайшада жəне осы орнату жəне
техникалық қызмет көрсету нұсқаулығында көрсетілген күту уақытына
назар салыңыз.
Егер техникалық қызмет көрсету кезінде мəселелер орын алса немесе
күмəндансаңыз, ASCO компаниясына немесе оның өкілетті өкілдеріне
хабарласыңыз.
Дене жарақатын алу немесе мүлікке зақым келуін болдырмау үшін,
клапанды пайдалануға бермес бұрын оның дұрыс жұмыс істейтінін
тексеріңіз. Сондай-ақ жарылмайтын жəне тұтанбайтын сұйықтықты
пайдалану арқылы ықтимал ішкі не сыртқы ағуларды (орындар/дискілер)
тексеріңіз.
523716-001
ОРНАТУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
61508 IEC стандартына ("SIL" рұқсаты) сай соленоид операторлары, отқа төзімді корпус, MB түріндегі,
қауіпсіздік қолданбаларына арналған, 126 сериялы соленоидты клапандарға арналған, шығыны аз нұсқасы
Шарғыны бөлшектеу жəне қайта жинау:
Бұл əрекетті тиісті білікті қызметкер орындауы тиіс.
Тақтайшадан көрсетілген күту уақытына назар салыңыз.
Қақпақтағы (3) 4 бұранданы (5) алып тастаңыз.
Қақпақты алу үшін бұраңыз (жанасатын бетті немесе тығыздауышты (4)
зақымдайтындықтан металл құрал-жабдықтарды пайдаланбаңыз).
Барлық қосылымдарды (8) жəне (6 немесе 7) ажыратыңыз (шарғы, жерге
тұйықтау).
Орнату бұрандасын(1) жəне кедір-бұдыр гайканы (2) босатыңыз.
Соленоид корпусын өзек түтігінен бұраңыз жəне жоғары жағынан алып
тастаңыз; шайбаны (9) жəне О тəрізді сақинаны (10) жоғалтып алмаңыз,
3-суретті қараңыз.
Қақпақ саңылауынан шарғыны жəне магнитті тізбек құрылғысын алып
тастаңыз, 8-суретті қараңыз.
Серіппелі шайбаны (11) алып тастаңыз (9-сурет) жəне магнитті тізбекті
бөлшектеңіз: 2 ламинатталған тізбек (12) жəне мөрлік тақша (13), 6-сурет.
Капсула түрінде жеткізілетін маймен өзек түтігін(15) майлаңыз.
Ауыстырылуы керек шарғыны анықтаңыз. Мысалы, шарғыдағы "2521"
кодын қараңыз (= 43002521 шарғы кодын толықтырыңыз), 12 жəне 15-сурет.
Қосалқы шарғы коды ауыстырылуы керек ескі шарғының кодымен
сəйкестігін тексеріңіз. Бақылану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жаңа
шарғыда көрсетілген дайындалған күнді (мысалы, "37/02") жазып қойыңыз,
11-сурет.
Шарғыны (14) тақтайшаға (13) енгізу арқылы құрылғыны бөлшектеңіз.
Екі ламинатталған тізбекті (12) мөрлік тақшаның екі жағына орнатыңыз
(13) 6-сурет.
АБАЙЛАҢЫЗ: Тойтарма бастиектері шарғының резьбаларына орнаты-
лады, ламинатталған тізбектердің шарғыға жақын орнатылғанына көз
жеткізіңіз (14-сурет).
Серіппелі шайбаны (11) жоғарғы ламинатталған тізбекке орнатыңыз жəне
құрылғыны корпусқа қақпақ саңылауы арқылы енгізіңіз, 8-сурет.
Құрылғыны платадағы туралау тесіктері алдыңғы жағында қуат клеммала-
ры бар корпустағы тиісті бос орынға тура келетіндей етіп орналастырыңыз
(14-сурет) жəне құрылғының айналуға қарсы бұғатталғанын тексеріңіз.
Соленоид корпусының жоғарғы жағындағы саңылау арқылы шарғының,
магнитті тізбектің жəне серіппелі шайбаның дұрыс тураланғанын жəне
олардың өзек түтігіне орнату кезінде зақымдалмайтынына көз жеткізіңіз,
13-сурет.
Корпусты қайта жинақтаңыз, кедір-бұдыр гайканы (2) жəне содан кейін
орнату бұрандасын (1) көрсетілген моментпен [a] мықтап бекітіңіз.
Барлық қосылымдарды қайта жалғаңыз.
ЕСКЕРТУ
Қақпақты қайта жинақтаңыз жəне 4 бұранданы (5) көрсетілген моментпен
[b] бекітіңіз.
Функционалдық сынақты орындаңыз. Қолмен қалпына келтірілетін нұсқа
үшін: шарғы қуатталған кезде қолмен басқаруды іске қосыңыз.
Абайлаңыз: Шарғыны ауыстыру кезінде, өнімнің бақылану мүмкіндігін
(міндетті) қамтамасыз ету үшін идентификациялық тақтайшаны тиісінше
белгілеп отырыңыз.
Нөмірі 5-ші бұранданы ауыстыру: тек ажырауға қарсы беріктігі кемінде
700 Н / мм2 болатын бұрандаларды пайдаланыңыз.
Дұрыс емес жинақтау мақұлдаудың жойылуына əкелуі мүмкін.
Пайдаланушы бөлшекті ауыстырған жағдайда соңғы өнімді бақылауға
ASCO компаниясы кепілдік бермейді жəне пайдаланушы арқылы
қамтамасыз етілуі тиіс.
Бөлшектеуді жəне қайта жинақтауды қолмен басқару: (стандартты нұсқа)
Қолмен басқаруды босатыңыз жəне серіппені (16) жəне шайбаны (17)
дұрыс алғаныңызға көз жеткізіңіз жəне бұранданы тазалаңыз, 7-сурет.
Қолмен басқару құралы орнатылған жағдайда, ішпекті (18) босатыңыз
жəне резьбаны тазалаңыз, 7-сурет.
241 желімін резьбаға жəне қолмен басқару құралындағы резьбаға жұқалап
жағыңыз.
САҚТАНДЫРАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Дұрыс ашылып жəне жабылатынына көз жеткізу үшін клапанды əр 6
жылда бір рет пайдаланыңыз. Оның максималды қызмет көрсету мерзімі
24 жыл.
Соленойд корпусының шарғы шығаратын жылудың тиісті түрде тара-
луына мүмкіндік беру үшін, əсіресе үздіксіз режимде пайдалану кезінде,
таза болуын қадағалаңыз.
Төмендегі ішпекті (18) (мысалы бояумен) БӨГЕМЕҢІЗ, 7-сурет.
12 жыл жұмыс істегеннен кейін профилактикалық техникалық қызмет көрсету:
- МВ түрдегі отқа төзімді корпустың барлық ішкі жəне сыртқы
бөлшектерінде ақаулардың немесе зақымдардың жоқ екенін тексеріңіз,
май немесе шаң жиналып қалған жерлерді тазартыңыз.
- Шарғы (14) ауыстырылған, 6-сурет.
- Шығару портын қорғау құралы (19) бітеліп қалмағанын тексеріңіз,
бітелген жағдайда оны ауыстырыңыз, 4-сурет.
- Клапанның тиісті жұмыс істеп тұрғанын тесеріңіз.
Жүйеге бөгде заттың кірмейтіндігіне көз жеткізіңіз.
Шығару порты жалғанбаған болса, портты шығару портын қорғау құралын
орнатыңыз (шығару портын қорғау құралы өніммен бірге беріледі).
Шығыс қысым дұрыс емес: клапанның қуат көзі жағындағы қысымды
тексеріңіз.
Клапан жұмыс істемейді:
- Қуат кернеуінің номиналды тақтайшамен сəйкес екендігіне көз жеткізіңіз.
- Шарғыдағы электрлік қосылымдарды тексеріңіз (тек білікті маман).
Циклдің жоғалуы, əдеттен тыс шу, ағулар:
- Пневматикалық қосылымдардың беріктігін тексеріңіз.
- Клапан жұмысына бөгде заттардың кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.
- Клапанға техникалық қызмет көрсетуді жалғастырыңыз (бізбен
байланысыңыз).
Дене жарақатын алу немесе мүлікке зақым келуін болдырмау үшін, кла-
панды пайдалануға бермес бұрын оның дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
Сондай-ақ жарылмайтын жəне тұтанбайтын сұйықтықты пайдалану арқылы
ықтимал ішкі не сыртқы ағуларды (орындар/дискілер) тексеріңіз.
35
2
2
KZ
3
1
3
1
2
2
3
1
3
1
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
523716-001

Publicidad

loading

Productos relacionados para Asco 126 Serie