Жеке Қауіпсіздік - Dremel 4200 Traducción De Las Instrucciones Originales

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 21
(ЕLСВ). Жерге жылыстаудан қорғану құрылғысын
пайдалану электр тоғының соғу қаупін төмендетеді.
ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
a. Мұқият болыңыз. Электр құралмен жұмыс
істеген кезде істеген ісіңізді қадағалаңыз. Егер
шаршасаңыз, есірткінің, спирт ішімдіктерінің
əсерінде болсаңыз немесе дəрі ішсеңіз электр
құралмен жұмыс істемеңіз. Электр құралды
пайдалануда бір сəттік абайсыздық елеулі
жарақаттарға алып келуі мүмкін.
b. Жеке қорғану құралдарын қолданыңыз.
Əрқашан қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Шаңға
қарсы респираторлар, сырғанамайтын қорғану
аяқ-киімі, қорғану шлемі немесе есту мүшелерін қорғау
құралдары сияқты жеке қорғану құралдарын жұмысқа
жəне қолданылатын электр құралға байланысты
жарақат алу қатерін төмендетеді.
c. Электр құралдың байқаусызда қосылуына
жол бермеңіз. Қоректендіру көзіне жəне/немесе
батареяға қосар алдында, сонымен қатара көтеру
немесе орнын ауыстыру кезінде электр құралдың
сөндірулі болуына көз жеткізіңіз. Электр құралды
тасымалдау алдында қоректендіру көзін сөндіріңіз, ал
құралды көтергенде саусағыңызды ажыратқышта
ұстамаңыз. Осы шараларды сақтамау жазатайым
оқиғаға алып келуі мүмкін.
d. Электр құралды қосқанға дейін баптау үшін
қолданылған құралдар мен кілттерді алып
тастаңыз. Құрал немесе электр құралдың айналмалы
бөлігіндегі кілт жарақаттарға алып келуі мүмкін.
e. Жұмыс кезінде құралды өте алыс тартпаңыз.
Əрқашан тұрақты қалыпта тұрыңыз жəне
тепе-теңдікте болыңыз. Осы арқылы электр құралы
стандартты емес жағдайларда жақсы бақыланады.
f. Арнайы киім киіңіз. Кең киім кимеңіз жəне
əшекей тақпаңыз. Шашыңызды, киім мен қолғапты
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім,
əшекей немесе ұзын шаш электр құралдың айналмалы
бөлшектері тартып кетуі мүмкін.
g. Шаңсорғыш жəне шаңтұтқыш құрылғыларды
орнату мүмкіндігі болған жағдайда олардың
дұрыс қосылуын жəне қолдануын тексеріңіз. Осы
құрылғыларды пайдалану шаңның əсер ету қаупін
азайтады.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖƏНЕ
ОНЫ КҮТУ
a. Электр құралды артық жүктемеңіз. Осы
электр құралға арналған Сіздің жұмысыңыз
үшін қолданыңыз. Сіз қолайлы электр құралмен
көрсетілген қуат диапазонында жақсы жəне сенімді
жұмыс істейсіз.
b. Бұзылған ажыратқышы бар электр құралмен
жұмыс істемеңіз. Қосылмайтын немесе сөнбейтін
электр құрал қауіпті жəне жөнделуден өтуі тиіс.
c. Электр құралды жөндеуді бастағанға,
керек-жарақтарды ауыстырып немесе жұмыстарды
тоқтатқанға дейін штепсель ашасын желі
розеткасынан ажыратыңыз жəне/немесе
аккумуляторды шығарыңыз. SОсы сақтандыру
шарасы құралды оқыс қосылуының алдын алады.
d. Қолданылмаған электр құралдарды балалардың
қолы жетпейтін орындарда сақтаңыз. Электр
құралды қолдануды білмейтін немесе осы
нұсқауларды оқымаған адамдардың оны
қолдануына жол бермеңіз. Электр құралдар
тəжірибесі жоқ адамдардың қолында қауіпті.
e. Электр құралды жұмыс күйінде ұстаңыз. Электр
құралдың қозғалмалы бөлшектерінің дəлдігін
жəне ілінісуін тексеріңіз, сынықтарды уақытында
