25° ылди тіктігі - 46,6 см тік өріне жəне
100 см көлденең ұзындығына сай
келеді.
Бұйымды қолданған кезде
қозғалтқыштың жеткілікті майлауына
кепіл беру үшін, асып қойған кезде,
аспаппен бірге жеткізілетін іштен
жанатын қозғалтқышты пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтағы деректерге
қосымша назар аударыңыз.
Жұмыстың басталуы:
Жарақат алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектерге
қолдарыңызды немесе
аяқтарыңызды тигізуге
болмайды.
Көгалшапқыш
қосылмайынша, пышақты
тексеруге əрекеттенбеңіз.
Айналып жатқан пышақ жарақаттануға
əкелуі мүмкін.
Құрылғының қолданысы жүрістің
жылдамдығына негізделген - жұмыс
уақытында жүгіруге болмайды.
Құрылғымен бірге жылдам қозғалған
кезде: сүрініп қалу, тайғанап кету жəне
т.б. нəтижесінде жарақат алу қаупі
төнеді.
0478 111 9908 N - KK
Шапқыштың бағытын өзгертіп жатқан
кезде немесе оны өзіңізге қарай тартқан
кезде өте абай болыңыз.
Абай болыңыз: сүрініп қалуыңыз
мүмкін!
Еңістер, алқап жиектері, арықтар мен
бөгеттердің жанында жұмыс істеген
кезде құрылғыны абайлап
пайдаланыңыз. Əсіресе мұндай қауіпті
жерлерден жеткілікті қашықтықта
болуын қадағалаңыз.
Қыртыстағы жасырын нысандарды
(көгалда бүрку жабдығы, діңгектер, су
клапандары, іргетастар, электрлік
сымдар жəне т.б.) өткізіп жіберу керек.
Мұндай бөгде заттардың үстінен
ешқашан жүргізбеңіз.
Кескіш құрал
ажыратылғаннан кейін толық
тоқтағанға дейін біршама
уақыт өтетінін естен
шығармаңыз.
Төмендегі жағдайларда іштен жанатын
қозғалтқышты сөндіріңіз, жұмыс істеп
тұрған жұмыс құралының тоқтауын
күтіңіз жəне от алдыру білтесі сымының
штекерін суырыңыз:
– құрылғыны қалдырсаңыз немесе ол
бақылаусыз қалса,
– толтыру алдында. Іштен жанатын
қозғалтқыш суығанда ғана жанармай
құйыңыз.
Өрт қаупі бар!
– шабу механизмінің корпусындағы
бұғаттауды босату немесе бітелген
жерлерін кетіру алдында,
– құрылғыны көтеріп алып,
тасымалдау алдында,
– құрылғыны тасымалдау алдында,
– шапқыш пышақпен жұмыс істеу
алдында,
– құрылғыны тексеріп тазарту алдында
немесе өзге де жұмыстарды жүргізу
алдында (мысалы, бас тұтқаны
жинау, кесік биіктігін реттеу,
лақтырманың қақпағын ашу немесе
жабу),
– бөгде заттар түсіп кетсе немесе
көгалшапқыш өте қатты дірілдесе.
Бұл жағдайда құрылғыда, əсіресе
кескіш бөлікте (пышақ, кесетін десте,
пышақтың бекіткіші) зақымдалған
жерлерінің бар-жоғын тексеріңіз
жəне құрылғыны іске қосып, оның
жұмысын жалғастырмас бұрын
қажетті жөндеу жұмыстарын
орындаңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Қатты дірілдер əдетте
ақаулықтың белгісі болып
табылады.
Көгалшапқыштың, əсіресе,
кесетін дестесі майысқан немесе
шапқыш пышағы зағымданған
немесе майысқан болса, оны
қолдануға болмайды.
Қандай да кеңестер қажет болған
жағдайда, барлық қажетті
жұмыстарды кəсіпқой маманға
орындауға беріңіз – VIKING
компаниясы VIKING
делдалдарын ұсынады.
Іштен жанатын қозғалтқышты мына
жағдайда сөндіріңіз,
– құрылғыны шөп алаңына жəне одан
кері тасығанда,
– құрылғыны тақыр жерге сүйретіп
əкелер алдында,
– құрылғыны тасымалдау мақсатында
аудару қажет болғанда.
503