Descargar Imprimir esta página

Stihl RMA 443.3 PV Manual De Instrucciones página 451

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 61
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
кейін ғана бөгде затты алып
тастаңыз.
■ Егер жұмыс кезінде қозғалғыш механизм
жетегінсіз жұмыс істелсе, қозғалғыш
механизм жетегі байқаусызда қосылып
кетіп, көгалшапқыш қозғала бастауы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және мүлікке
зиян келтірілуі мүмкін.
► Қозғалғыш механизм жетегін қосу керек
болса ғана, қозғалғыш механизм
жетегінің ауыстыру тұтқасын
қолданыңыз.
■ Жұмыс барысында көгалшапқыштан діріл
туындауы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Жұмыс арасында үзіліс жасап отырыңыз.
► Егер қансырау белгілері пайда болса:
дәрігерге жүгініңіз.
■ Егер жұмыс кезінде пышақ бөгде затқа
тисе, пышақ немесе оның бөліктері
зақымдалуы немесе жоғары жылдамдықпен
ұшып шығуы мүмкін. Адамдар жарақат
алуы және мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Жұмыс аймағынан бөгде заттарды алып
тастаңыз.
■ Шабуға арналған қосқыш тұтқа босатылған
кезде де, пышақ біраз уақыт айналып
тұрады. Адамдар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша күтіңіз.
■ Егер айналып тұрған пышақ қатты затқа
соғылса, ұшқын пайда болуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанатын ортада өрт
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы немесе өлім жағдайы орын алуы,
сондай-ақ мүлікке залал келтірілуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын ортада жұмыс
істемеңіз.
■ Егер көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Көгалшапқыштың тұтқасын тегіс және
өздігінен жылжып кетпейтін жерде ғана
босатыңыз.
■ Егер бас тұтқаға қандай да бір заттар
бекітілетін болса, көгалшапқыш қосымша
салмақтың әсерінен аударылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Бас тұтқаға ешқандай заттарды
бекітпеңіз.
Қауіп
■ Егер жұмыс ток өтіп тұрған кабельдердің
жанында жүргізілсе, пышақ ток өткізгіш
0478-131-9870-B
кабельдерге тиіп, оларды зақымдауы
мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат алуы
немесе өлім жағдайы орын алуы мүмкін.
► Ток өтіп тұрған кабельдердің жанында
жұмыс істемеңіз.
■ Егер жұмыс күн күркіреуі кезінде жүргізіліп
жатса, пайдаланушыға найзағай түсуі
мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат алуы
немесе өлім жағдайы орын алуы мүмкін.
► Күн күркіреген кезде: жұмыс істемеңіз.
■ Шұғыл еңіс жерлерде жұмыс істегенде
артық жүктеме түскен жағдайда, қозғалғыш
механизм жетегі өшіп қалады. Нәтижесінде
пайдаланушы кенеттен көбірек итеру күшін
қолдануы керек болады және осылайша
көгалшапқышты бақылау мүмкіндігінен
айырылуы мүмкін. Көгалшапқыш жеке
салмағына байланысты пайдаланушыға
қарай домалап кетуі мүмкін.
► Беткейдің көлденең бойымен шабыңыз.
Көгалшапқышты бақылау мүмкіндігінен
ешқашан айырылмай жұмыс істеу үшін
тұрақтылықты сақтаңыз.
4.8
Тасымалдау
4.8.1
Көгалшапқыш
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш тасымалдау кезінде
аударылып немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Көгалшапқышты төңкерілмейтіндей және
қозғалмайтындай етіп кергіш
таспалармен, белдіктермен немесе
тормен бекітіңіз.
■ Қозғалғыш механизм жетегінің өшірулі
күйінде тасымалдау кезінде аккумулятор
салынған болса, қозғалғыш механизм
жетегі кенет іске қосылуы мүмкін және
көгалшапқыш қозғала бастайды. Адамдар
ауыр жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
қазақ
451

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Rma 448.3 pvRma 453.3 pv