2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Осы құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғылар мен заттардың арасындағы
минимум қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай
болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы
мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есіктің жанына немесе
терезенің астына қоймаңыз. Бұл есік
немесе терезе ашылған кезде ыстық
ыдыстар құрылғыдан құлап кетпеу үшін
қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Фанера, ас үйге арналған жақтау
материал не басқа жанбайтын
материалдан оқшаулағыш панель
жасап, оны құрылғының астыңғы
жағынан кірмеу үшін орнатыңыз.
• Бөлгіш панель пештің астыңғы
жағындағы аумақты толық жабуы керек.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруы керек.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай
тұрып, құрылғының электр желісінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Техникалық ақпарат тақтасындағы
параметрлердің негізгі қуатпен
жабдықтау желісіндегі электр
параметрлеріне сәйкес келетініне көз
жеткізіңіз.
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз
жеткізіңіз. Босап қалған және дұрыс
жалғанбаған электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ағытпаны өте
ысытып жіберуі мүмкін.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
• Электр сымдарының оратылуына жол
бермеңіз.
• Электр қатерінен сақтандыру
құралының орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Сымды тартылудан босататын
қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға
жалғаған кезде электр сымы немесе
ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға
немесе ыстық ыдысқа тиіп кетпес үшін
абай болыңыз.
• Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш
сымды қолданбаңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына
(бар болса) зақым келтірмеу үшін абай
болыңыз. Зақым келген электр сымын
ауыстырту үшін біздің уәкілетті қызмет
көрсету орталығына немесе электршіге
хабарласыңыз.
• Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы
бар бөлшектерді электр қатерінен
қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп
мықтап орнату керек.
ҚАЗАҚ
161