Descargar Imprimir esta página

Dremel Versatip 2000 Manual De Instrucciones página 60

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 30
ЖИНАҚ ҚҰРАМЫ
A. Қақпағы бар құрал
B. Қақпақты салатын қалта
C. Пішіндеу пышағы
D. Кең қыздырғыш бастиек
E. Шағылыстырғыш
F.
Дәнекерлегіш ұштыққа арналған қалта
G. Қосымша бос қалта
H. Кесу пышағы
I.
Ыстық ауаға арналған ұштық
J.
Дәнекерлегіш ысқышы бар қорап
K. Ыстық ұштықтарға арналған қорап
L.
Дәнекерлейтін қалайы
M. 2 кілтке арналған қалта
Dremel Versatip құрылғысын пайдаланбас бұрын
оталдыру қосқышынан картон қақпақты алыңыз.
БАЛЛОНДЫ ТОЛТЫРУ (ҚАЙТА ТОЛТЫРУ)
Dremel Versatip құрылғысы сұйық бутан арқылы
жұмыс істейді. Пайдаланайын деп жатқан газ
оттықтарда да пайдалануға болатын тазартылған
бутан екеніне көз жеткізіңіз.
Құрал мен контейнерді 8-суретте көрсетілгендей
ұстаңыз. Содан кейін бутан контейнеріндегі
нұсқауларды орындай отырып, баллонды сұйық
бутанмен толтырыңыз. Сұйық бутан толтыру
клапанынан аға бастаған кезде, баллон толады.
БАЛЛОНДЫ ШАМАДАН ТЫС
ТОЛТЫРМАҢЫЗ!
ЖҰМЫСҚА КІРІСУ
Dremel Versatip құралы балалар қауіпсіздігіне
арналған механизммен жабдықталған. Бұл
механизм балалардың (кездейсоқ) тұтандыруынан
қорғауы үшін, екі қолмен жасалатын әрекетті
орындау қажет.
1.
Dremel Versatip құрылғысын оталдыру үшін 2
және 3-суретті қараңыз.
2.
Керамикалық оқшаулағыш оталдырғаннан
кейін қыза бастайды. Бұлай болмаса, 1
және 2-қадамды қайталаңыз. Dremel Versatip
құрылғысы суық кезде оталдырғанда қысқаша
ысқырық дыбыс шығуы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай және құралдың бір жері дұрыс емес
дегенді білдірмейді.
* Ескертпе: құралды оталдыру ыңғайлы болу үшін
жалыннан қорғайтын қондырманы дұрыс орнату
қажет.
Оталдыру қосқышы босатылған кезде, газ ағыны
автоматты түрде өшеді және Dremel Versatip
құралы тоқтап, ақырын салқындай бастайды.
Dremel Versatip құралын үздіксіз басқару үшін 2, 3
және 4-суреттегі қадамдарды орындаңыз. Dremel
Versatip құралын өшіру үшін, оталдыру қосқышын
босатып, құлыптау түймесін оң жаққа бұрыңыз
(5-сурет). Бұл бутан ағынын дереу тоқтатады.
АШЫҚ ЖАЛЫНМЕН ПАЙДАЛАНУ
Dremel Versatip құралын ашық жалынмен
пайдалану үшін, жалыннан қорғайтын қондырманы
бұрап шығарыңыз, белсендіргішті (және тіркелген
болса ұштықты) алып тастаңыз, жалыннан
қорғайтын қондырманы құралға қайта бұраңыз
және жалыннан қорғайтын қондырма гайкасын
мықтап бекемдеңіз.
ЖАЛЫН ҰЗЫНДЫҒЫ МЕН ТЕМПЕРАТУРАСЫН
РЕТТЕУ
Тұтандырғаннан кейін белсендіргіштің қыза
бастағанын тексеру арқылы құралдың қосулы
екеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін жалын ұзындығы
мен температурасын арттыру үшін жалынды
басқару иінтірегін оңға, ал жалын ұзындығы
мен температурасын азайту үшін солға қарай
жылжытыңыз. Ашық жалынды немесе ыстық
ауаны пайдаланған кезде, Dremel Versatip құралы
тұтандырғаннан кейін дереу тиісті температураға
жетеді. Ұштықтардың қызуы үшін 25 секунд күтіңіз.
ҰШТЫҚТАРДЫ ОРНАТУ НЕМЕСЕ АУЫСТЫРУ
ҮНЕМІ ҚҰРАЛДЫҢ ТОЛЫҚ САЛҚЫНДАҒАНЫН
КҮТІҢІЗ.
Жасау қажет жұмысқа сай келетін ұштықты
пайдаланайын деп жатқаныңызға көз жеткізіңіз.
Құралға мінсіз сәйкес келетін ұштықтарды ғана
пайдаланыңыз. Бос бекітілген ұштықтар жалынның
бақылаудан шығып, қауіпсіз болуына әкелуі мүмкін.
Ұштықтарды пайдалану үшін белсендіргішті орнату
қажет. Белсендіргішті орнату үшін, жалыннан
қорғайтын қондырма гайкасын бұрап шығарып,
жалыннан қорғайтын қондырманы алып тастаңыз.
Белсендіргішті жалыннан қорғайтын қондырмаға
тар бөлігін сыртқа қаратып сырғытыңыз.
Жалыннан қорғайтын қондырма мен белсендіргішті
құралдағы орнына орналастырыңыз да, жалыннан
қорғайтын қондырма гайкасын мықтап бекемдеңіз.
Дәнекерлегіш ұштығы, кесу пышағының ұштығы,
пішіндеу пышағының ұштығы және ыстық ауа беру
ұштығын белсендіргішке бұрап бекітуге болады.
Жұмыс бастиегін 7 мм-лік кілттің көмегімен
бекемдеңіз. Ұштықты алып тастау үшін, 7 мм-лік
кілттің көмегімен ұштықты бұрап шығарыңыз.
Қажет болса, белсендіргішті орнында ұстап тұру
үшін, 8 мм-лік кілтті пайдаланыңыз.
Кең қыздырғыш бастиек ұштығы мен
шағылыстырғыш ұштығын белсендіргіш шетіне
қарай сырғытып апаруға болады. Оларды алып
тастау үшін белсендіргіштен сырғытып шығарыңыз.
САПТАМАНЫ ОРНАТУ / АУЫСТЫРУ
БҰРЫН ҮНЕМІ ҚҰРАЛДЫҢ ТОЛЫҚ
САЛҚЫНДАҒАНЫН КҮТІҢІЗ.
Бутанның лас болуына байланысты саптама бітеліп
қалуы мүмкін. Құралдың қызмет ету мерзімін
ұзарту үшін, саптаманы ауыстыруға болады. Егер
60
ҰШТЫҚТАРДЫ АЛУ НЕМЕСЕ
АУЫСТЫРУДАН БҰРЫН
САПТАМАНЫ ОРНАТУ
НЕМЕСЕ АУЫСТЫРУДАН

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

2000 versatip