қазақ
4.8.2
Аккумулятор
Сақтандыру
■ Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер аккумулятор қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне ұшыраса,
онда аккумулятор бұзылуы және бүлінуі
мүмкін.
► Жарамсыз аккумуляторды
тасымалдамаңыз.
■ Аккумуляторды тасымалдау кезінде, ол
төңкерілуі немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды қаптамаға салғанда, ол
жылжымауы керек.
► Қаптаманың жылжымайтындығына көз
жеткізіп, оны бекітіңіз.
4.9
Сақтау шарттары
4.9.1
Көгалшапқыш
Сақтандыру
■ Балалар көгалшапқыштың қауіптілігін тани
және бағалай алмауы мүмкін. Балалар
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Көгалшапқышты балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
■ Көгалшапқыштағы электр түйіспелері мен
металл бөлшектері ылғалдан коррозияға
ұшырауы мүмкін. Көгалшапқыш
зақымдалуы мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Көгалшапқышты таза және құрғақ күйде
сақтаңыз.
■ Егер сақтау барысында аккумулятор
салынған болса, пышақ пен қозғалғыш
механизм жетегі кенет қосылуы мүмкін.
Адамдар ауыр жарақат алуы және мүлікке
зиян келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
■ Көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
452
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
► Көгалшапқышты тек тегіс беттерге қойып
сақтаңыз.
4.9.2
Аккумулятор
Сақтандыру
■ Балалар аккумулятордан туындайтын қауіп-
қатерлерді білмеуі және түсінбеуі мүмкін.
Балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Аккумуляторды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
■ Аккумулятор қоршаған орта әсерлерінің
бәрінен бірдей қорғалмаған. Белгілі бір
сыртқы әсерлерге ұшыраған жағдайда,
аккумулятор жөндеуге келмейтін дәрежеде
зақымдалуы мүмкін.
► Аккумуляторды таза және құрғақ күйінде
ұстаңыз.
► Аккумуляторды жабық үй-жайда
сақтаңыз.
► Аккумуляторды көгалшапқыштан бөлек
сақтаңыз.
► Аккумулятор қуаттау құрылғысымен
сақталған жағдайда: Желілік штекерді
ажыратыңыз және аккумуляторды 40 %
және 60 % аралығындағы заряд
деңгейімен (2 жасыл түсті жарық диоды
жанып тұр) сақтаңыз.
► Аккумуляторды белгіленген температура
шегінен тыс сақтамаңыз,
4.10
Тазалау, техникалық қызмет
көрсету және жөндеу
Сақтандыру
■ Егер тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе жөндеу барысында аккумулятор
орнында болса, пышақ кенет қосылып кетуі
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету және
жөндеу кезінде аккумулятор салынған
болса, қозғалғыш механизм жетегі кенет
іске қосылуы мүмкін және көгалшапқыш
қозғала бастайды. Адамдар ауыр жарақат
алуы және мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
■ Өткір тазалағыш құралдар, су ағынымен
тазалау немесе өткір ұшты заттар
21.4.
0478-131-9870-B