қазақ
13.4
Шабу режимдері
13.4.1
Шабу режимін таңдау
Үш шабу режимін таңдауға болады. Таңдау
әрекеті басқару блогы арқылы жүзеге
асырылады.
– Үнемдеу режимі
– Стандартты режим
– AUTO BOOST режимі
► Көгалшапқышты іске қосыңыз.
► Түймені (1) басу арқылы қажетті шабу
режимін таңдаңыз.
Ағымдағы режим (2, 3, 4) көрсетіледі.
Үнемдеу режимі
Үнемдеу режимі қосылып тұрғанда,
көгалшапқыш ағымдағы жұмыс шарттарын
анықтап, пышақтың жарамды айналу жиілігін
автоматты түрде реттейді.
Аккумулятордың жұмыс уақыты бұл ретте
ұзаруы мүмкін.
Стандартты режим
Стандартты режим қосылған кезде,
көгалшапқыш пышақтың тұрақты айналу
жиілігімен шабады.
AUTO BOOST режимі
AUTO BOOST режимі қосылған кезде,
мысалы, биік және қалың шөпті шабу үшін
көгалшапқышта қысқа уақытқа жоғары
қуаттылық қолжетімді болады.
AUTO BOOST режимі аккумулятордың жұмыс
уақытына әсер етеді. Қызып кету қаупі
туындаса, көгалшапқыш автоматты түрде
стандартты режимге ауысады.
13.5
Жапқышты ашу және жабу
13.5.1
Жапқышты ашу
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
460
13 Көгалшапқышпен жұмыс істеу
► Құлыпты (1) басып тұрыңыз.
► Иінтіректі (2) 0 позициясына орнатыңыз.
Жапқыш ашылады.
► Құлыпты (1) босатыңыз.
13.5.2
Жапқышты жабу
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Құлыпты (1) басып тұрыңыз.
► Иінтіректі (2) I позициясына орнатыңыз.
Жапқыш жабылады.
► Құлыпты (1) босатыңыз.
13.6
Шөп жинағышты босату
Пышақтың айналуынан пайда болған ауа
ағыны шөп жинағышты толтыру
индикаторын (1) көтереді. Шөп жинағыш
толған кезде, ауа ағыны тоқтайды. Ауа ағыны
тым аз болса, шөпжинағышты толтыру
индикаторы (2) қозғалыссыз күйге қайтып
оралады. Бұл шөп жинағышты босатуға
нұсқау болып табылады.
Шөп жинағышты толтыру индикаторының
ақаусыз жұмысы тек оңтайлы ауа ағынында
қамтамасыз етіледі. Ылғалды, тығыз немесе
биік шөп, төмен кесік деңгейлері, ластану
0478-131-9870-B