1-ші бөлім
Capitolo 1
Seggiolino da bicicletta per bambini OKBABY BODY GUARD
OKBABY BODY GUARD велосипедке арналған бала орындығы
қыстырылып қалмас үшін арнайы материалмен қаптаңыз (арнайы бөлшек
сауда орындарынан алуға болады).
Велосипед бұрылған кезде бала доңғалаққа тиіп кетпес үшін артқы
доңғалақтың қапталын арнайы қорғаныс жақтаушасымен тасалаңыз.
Велосипедтің тұрақтылығын арттыру үшін берік әрі орнықты стендпен
жабдықтауды ұсынамыз.
Бала орындықта отырған кезде велосипедтің ешбір қауіпсіздік жүйесін, кілтін
не басқа да блок-жүйесін іске қосып жібермейтіндігіне көз жеткізіңіз.
Бала орындығынан басқа ешбір жүк не қосымша қондырғыны
тасымалдамаңыз.
ЕСКЕРТУ Егер жүк не қосымша қондырғы тасымалдау қажет болса, оны
велосипедтің орындық орнатылған жағына қарама-қарсы орнатыңыз, мысалы
орындық артта болса қосымша жүкті алдыңғы жаққа, не керісінше.
Дұрыс орнатылмаған бала орындығы оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін!
ЕСКЕРТУ Орындықты өзгертпеңіз.
Орындықты ең алғаш пайдаланбас бұрын:
Орындықты орнатып оның ішіне баланы отырғызып болған соң велосипедті
тексеріп көріп оның тепе-теңдігі мен салмағының өзгергеніне жолға шықпас
бұрын көз жеткізіп алыңыз.
Жолға шықпас бұрын әрқашан:
1) Негізгі тіректі тексеріңіз: Ол өз орнына дұрыс орнатылуға тиіс.
Бекіту блогының қауіпсіздік кнопкасының дұрыс басылғандығын тексеріңіз.
Негізгі тіректің дұрыс орнатылған не орнатылмағанын оны жоғары тартып
көру арқылы тексеріңіз.
2) Бекіту блогының бұранда шегелерінің берік бұралғанын тексеріңіз. Бұл
қозғалмауға және/не жақтау үстінде сырғымауға тиіс. Бұларды мезгіл-мезгіл
тексеріп отырыңыз.
3) Бала орындығы орнатылған соң тежегіш не велосипедтің басқа да
қозғалып тұрған бөлшектерінің – педаль, артқы доңғалақ қызметіне еш
кедергі жасамайтындығын не олардың орындыққа еш бөгет болмайтындығын
тексеріңіз.
4) Велосипедтің барлық бөлшектері бірге жеткізілгенін тексеріңіз.
5) Қауіпсіздік белдігін қолданбау бала өміріне қатер төндіреді! Тіптен
барар жеріңіз алыс болмаса да қорғаныс белдігін әрқашан салып отырыңыз.
Қорғаныс белдігі қолайлы, бірақ иықтан сырғып кетпейтіндей болуға тиіс.
Егер орындық бос болса, белдікті бекітіңіз әйтпесе ол кез келген бөгетке
оралып қалуы мүмкін. Бала босап кетпес үшін аяқ тартқыштарды да әрқашан
салып отырыңыз.
6) Орындық пен оның жастықшасы ұзақ уақыт күн астында қалса ысып кетеді.
Баланы отырғызбас бұрын орындық пен оның жастықшасының аса ысып
кетпегенін тексеріңіз.
7) Бала мен оның киімі велосипедтің қозғалып тұрған бөлшектеріне,
нақты айтқанда оның аяғы доңғалаққа тиіп не саусақтары тежегіштің
механизмдеріне не орындық отырғышын тірейтін серіппелерге түсіп
қалмайтындығын тексеріңіз.
Бала өскен сайын осы келтірілген мәселелерді тексеріп отырыңыз.
8) Баланың велосипед үстіндегі қандай да бір өткір затқа тиіп кетпеуіне,
мысалы тежегіштің ескірген не бүлінген кабельдерін ұстап қалуына жол
бермеңіз.
Пайдаланушыға және жинауға арналған нұсқаулық
Pagina 4
4-ші бет
LIB093R01EU Өңдеуі: 03-2010
1/2-ші бөлім
Capitolo 1
Seggiolino da bicicletta per bambini OKBABYBODY GUARD
OKBABY BODY GUARD велосипедке арналған бала орындығы
Жүргізу барысында:
Велосипедтті орындықта отырған баламен бірге, тіптен велосипед орнықты
жерде дұрыс тұрса да қалдырмаңыз. Егер бала орындықта отырса
велосипедтті әрқашан жүргізуші ұстап тұру керек.
Қозғалмай тұрған баланың ауа-райын (жел, суық т.б.) басқаша
қабылдайтындығы есіңізде болсын.
Балаға сай келетін киім кигізіңіз.
Баланы жаңбырдан қорғаңыз.
Ең алғаш қолданар алдында және содан кейін де баланың салмағы мен
бойын мезгіл-мезгіл өлшеп көріп, орындық көтере алатынына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ! Бала орындықта отырған кезде велосипед басқаша болуы
мүмкін. Әсіресе оның теңгерімі мен басқарылуына, тежегішіне мән беріңіз.
ЕСКЕРТУ! Бала орындықта отырған кезде велосипедті ешқашан тұраққа
қойып кетпеңіз.
ЕСКЕРТУ! Орындықтың қандай да бір бөлшегі сынса, іске қолданбаңыз.
2
Дұрыс пайдалану
BODY GUARD бала орындығы салмағы 9-дан 22 кг шейін және/не тоғыз
айлық сәбиден 6 жасар баланы көтеруге арналып жасалған және пайдалануға
рұқсатталған. Орындықты пайдаланбас бұрын бала өздігінен тік отыра алуға тиіс.
Орындықты велосипедке не педалі электр моторының көмегімен іске қосылатын
велосипедтерге орнатуға болады; оны велосипедтен басқа екі доңғалақты
көлік түріне (мысалы, скутер, мотоцикл, мопед т.с.) орнату ережелерге сай
келмейтіндіктен рұқсатталмайды.
Бала орындығы жинауға қатысты суретте көрсетілгендегідей жүргізушінің арт
жағындағы отырғыштың астындағы жақтаудың тірегіне орнатылады. Басқаша
пайдалануға болмайды.
Пайдаланушыға және жинауға арналған нұсқаулық
Pagina 5
5-ші бет
LIB093R01EU Өңдеуі: 03-2010