және электр құралының жұмысына әсер етуі
мүмкін басқа жағдайларды тексеріңіз. Егер
зақымданса, электр құралын пайдаланбас
бұрын жөндеңіз. Көптеген оқыс оқиғалар дұрыс
қызмет көрсетілмеген электр құралдарына
байланысты орын алады.
• Кескіш құралдарды өткір, әрі таза күйінде
ұстаңыз. Өткір жиектері бар тиісті түрде
қызмет көрсетілетін кескіш құралдар әдетте
жабыспайды және оларды басқару оңай.
• Электр құралын, керек-жарақтарды және
құрал қашауларын жұмыс жағдайлары мен
орындалатын жұмысты ескере отырып, осы
нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз. Электр
құралын өзге мақсаттарда пайдалану қауіпті
жағдайдың орын алуына әкелуі мүмкін.
• Тұтқаларды және ұстау беттерін құрғақ және
таза күйде, майдан және жақпа майдан таза
ұстаңыз. Сырғанақ тұтқалар мен ұстау беттері
қауіпсіз қолдануға және күтпеген жағдайларда
құралды басқаруға мүмкіндік бермейді.
Қызмет көрсету
• Электр құралына білікті жөндеу маманының
тек бірдей қосалқы бөлшектерімен қызмет
көрсетуін қадағалаңыз. Бұл электр құралы
қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Арнайы қауіпсіздік ақпараты
ЕСКЕРТУ
Бұл бөлімде осы құралға қатысты маңызды
қауіпсіздік ақпараты бар.
Электр тогының соғу, өрт, жарылу не ауыр дене
жарақаты қаупін азайту үшін ілгері-кейінді араны
пайдаланбас бұрын осы сақтық шараларды
мұқият оқыңыз.
КЕЙІНГІ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ
ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ!
Пайдаланушының
нұсқаулықты құрылғымен сақтау үшін құралды
тасу дорбасында бөлім көзделген.
Ілгері-кейінді араның қауіпсіздігі
• Жұмысты орындаған кезде электр құралын
(ілгері-кейінді араны) оқшауланған ұстау
беттерінен ұстаңыз, себебі қосалқы кесу
құралында
жасырын
өзінің сымы болуы мүмкін. Қосалқы кесу
999-995-148.09_REV. B
пайдалануы
үшін
жалғамалар
RS-570 ілгері-кейінді арасы
құралы «кернеулі» сымға тиген кезде электр
құралының ашық металл бөліктері «кернеулі»
болуы мүмкін және пайдаланушыға электр
тогы соғуы мүмкін.
• Жұмыс бөлшегін тұрақты тұғырға бекітіп
ұстату үшін бекіткіштерді немесе басқа
ыңғайлы құралды пайдаланыңыз. Жұмыс
бөлшегін қолмен не денеңіздің алдында
ұстаған кезде оның орнықтылығы төмендеп,
қадағалауды жоғалтып алуыңыз мүмкін.
• Үнемі тиісті көзді қорғау және құлақты
қорғау құралын киіңіз. Ара төсемдері сынуы
не шытынауы мүмкін. Аралаған кезде ұшуы
не көзге түсуі мүмкін жоңқалар/бөлшектер
шығуы мүмкін. Аралаған кезде уақыт өте келе
есту қабілетін зақымдауы мүмкін жоғары шу
деңгейлері байқалады.
• Үнемі тиісті жеке қорғаныш жабдығын
пайдаланыңыз.
жеңдер, қорғаныш аяқ киімі, дулыға, тозаң
пердесі және басқа тиісті жабдық жарақат алу
қаупін азайтады.
• Құрылғыны пайдаланған кезде бос киім
кимеңіз. Жеңдер мен күртелерді тағулы
сақтаңыз. Құрылғыға қолыңызды созбаңыз.
Киімді құрылғы тартып, нәтижесінде оралып
қалуы мүмкін.
• Бөгде адамдарды жұмыс аумағына жібермеңіз.
Жұмыс аумағы айналасында ең аз 6 фут (2 метр)
бос орын қалдыру үшін қоршаулар немесе
қалқалар орнатыңыз. Бөлшектер не сынған ара
төсемдері ұшып, жұмыс жүргізілетін аумақтан
тыс орында жарақаттауы мүмкін. Жұмыс бөлшегі
айналасында бос орынды қамтамасыз ететін
қоршау не қалқа жарақат қаупін азайтады.
• Қолдарыңызды ілгері-кейінді ара төсемдерінен
алыс ұстаңыз. Төсемді не жұмыс бөлшегін қолдану
алдында төсемнің әбден тоқтауына мүмкіндік
беріңіз. Бұл әдіс қозғалатын бөлшектердің шатысу
ықтималдығын азайтады.
• Ілгері-кейінді араны түрлендірмеңіз не басқа
мақсатта пайдаланбаңыз. Араны басқаша
пайдалану немесе басқа қолдану түріне өзгерту
осы
құралды зақымдауы, саптамаларды зақымдауы
және/немесе дене жарақатына әкелуі мүмкін.
• Үнемі құралмен берілетін тіреуіш құрылғыны
пайдаланыңыз. Жұмыс бөлшегін тиісті түрде
тіреңіз. Жұмыс бөлшегінің орнықты тұғырға
бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Пайдалану кезінде
басқаруды жоғалту дене жарақатына әкелуі
мүмкін.
не
Бет
қалқандары,
ұзын
383