15 Сақтау шарттары
► Көгалшапқышты қайырып ашылған бас
тұтқасымен көтерген жағдайда:
► Көгалшапқышты бір адам екі қолымен
тасымалдауға арналған тұтқасынан (1)
ұстауы, ал екінші адам екі қолымен бас
тұтқасынан (2) ұстауы қажет.
► Көгалшапқышты көтеруге және алып
жүруге екі адам қажет.
► Көгалшапқышты жиналған бас тұтқасымен
көтеріп жүрген жағдайда:
► Бас тұтқаны жинаңыз,
► Көгалшапқышты бір адам екі қолымен
тасымалдауға арналған тұтқасынан (1)
ұстауы, ал екінші адам екі қолымен
тұтқадан (3) ұстауы қажет.
► Көгалшапқышты көтеруге және алып
жүруге екі адам қажет.
Көгалшапқышты автомобильге салып
тасымалдау
► Көгалшапқышты аударылмайтындай және
қозғалмайтындай етіп тік күйінде бекітіңіз.
14.2
Аккумуляторды тасымалдау
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Аккумулятордың қауіпсіз күйде болуына көз
жеткізіңіз.
► Аккумуляторды қаптамаға орнынан
жылжымайтындай етіп салыңыз.
► Қаптаманы орнынан қозғалмайтындай етіп
бекітіңіз.
Аккумуляторды тасымалдауға қауіпті жүктерді
тасымалдау талаптары қолданылады.
Аккумулятор UN 3480 (литий-ионды
аккумуляторлар) ретінде жіктеліп, тексерістер
және шарттар бойынша UN нұсқаулығының III
бөлімі, 38.3 тарауына сәйкес тексерілді.
Тасымалдау ережелері www.stihl.com/safety-
data-sheets сілтемесі бойынша қолжетімді.
14.3
Қуаттағыштын тасымалдау
► Штепсельді айырды розеткадан суырыңыз.
► Аккумуляторды алып тастаңыз.
► Біріктіруші сымды тарқатыңыз және
қуаттағышқа қосыңыз.
► Егер қуаттағыш көлік құралымен
тасымалданса: бекіту белбеуімен,
белдігімен немесе торқапшығымен бірге
қуаттағышты төңкерілмейтін және
жылжымайтын болатындай бекіту керек.
0478-131-9805-A
8.2.
15 Сақтау шарттары
15.1
Көгалшапқышты сақтау
► Көгалшапқышты өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты суытыңыз.
► Шөп жинағыштың ішін босатыңыз.
► Көгалшапқышты төмендегі шарттарға
сәйкес сақтаңыз:
– Көгалшапқыш балалардың қолы
жетпейтін жерде тұруы тиіс.
– Көгалшапқыш таза және құрғақ.
– Көгалшапқыш аударылып кетпейді.
– Көгалшапқыш домалап кете алмайды.
15.2
Сақтау күйі
Сақтау орнын үнемдеу үшін көгалшапқышты
жинауға болады.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Шөп жинағышты ажыратыңыз.
► Кесік биіктігін ең биік күйіне қойыңыз.
12.2
► Бас тұтқаны жинаңыз.
► Көгалшапқышты бір қолыңызбен
тұтқадан (1), екінші қолыңызбен
тасымалдау тұтқасынан (2) ұстап, оны
артқа қойыңыз.
15.3
Аккумуляторды сақтау
STIHL компаниясы аккумуляторды 40 % және
60 % аралығындағы заряд деңгейімен (2
жарық диоды жасыл түспен жанып тұрады)
сақтауға кеңес береді.
қазақ
8.2
457