b. Соғылуды жəне теңгерімді жоғалтуды азайту
үшін керек-жарақты цангаға мүмкіндігінше
тереңдетіп салыңыз (2).
™
c. EZ Change
иінтіректерін босатыңыз (3).
d. Қондырманы толықтай бекіту үшін EZ Change
иінтірегін алдыңғы бөлігіне (бекіту) қысыңыз.
Қондырманың тиісті түрде бекітілгеніне көз
жеткізіңіз. Нашар бекітілген керек-жарақтар
оқыстан жылжып немесе басқаруды жоғалта
отырып ажырап кетуі мүмкін. қолданылған
керек-жарақтың артқы ілмегінің өлшеміне сəйкес
келетін цанганы қолданыңыз.
Егер жұмыс кезінде керек-жарақ сырғанаса,
құралды жөндеуге тапсыру керек.
e. Сіз жəне төңірегіңіздегі барлық адамдар жұмыс
құралының айналу жазықтығының шектерінен
тыс орынды алуы тиіс жəне көп функционалды
құралды ең жоғары айналу жылдамдығына
бір минут қосу керек. зақымданған жұмыс
құралдары көп жағдайларда тексеру кезінде
жарылады.
Дауысы мен сезулер бойынша керек-жарақтың
теңестірілгендігін анықтауға болады.
Керек-жарақты реттеу немесе теңестіру үшін
™
EZ Change
иінтіректерін ақырындап тартыңыз
жəне керек-жарақты ¼ айналымға бұрыңыз.
Иінтіректерді босатыңыз жəне құралды қосыңыз.
Ең жақсы теңгерімге қол жеткізу үшін осыған
ұқсас процедураларды жалғастырыңыз.
ҚОНДЫРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Dremel 4200 сіздің құралыңыздың функционалды
мүмкіндіктерін ұлғайтатын əртүрлі қондырмалармен
жабдықтауға болады.
Төменде көрсетілген қондырмалар сіздің
жиынтығыңызға кірмейді. Тек тексерілген,
жоғары өнімділікті Dremel қондырмаларын
ғана қолданыңыз! Сіз қондырмаларға Dremel
сервис орталығы арқылы тапсырыс бере аласыз
немесе қондырмалар мен керек-жарақтардың
үйлесімділігі туралы ақпарат алу үшін сайт
www.dremel.com. сайтына кіріңіз.
1. Дəл, тиянақты жұмыс істеу үшін немесе қол
жетпейтін орындар үшін Flexible Shaft (225) икемді
білікті қолданыңыз. 1-суретті қараңыз.
Оңтайлы өнімділік үшін өзіңіздің жаңа
икемді білігіңізді қолданар алдында екі минут
бойы жоғары жылдамдықпен тік қалпында
айналдырыңыз.
2. 90 жəне 45 градус дəл бұрыштармен тегістеу
үшін Dremel Shaping Platform (576) қалыпты
платформаны қолданыңыз. 1-суретті қараңыз.
3. Өзіңіздің көп функционалды құралыңызды
бақылауды жақсарту үшін Dremel Detailer's Grip (577)
тұтқасын қолданыңыз. 1-суретті қараңыз.
4. Əртүрлі материалдарды басқара отырып кесу үшін
кесуге арналған Multipurpose Cutting Kit (565/566)
əмбебап жиынтығын қолданыңыз. 1-суретті қараңыз.
5. Қабырға немесе еден плиткалары арасындағы
цементті кетіру үшін қабырғадан жəне еденнен
цементті кетіруге арналған Wall & Floor Grout
Removal Kit (568) жиынтығын қолданыңыз. 1-суретті
қараңыз.
6. Жақсы саңылауларды жəне түзу қиықтарды жасау
үшін сызықтық жəне циркулярлы кескішті Line &
Circle Cutter (678) қолданыңыз. 1-суретті қараңыз.
7. Қол жетпейтін орындарда керек-жарақтарды тік
бұрышпен қолдану үшін Right Angle Attachment (575)
аспабын қолданыңыз. 1-суретті қараңыз.
8. Шаң жəне ұшқындардан қорғау үшін Comfort Guard
™
Attachment аспабын қолданыңыз. 1-суретті қараңыз.
ПАЙДАЛАНУ
Құралдың қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін ең
алдымен қиықтарда жаттығып көріңіз.
Сіздің көп функционалды құралыңыз дұрыс
таңдалған жылдамдықпен жəне Dremelтүпнұсқа
керек-жарақтарымен жəне тіреулерімен жақсы
жұмыс істейді. Құралды жұмыс басталатын
нүктемен жанасуын сезіну үшін өңделетін бетке
ақырындап жақындатыңыз. Тек шамалы күш
жұмсай отырып, құрылғының дайындаманы
бойлай қозғалысын қадағалаңыз. Егер құрал
сіздің көз қарасыңыз бойынша тиісті түрде
кеспейтін болса, оған қысымды ұлғайтудың
қажеті жоқ. Талап етілген нəтижеге қол жеткізу
үшін басқа тіреуді қолданыңыз немесе басқа
жылдамдықты таңдаңыз.
Егер процесті бірнеше кезеңге бөлсе, нəтиже
жақсы болады. Жұмысқа оңтайлы келу – бұл
жақсы бақылау жəне дəл нəтиженің кепілі.
ҚҰРАЛДЫ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ҰСТАУ КЕРЕК
Құралда симметриялы конструкция жəне жұмсақ қабаты
бар. Құрал көптеген қалыптарда қолайлы бекітіледі.
Əрқашан құралды бетіңізден қашық ұстаңыз.
Керек-жарақтар жұмыс кезінде зақымдауы мүмкін
жəне жылдамдықты асырған кезде құралдын
шығып кетуі мүмкін.
Жұмыс кезінде желдету саңылауларын қолмен
жаппаңыз. Осы саңылауларды бұғаттау құралдың
қозғалтқышының қызып кетуіне алып келуі мүмкін.
1. Құралды қолданар алдында оның салмағын жəне
теңгерімін сезіне отырып, оны қолыңызбен ұстап
«сезініңіз».
2. Нəзік жұмысты істеу кезінде жақсы бақылау үшін
құралды қарындаш сияқты бас бармақ жəне сұқ
саусақтарыңызбен ұстаңыз. 1-суретті қараңыз.
3. Тегістеу немесе кесу сияқты күрделі жұмыстарды
орындау үшін екі жақты қармауды қолданыңыз.
1-суретті қараңыз.
ҚҰРАЛДЫ ҚОСУ
Құрал электр қозғалтқыш корпусының жоғарғы
бөлігінде тұрған ауыстырып қосқышпен қосылады жəне
сөндіріледі.
1. Электр қоректендіру ашасын розеткаға салыңыз.
2. Ажыратқышты алдыға қарай жылжытып, құралды
қосыңыз.
3. Ажыратқышты артқа қарай жылжытып, құралды
сөндіріңіз.
Жұмыс құралы толық тоқтағанға дейін электр
құралды қолыңыздан ешқашан шығармаңыз.
Айналмалы жұмыс құралы тіреу бетіне ілініп
қалуы мүмкін жəне сіз оны бақылаудан шығарып
алуыңыз мүмкін.
ДҰРЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫН ОРНАТУ
Құрал айналу жылдамдығын реттегішпен жабдықталған.
Сіз жұмыс кезінде реттегіште қажетті қалыпты таңдай
отырып, жылдамдықты реттей аласыз.
84