5. ПАЙДАЛАНУ
КӨЛБЕУ БҰРЫШЫН РЕТТЕУ
ЕСКЕРТУ! Өніммен жұмыс істеу алдында, әрқашан өнімнің өшірілгенін және
батарея блогының алынғанын тексеріңіз.
Табан пластинасын көлбеу кесу үшін солға немесе оңға 45°-қа қисайтуға болады.
Әрдайым кесу бұрышын қажетінше реттеңіз.
1. Алтықырлы кілтті пайдаланып, алтықырлы болтты сағат тіліне қарсы бұрап
босатыңыз.
2. Табан пластинасын қажетті күйге бұрыңыз. Табан пластинасының тек 0° және
45°-та құлыптау нүктелері бар. Басқа көлбеу бұрыштарын транспортир арқылы
реттеуге болады.
3. Сосын табан пластинасын ара жүзіне қарай мүмкіндігінше итеріңіз.
4. Алтықырлы болтты алтықырлы кілтпен қайта бекітіңіз.
ШАҢДЫ/ЖОҢҚАНЫ ШЫҒАРУ
ЕСКЕРТУ! Жұмыс орнын таза ұстап тұру үшін, осы өнімді пайдаланған кезде
шаң жинағыш құрылғыны бекітіңіз! Бұл өніммен жұмыс істеген кезде шаңнан
қорғау маскасын тағып жүріңіз! Шаң денсаулыққа зиянды болуы мүмкін!
Әсіресе, өңделген ағаштың жаңқалары мен шаңы, мысалы, антисептик пен
морилка!
Тиісті шаң жинағыш құрылғыны бекітіңіз, мысалы, шаңсорғыш адаптеріне тиісті
шаңсорғышты (Ø35 мм).
1. Шаң шығару түтігін көлбеу бұрыш пластинасының саңылауына сырт етіп
тоқтағанша енгізуге болады.
2. Шаң шығару түтігінің шаңсорғыш адаптеріне тиісті шаңсорғыштың ұзын сабын (35
мм) енгізіңіз.
БАТАРЕЯНЫ ЕНГІЗУ
Тек электр құралының пластинасының түрінде көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа
ұсынылған литий-ионды батареяларды ғана пайдаланыңыз. Басқа батареяларды
пайдалану адам жарақатына немесе өрттің шығуына әкелуі мүмкін.
Ескертпе: Электр құралына сәйкес емес батареяларды пайдалану электр құралының
ақаулығына және зақымдалуына әкелуі мүмкін. Зарядталған батареяны қосылып,
орнына нық орнатылғанына шейін батарея блогының ұстағышына енгізіңіз.
ҚОСУ/ӨШІРУ
Электр құралын іске қосу үшін алдымен өшіру қосқышын басыңыз Қосу/өшіру
ауыстырып-қосқышын басыңыз да, ұстап тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын босатыңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздік мақсатында қосу/өшіру ауыстырып-қосқышын құлыптау мүмкін
емес; ол жұмыс барысында басулы болуы керек.
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
UA
KZ
RO
BR
EN
249