7-ші бөлім
Capitolo 1
Seggiolino da bicicletta per bambini OKBABY BODY GUARD
OKBABY BODY GUARD велосипедке арналған бала орындығы
7
Пайдаланушы нұсқаулығы
1-ші сурет:
Аяқ қойғыштарды қалпына келтіріп
орнату:
Аяқ тартатын таспаны реттегіш білікшенің
(B) сыртқы жағынан шығарыңыз. Аяқ
қойғыштардың (15) биіктігін реттеу үшін
тетікті (16) жоғары қарай бұраңыз, дұрыс
орынды тауып алған соң тетікті төмен
қарай бұрап аяқ қойғышты бекітіңіз. Аяқ
тартатын таспаны салыңыз.
2-ші сурет:
Баланың аяғын тартқышпен тарту және
одан босату. Баланың аяғын бір орында
ұстап тұру үшін, аяқ тартатын таспаны
реттегіш білікшенің (3 A сурет) ішкі
жағына салыңыз да, содан кейін сырт (3
B сурет) жағына бекітіңіз. Аяқ тартатын
таспаны босату үшін әрекетті кері
орындаңыз.
Бала аяғының аяқ қойғышқа тартқыш
арқылы байланып тұрғандығын тексеріңіз.
Қорғаныс белдігі оңай реттеуге ыңғайлы
болу үшін ұзын етіп жасалған.
ҚАУІПТІ! Аяқ тартқыш таспалар
доңғалақтың инелеріне оралып
қалмас үшін, оларды әрқашан реттегіш
білікшелердің екі жағына іліп қойыңыз.
ЕСКЕРТУ! Баланың аяғындағы
тартқышты қатты тартпаңыз, себебі
ол баланы ауыртып не болмаса аяғының
тартылып қалуына себеп болады.
ҚАУІПТІ! Аяқ қойғышты орнатып
болған соң баланың аяғын өз
бетінше шығарып ала алмайтындығына
көз жеткізудің маңызы аса зор. Баланың
аяғы шығып кетпес үшін оны тартып
тексеріп көріңіз.
ҚАУІПТІ! Балаңыз аяғын өз аяқ
киімінен суырып алып, аяқ киімі аяқ
қойғышта қалып қоюы мүмкін; мұндай
жағдай орын алмас үшін оның аяқ
киімінің бауы дұрыс байланып не салынып
тұрғандығын әрқашан тексеріңіз.
Пайдаланушыға және жинауға арналған нұсқаулық
Pagina 12
12-ші бет
16
1
A
B
2
A
B
3
LIB093R01EU Өңдеуі: 03-2010
7-ші бөлім
Capitolo 1
Seggiolino da bicicletta per bambini OKBABYBODY GUARD
OKBABY BODY GUARD велосипедке арналған бала орындығы
3а сурет:
Балаға қорғаныс белдігін әрқашан
тағып отырыңыз
Белдіктің биіктігі мен ұзындығын
баланың салмақ/ұзындық өлшемдеріне
сай реттеңіз.
Белдіктің биіктігін орнату:
биіктігін реттеу үшін, отырғыш
арқалығының арт жағындағы
қапсырманы саңылауға (3b e 3c суреті)
қарай аз-аздап жылжыта отырып белдікті
тартыңыз. Белдіктің биіктігін баланың
бойына сай келтіріп орнату үшін үстіңгі
және астыңғы саңылауларды таңдап
алыңыз.
Белдіктің ұзындығын орнату:
Белдіктің ұзындығын ондағы
қыстырғыштарды жылжыту арқылы
реттеңіз. Белдік баланы қысып
тастамайтындай, бірақ берік бекітілуге
тиіс.
ЕСКЕРТУ! Орындықтың биіктігін
әрқашан баланың бойына қарап реттеңіз
(3d сурет).
Қорғаныс белдігі жүйесін бекіту:
Белдік қыстырғышын бекіту.
Белдік қыстырғышы өз орнына дұрыс
қондырылғанын тексеріңіз де белдікті
тартып көріңіз.
ҚАУІПТІ! Белдікті тағу қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін маңызды шара әрі ол
әрқашан тағылып тұруға тиіс.
Жолға шықпас бұрын әрқашан оның дұрыс
бекітілгенін тексеріңіз. Белдік тақпаған
баланың өміріне қатер төніп тұр!
4-ші сурет:
Қыстырғыштың екі түймешігін (алдыңғы
және артқы) де бір уақытта қатар
басыңыз. Қыстырғыш ашылады.
МАҢЫЗДЫ/ЕСКЕРІМ: Қыстырғыш алынған
жағдайда қауіпсіздік жоғарғы деңгейде
сақталады деп кепілдік беру оңай емес.
5-ші сурет:
Бала орындығын алу.
Бекіту блогындағы (7) түймешікті басыңыз
да бала орындығын алыңыз.
Пайдаланушыға және жинауға арналған нұсқаулық
Pagina 13
13-ші бет
3a
CLICK
3b
3c
4
5
LIB093R01EU Өңдеуі: 03-2010