Descargar Imprimir esta página

Stihl RM 3.1 RT Manual De Instrucciones página 496

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 113
Назар аударыңыз – жазатайым
оқиғаның қаупі бар!
Көгалшапқыш тек көгалды шабуға ғана
арналған. Оны басқа мақсатпен
қолдануға болмайды, себебі бұл адам
үшін қауіпті жəне жабдық үшін зиянды
болуы мүмкін.
Пайдаланушының денсаулығына қауіп
төнетіндігіне байланысты
көгалшапқышты келесі жұмыстар үшін
қолдануға болмайды (тізбесі толық
емес):
– бұталарды, тірі қоршамдарды, тал-
шілікті кесу үшін,
– шырмалағыш өсімдіктерді бұтау
үшін,
– үй төбесіндегі жəне балкон
жəшіктеріндегі гүлзарды күту үшін,
– ағаштар мен бұта кесуді ұсақтау
жəне бұтау үшін,
– жаяу жүргінші жолдарын тазарту
үшін (шаңсорғыш арқылы немесе
үрлеу əдісімен),
– топырақтың кедір-бұдыр жерлерін,
мысалы, ін көртышқанының қазған
жерлерін тегістеу.
Қауіпсіздік мақсатында STIHL
компаниясы рұқсат еткен керек-
жарақтардың дұрыс орнатылымынан
басқа, құрылғы құрылымына кез келген
өзгерістер енгізуге тыйым салынады,
сонымен қатар, мұндай əрекеттер
кепілдіктің жойылуына əкеледі. Рұқсат
етілген керек-жарақтар туралы
мəліметтерді STIHL делдалынан біліп
алуға болады.
494
Сонымен қатар, іштен жанатын
қозғалтқыш пен электр қозғалтқыштың
айналу жиілігіне немесе қуаттылығына
əсер ететін құрылғыны қолмен
қозғалтуға тыйым салынған.
Құрылғыны зат, жануарлар мен
адамдарды, əсіресе балаларды
тасымалдау үшін пайдалануға тыйым
салынады.
Қоғамдық орындар, парктер, спорт
алаңшаларында, жолда, ауыл жəне
орман шаруашылығында пайдаланған
кезде өте сақ болу қажет.
Назар аударыңыз! Діріл
денсаулыққа қауіп
төндіреді! Дірілге
байланысты тым артық
жүктеменің түсуіне орай, əсіресе қан
айналымының сырқаттарынан зардап
шегетін адамдарда қан айналымының
сырқаттары немесе жүйке жүйесінің
ауруы пайда болуы мүмкін. Діріл
жүктемесінен пайда болуы мүмкін
симптомдар анықталған жағдайда
дəрігерге қаралыңыз.
Көбінесе тіс, алақан немесе білек
тұсында пайда болатын симптомдар
мынадай (тізімі толық емес):
– апатия,
– аурулар,
– бұлшық ет əлсіздігі,
– терінің пигменттенуі,
– жағымсыз қышыма.
Жұмыс барысында бас тұтқаны екі
қолмен жəне арнайы жерлерінен берік,
бірақ тым қатты емес ұстаңыз.
Жұмыс уақытын ұзақ мерзімді жоғары
жүктемелерге жол бермейтіндей етіп
жоспарлаңыз.
4.2 Жанар-жағар май толтыру -
бензинді қолдану ережесі
Өміріңіз үшін қауіпті!
Бензин - улы əрі оңай тұтанатын
зат болып табылады.
Бензинді тек осыған арналған жəне
сертификатталған сыйымды
ыдыстарда (канистраларда) ғана
сақтаңыз. Сұйыққоймалардың
қақпақтарын əрқашан дұрыс бұрап
алып, дұрыс бұраңыз. Қауіпсіздік
талаптарына орай ақаулықтары бар
қақпақтарды жаңасына ауыстырған
жөн.
Жанармай секілді қолданыс
материалдарын пайдаға асыру жəне
сақтау мақсатында, сусындардың
бөтелкелері мен соған ұқсас заттарды
ешқашан қолданбаңыз. Бөтен адамдар,
əсіресе балалар, осы бөтелкенің
ішіндегісін ішіп қоюы мүмкін.
Бензинді жанып тұрған оттан,
жылу қайнарларынан жəне
ұшқынның басқа да ықтимал
қайнарларынан алшақ
ұстаңыз. Шылым шекпеңіз!
Жанармайды тек ашық ауада құйыңыз.
Жанар-жағар майды құйған кезде
шылым шекпеңіз.
Жанар-жағар май құяр алдында,
қозғалтқышты сөндіріңіз жəне
суытыңыз.
Қозғалтқышты қосар алдында оған
бензин құйыңыз. Жұмыс істеп тұрған
немесе əлі суымаған қозғалтқыштың
жанармай багын ашуға жəне оған
бензин құюға болмайды.
0478 111 9954 A - KK

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 3 rt