анықтауға жəне электр құралдың жұмысқа
қабілеттілігіне кері əсер ететін зақымдануларды
болдырмауға тырысыңыз. Зақымданған бөлшектері
электр құралды қолданғанға дейін жөнделуі тиіс.
Электр құралдарға жеткіліксіз қызмет көрсету
жазатайым оқиғалардың себебі болуы мүмкін.
f. Кескіш аспаптарды өткір жəне таза күйде
сақтаңыз. Дұрыс күтілген жəне кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
g. Электр құралын, керек-жарақтарды, жұмыс
құралын жəне т.б. осы нұсқауларға сəйкес
пайдаланыңыз, бұл сəйкесінше құрал түрі үшін
əзірленген. Бұл жағдайда жұмыс талаптарын
жəне орындалатын жұмысты ескеріңіз. Электр
құралдарды қарастырылмаған жұмыстар үшін қолдану
қауіпті жағдайлардың туындауына алып келуі мүмкін.
ЖӨНДЕУ
a. a. Электр құралыңызды жөндеуді тек білікті
персоналға ғана тапсырыңыз жəне тек түпнұсқа
қосалқы бөлшектерді қолданыңыз. Осы арқылы
электр құралдың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
КӨП ФУНКЦИОНАЛДЫ ҚҰРАЛҒА
АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК
ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
ҚАЙРАУҒА, ТЕГІСТЕУГЕ, СЫМДЫ
ЩЕТКАМЕН ТАЗАЛАУҒА, ЖЫЛТЫРАТУҒА ЖƏНЕ
АБРАЗИВТІ КЕСУГЕ АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК
ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
a. Осы электр құралы тегістеу машинасы, егеуқұм
қағазымен немесе сымды щеткамен тегістеу
машинасы, жылтырату машинасы, нақытауға
немесе кесуге арналған машина ретінде қолдануға
арналған. Электр құралына қоса берілетін барлық
техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауларды,
ескертпелерді, суреттерді жəне мəліметтерді
ескеріңіз. Осы келесі нұсқауларды сақтамау тоқ
соғуына, өртке жəне/немесе ауыр жарақаттарға алып
келуі мүмкін.
b. Өндірушімен осы құрал үшін арнайы
қарастырылмаған жабдықтарды қолданбаңыз
жəне оларды қолдану ұсынылмайды. Сіздің электр
құралыңыздағы керек-жарақтарды бекіту мүмкіндігі
оны сенімді қолдануға кепілдік бермейді.
c. Тегістеу керек-жарақтары үшін рұқсат етілген
айналымдар саны электр құралында көрсетілген
рұқсат етілетін максималды айналымдар санынан
кем болмауы тиіс. Рұқсат етілген жылдамдықтан
артық айналатын керек-жарақтар жарылуы мүмкін.
d. Жұмыс құралының сыртқы диаметрі мен
қалыңдығы Сіздің электр құралыныздың қуатына
сай келуі тиіс. Өлшемдері сəйкес келмейтін жұмыс
құралдары лайықты дəрежеде қорғалмауы жəне
бақылаудан шығуы мүмкін.
e. Тегістеу дөңгелектері, ернемектер, тегістеу
тəрелкелері немесе басқа да жабдықтар cіздің
электр құралыңыздың шпинделіне берік
орнатылуы тиіс. Электр құралының шпинделіне берік
орнатылмаған жұмыс құралдары соғылып айналады,
қатты дірілдейді жəне бақылауды жоғалтуы мүмкін.
f. Шпиндельде орнатылған тегістеу шеңберлері,
тегістеу барабандары, кескіштер немесе басқа
керек-жарақтар түгел цангаға немесе патронға
салынуы тиіс. Егер шпиндель айтарлықтай жақсы
бекітілмесе жəне/немесе дисктің ұшуы өте көп
болса, орнатылған диск ажыратылып жəне үлкен
жылдамдықпен ұшып кетуі мүмкін.
g. Ақауы бар жұмыс құралдарын пайдаланбаңыз.
Пайдаланар алдын əрқашан тегістеу дөңгелектерінің
сынықтары мен сызаттарын, тегістеу
81

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

4200-4/75

Tabla de contenido