көшірілетін бұрышқа қол жеткізу үшін өлшеу құралын
жылжыту қажет бағытты көрсетеді. Сақталған еңіске
жеткенде, дыбыстық сигнал беріліп, туралау көмекші
құралдары (a) сөнеді.
– Қалыпты өлшеу режиміне қайтып оралу үшін Hold/Copy
(22) түймесін қайтадан қысқаша басыңыз. H индикаторы
дисплейде үздіксіз көрсетіледі.
– Жаңа мәнді жадқа сақтау үшін Hold/Copy (22) түймесін
ұзақ басыңыз.
– Hold мәнін жою үшін қосу/өшіру түймесін (19) қысқаша
басыңыз.
Нөлдік нүктені өзгерту
Көлбеу жерлерді (мысалы, 45°) оңайырақ тексеру үшін
өлшеудің нөлдік нүктесін өзгертуге болады.
Өлшеу құралын, мысалы, анықтамалық дайындамаға қою
арқылы жаңа қажетті нөлдік нүкте өлшеу мәні ретінде
көрсетілетіндей етіп туралаңыз (мысалы, 45,1°). Alt 0° (18)
түймесін басыңыз. Өлшеу мәні (d) және өзгертілген нөлдік
нүктенің индикаторы (e) жыпылықтайды.
Шамамен өлшенген мәндерді өлшеу мәні (d) жыпылықтап
тұрғанда өзгертуге болады: сақталған өлшеу мәнін арттыру
үшін индикация мәнін арттыру түймесін (20) және сақталған
өлшеу мәнін кішірейту үшін (мысалы, 45,1° шамасынан
45,0° шамасына) индикация мәнін кішірейту түймесін (21)
басыңыз. Түйме соңғы рет басылғаннан кейін 3 секунд
ішінде көрсетілген еңіс мәні жаңа анықтамалық мән ретінде
жадқа сақталады.
Өлшеу индикаторында (d) жаңа нөлдік нүктеге негізделген
ағымдағы өлшеу мәні көрсетіледі, туралау көмекші
құралдары мен дыбыстық сигналдар да жаңа нөлдік нүктеге
негізделеді. Мысал: көлденең сызық негізіндегі 43,8°
шамасындағы еңісте және 45° шамасындағы сақталған
нөлдік нүктеде өлшеу мәні ретінде 1,2° көрсетіледі.
0° шамасындағы стандартты нөлдік нүктеге қайтып оралу
үшін қосу/өшіру түймесін (19) қысқаша басыңыз. Бұл ретте
Hold мәні де жойылады.
Еңістерді жанасусыз өлшеу/көшіру
Лазердің көмегімен еңістерді ұзақ қашықтарда да жанасусыз
өлшеуге немесе көшіруге болады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Белгілеу үшін әрдайым тек лазер нүктесінің ортасын
u
пайдаланыңыз. Лазер нүктесінің көлемі қашықтықпен
өзгереді.
Еңістерді өлшеу үшін өлшеу құралын лазер сәулесі
өлшенетін жазықтықтың бойымен өтетіндей етіп туралаңыз.
Еңістерді көшіру үшін өлшеу құралын қажетті еңіс өлшеу
мәні (d) ретінде көрсетілетіндей етіп туралап, еңісті лазер
нүктесінің көмегімен мақсатты жазықтықта белгілеңіз.
Нұсқау: еңістерді лазердің көмегімен көшірген кезде лазер
өлшеу құралының астыңғы жиегінен 30 мм шамасына
шығып тұруын қамтамасыз етіңіз.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру және
калибрлеу
Өлшеу дәлдігін тексеру (E суретін қараңыз)
Маңызды өлшеу әрекеттерін орындамас бұрын,
температураның шұғыл өзгерістерінен кейін және қатты
соққылардан кейін өлшеу құралының дәлдігін тексеріңіз.
45°-тан кем еңістерді өлшемес бұрын, тексеру тегіс,
шамамен көлденең жазықтықта, ал 45°-тан артық еңістерді
өлшемес бұрын, тегіс, шамамен тік жазықтықта орындалуы
тиіс.
Өлшеу құралын қосып, көлденең немесе тік жазықтыққа
қойыңыз.
° өлшем бірлігін таңдаңыз(қараңыз „Өлшем бірлігін
ауыстыру (A суретін қараңыз)", Бет 162).
10 секунд күтіп, өлшеу мәнін жазып алыңыз.
Өлшеу құралын тік ось бойынша 180°-қа бұраңыз. Тағы
10 секунд күтіп, екінші өлшеу мәнін жазып алыңыз.
Өлшеу құралын екі өлшеу мәнінің айырмашылығы
u
0,1°-тан артық болғанда ғана калибрлеңіз.
Өлшеу құралын өлшеу мәндерінің айырмашылығы
белгіленген күйде (тік немесе көлденең) калибрлеңіз.
Көлденең жанасу беттерін калибрлеу (F суретін қараңыз)
Өлшеу құралы қойылатын жазықтық көлденең сызықтан ең
көбі 5°-қа ауытқуы тиіс. Ауытқу осы шамадан артық болса,
калибрлеу ‑‑‑ индикаторымен тоқтатылады.
Bosch Power Tools
Қазақ | 163
1 609 92A 58J | (29.11.2019)