Tupperware MandoChef Manual Del Usuario página 49

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 13
KK
Бірнеше пішінді тілімдерге, фриге, сабанға, шаршыға, ромбыға, иіндерге және
вафлиге жылдам кесу мүмкіндігін беретін Time Savers Mandoline кәсіби көкөніс
кескіш құралын таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Пайдалану және күту жөніндегі нұсқауларды тиянақты оқып шығуыңызды
өтінеміз, себебі нұсқауларды ұстану арқасында ұзақ жылдар бойы өнімнің
жоғары сапалы қызметінен рақаттанасыз.
a
s
D
F
Электр қуатын үнемдеп, қоршаған ортаны қорғау үшін ыдыс жуғыш машинада
төмен температуралы бағдарламаны пайдаланыңыз.
Құрастыру нұсқаулары
! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Жүздеріне тимеңіз, себебі олар өте өткір. Сапасы
жоғары жүздер барынша аз күш жұмсап кесуге арналған және оларды өте сақ
пайдалану керек.
• Mandoline құралының шеттерінен екі қолыңызбен ұстап, абайлап
тасымалдаңыз.
• Сақтау жәшігінде (f) 2 жүз ендірме (g және h) салынуы мүмкін. Пайдалану
алдында оны Mandoline жақтауының төменгі бөлігінен (a) алып түсіріңіз және
барлық құрамдастар жуылып бөліктер құрғатылғаннан кейін қайта орнына
салыңыз. Оны жақтау астынан босату үшін сақтау жәшігі жағындағы шығыңқы
жерін пайдаланыңыз.
• Жүздер ендірмелерін (g немесе h) Mandoline жақтауынан (a) құралдың
бүйірлерінде орналасқан 2 шығыңқы жермен босатуға болады. 3-суретте
көрсетілгендей бас бармағыңызды жүздің ендірмесі шығыңқы жерінің үстіндегі
жақтауға қойыңыз. Сұқ саусағыңызды шығыңқы жерлердің астына қойып,
жүздің ендірмесін жақтаудан абайлап шығарыңыз.
• Жүздің ендірмесін (g немесе h) орналастыру үшін, жүздің ендірмесін бекітпес
бұрын 2 білікті жақтау саңылауларына сырғытыңыз. Сырт ету дыбысы жүздің
ендірмесі дұрыс орынға түскенін білдіреді.
• Аяғын (d) кеңейтілгенше аша беріңіз. Mandoline құралын ас үстеліне немесе
тостаған үстіне қоюға болады.
Пайдалану алдында сақтау жәшігі (f) алынып, Mandoline құралы қауіпсіз
және тегіс бетте болғанын тексеріңіз.
Mandoline құралымен тілімдер, фри, сабан, шаршы, ромбы, иіндер және вафли
жасай аласыз. Белгілі бір пішіндерді жасау жөніндегі көрнекі нұсқауларды
қосымша пайдаланушы парағынан қараңыз (4).
• Бұрмас бұрын алдымен (b және c) түймешіктерді өзіңізге қарай тартыңыз.
• Дөңгелек түймешік (b) тілімдердің мм қалыңдығын білдіреді. Түймешікті түрлі
күйлерге бұрауға болады. Тілімдер қалыңдығын реттеу үшін қажетті қалыңдық
деңгейіне қарай күйді 0 және 9 аралығында өзгертуге болады. Қалыңдық
тілінген тағам түріне және тағам бағыттауышына қолданылған күшке қарай
әр түрлі болуы мүмкін (i). Жоғарғы табақты жүздер үстіне орналастыру үшін
түймешікті құлып күйіне бұраңыз.
• Үшбұрышты түймешік (c және 2) біріктірілген жолақты жүздермен оңай
реттелетін жүйені басқарады.
Оны 3 күйге бұрауға болады:
құлып күйі ( ), бұл күйде жоғарғы табақ үстінде жүздер көрсетілмейді,
күйінде жолақты жүздердің қатары 6 мм жолақтар жасайды,
6
күйінде жолақты жүздердің қатары 9 мм жолақтар жасайды.
9
• Орнатқаннан кейін Mandoline құралы пайдалануға дайын болады. Тағам
бағыттауышын (i) тағамға (5) қарай екі колыңызбен басыңыз. Тағамның тағам
бағыттауышында қалуы үшін тағам биіктігін реттеңіз. Барлық істерді орындаған
кезде Mandoline құралын аяқ тұтқасы арқылы бір қолыңызбен ұстаңыз және
тағам бағыттауышын (i) екінші қолыңызбен ұстаңыз.
• Тағам ағыттауышын (i) кесу бетімен қатар ұстаңыз және бағыттау және метал
жүзге тигізбеу үшін ұшын пайдаланыңыз.
• Тілуді жеңілдету үшін бірқалыпты қимыл жасаңыз.
G
J
H

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido