Descargar Imprimir esta página

Stihl RMA 443.3 PV Manual De Instrucciones página 463

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 61
18 Қызмет көрсету
Көгалшапқыш тұрақты және оны тазалауға
болады.
17.2
Көгалшапқышты тазалау
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
► Лақтырма науасын жұмсақ щеткамен
немесе дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
► Аккумулятор бөлімінен бөгде заттарды
шығарып, бөлім ішін дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
► Аккумулятор бөліміндегі электрлік
түйіспелерді жаққышпен немесе жұмсақ
щеткамен тазалаңыз.
► Желдету ойықтарын жаққышпен тазалаңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
► Пышақ айналасындағы аймақты және
пышақты ағаш таяқшамен, жұмсақ
щеткамен немесе дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
Нұсқау
■ Құрылғы жоғары қысымды тазалағышпен
немесе ағынды сумен тазаланса, оған
зақым келуі мүмкін.
► Құрылғыны жоғары қысымды
тазалағышпен немесе ағынды сумен
тазаламаңыз.
17.3
Аккумуляторды тазарту
► Аккумуляторды ылғалды шүберекпен
тазартыңыз.
18 Қызмет көрсету
18.1
Пышақты бөлшектеу және
монтаждау
18.1.1
Пышақты бөлшектеу
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
0478-131-9870-B
► Пышақты (1) ағаш кесіндісімен (2) тіреп
қойыңыз.
► Шайбасы (3) бар бұранданы көрсеткі
бағытымен бұрап шығарыңыз да, алып
тастаңыз.
► Пышақты (1) шығарып алыңыз.
► Бұранданы (3) шайбасымен бірге кәдеге
жаратыңыз.
Пышақты (1) бекіту үшін шайбалы жаңа
бұранданы пайдаланыңыз.
18.1.2
Пышақты монтаждау
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
► Шайбасы (1) бар бұранданың ирек
оймасына Loctite 243 фиксаторын жағыңыз.
► Пышақты (2) тірек бетіндегі шығыңқы
жерлер ойықтармен жанасатындай етіп
орнатыңыз.
► Бұранданы шайбамен (1) бұраңыз.
► Пышақты (2) ағаш кесіндісімен (3) тіреп
қойыңыз.
► Шайбасы (1) бар бұранда 60 Нм тарту
моментімен тартыңыз
18.2
Пышақты қайрау және
теңгеру
Пышақты дұрыс қайрау және теңгеру үшін көп
жаттығу қажет.
STIHL компаниясы пышақты қайрау және
теңгеру жұмыстарын STIHL делдалына
тапсыруға кеңес береді.
Делдалдардың нақты мекенжайларын
www.stihl.com мекенжайы бойынша жергілікті
STIHL өкілдігінен алуға болады.
Сақтандыру
■ Пышақтың кескіш жиектері өткір.
Пайдаланушы кесіліп қалуы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
қазақ
463

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Rma 448.3 pvRma 453.3 pv