Пышақты ауыстыру немесе
монтаждау кезінде шапқыш
пышағының бекіткіш
элементтерін (мысалы, пышақ
бұрандамасы, қорғауыш шайба)
ауыстыру керек. Қосалқы
бөлшектерді STIHL
делдалдарынан сатып алуға
болады.
17. Қоршаған ортаны
қорғау
Шабылған шөпті қоқысқа
тастамай, олардан компост
жасау керек.
Орауыштар, құрылғы жəне
керек-жарақтар қайта өңдеуге болатын
материалдардан өндірілген жəне
сəйкесінше кəдеге жаратылуы тиіс.
Қалдық материалдарды экологияға
зиян келтірмейтіндей бөлек жинау
екіншілік шикізат материалдарын қайта
пайдалану мүмкіндігін арттырады.
Сондықтан қалыпты пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін құрылғыны екіншілік
шикізат материалдарын қабылдау
орындарына өткізу қажет. Кəдеге
жаратқан кезде «Кəдеге жарату»
бөліміндегі мəліметтерді қаперге
алыңыз. (
4.9)
Қалдықтарды тиісінше кəдеге жарату
тəртібін білу үшін өз қалаңыздағы
Пайдаға асыру орталығына немесе
делдалдарға хабарласыңыз.
0478 111 9954 A - KK
18. Сəйкестік бойынша
мəлімдеме
18.1 STIHL RM 3.1 RT
көгалшапқышының ЕО талаптарына
сəйкестік мəлімдемесі
STIHL Tirol GmbH
Hans Peter Stihl-Straße 5
6336 Langkampfen
Австрия
төмендегіні толық жауапкершілікпен
жариялайды:
– Конструкция: көгалшапқыш
– Фабрика таңбасы: STIHL
– Түрі: RM 3.1 RT
– Кесу ені: 48 см
– Сериялық нөмірі: 6361
2000/14/EC, 2006/42/EC, 2014/30/EU
жəне 2011/65/EU директиваларының
тиісті талаптарына сəйкес келеді жəне
төмендегі стандарттардың өндірілген
күнінде жарамды болған нұсқаларына
сəйкес əзірленіп өндірілді: EN ISO 5395-
1, EN ISO 5395-2 жəне EN 14982
(қолданылуына қарай).
Өкілетті орган:
TÜV Rheinland LGA Products GmbH
Tillystraße 2,
90431 Nürnberg, DE
Есептелген жəне кепілді дыбыстық қуат
деңгейінің көрсеткіштері 2000/14/EC
директивасының VIII қосымшасына
сəйкес анықталды.
RM 3.1 RT
– Есептелген дыбыстық қуат деңгейі:
95,2
– Кепілді дыбыстық қуат деңгейі: 96
Техникалық құжаттар STIHL Tirol GmbH
компаниясының иелігінде.
Өндірілген жылы мен машина нөмірі
көгалшапқыш корпусында көрсетілген.
Langkampfen, 05.05.2021
STIHL Tirol GmbH
м.а.
Matthias Fleischer, Зерттеу жəне
өнімдерді əзірлеу бөлімінің бастығы
м.а.
Свен Циммерман, сапаны бақылау
жөніндегі негізгі бөлім бастығы
18.2 Сəйкестік белгісі
Кеден одағының техникалық
нормалары мен
талаптарының сақталуын
растайтын ЕАС
сертификаттары жəне сəйкестік туралы
өтініштер жөніндегі ақпарат, төменде
келтірілген, www.stihl.ru/eac сондай-ақ
STIHL компаниясының кез келген елдегі
өкілдігінде қол жетімді.
509