Descargar Imprimir esta página

Stihl RMA 248.3 T Manual De Instrucciones página 467

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 60
25 Жалпы және өнімге қатысты қауіпсіздік нұсқаулары
Сақтандыру
■ Аталмыш көгалшапқышпен бірге берілген
барлық қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын, нұсқауларды, суреттер мен
техникалық деректерді оқып шығыңыз.
Төмендегі нұсқаулар орындалмаған
жағдайда, ток соғу, өрт және/немесе ауыр
жарақат алу қаупі туындауы мүмкін. Барлық
қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және
жалпы нұсқауларды болашақта пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
25.2
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік
a) Жұмыс орнын таза және жақсы
жарықтандырылған күйде ұстаңыз.
Қоқыстардың болуы немесе
жарықтандырылмаған жұмыс орындары
жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін.
b) Тұтанғыш сұйықтықтар, газдар немесе
тозаңдары бар жарылу қаупі бар ортада
көгалшапқышпен жұмыс істемеңіз.
Көгалшапқыш тозаңды немесе буларды
тұтандыруы мүмкін ұшқын шығарады.
c) Көгалшапқышты пайдалану кезінде
балалар мен басқа адамдарды алыс
ұстаңыз. Егер көңіліңізді басқаға
бұрсаңыз, көгалшапқышты бақылаудан
айырылып қалуыңыз мүмкін.
25.3
Электр қауіпсіздігі
a) Көгалшапқыштың жалғағыш штекері
розеткаға сай болуы керек. Штекерді
ешбір жолмен өзгертуге болмайды.
Адаптер штекерін жерге қауіпсіз
тұйықталған көгалшапқыштармен
қолданбаңыз. Өзгертілмеген штекерлер
мен жарамды розеткалар ток соғу қаупін
азайтады.
b) Құбырлар, радиаторлар, пештер және
тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған
беттерге дененің тиюін болдырмаңыз.
Денеңіз жерге қосылған болса, ток соғу
қаупі артады.
c) Көгалшапқышты жаңбыр кезінде немесе
ылғалды жағдайларда пайдаланбаңыз.
Бұл ток соғу қаупін арттыруы мүмкін.
d) Жалғағыш сымды мақсатынан тыс
пайдаланбаңыз. Ешқашан жалғағыш
сымды көгалшапқышты тасымалдау,
тарту немесе розеткадан ажырату үшін
пайдаланбаңыз. Жалғағыш сымды
қызудан, майдан, өткір жиектерден
0478-131-9805-A
немесе қозғалатын бөлшектерден алшақ
ұстаңыз. Зақымдалған немесе оралған
сымдар ток соғу қаупін арттырады.
e) Ашық ауада көгалшапқышпен жұмыс
істесеңіз, тек сыртта пайдалануға
жарамды ұзартқыш сымдарды
пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға
жарамды ұзартқыш сымды пайдалану ток
соғу қаупін азайтады.
f)
Егер көгалшапқышты дымқыл ортада
пайдаланбау мүмкін емес болса,
дифференциалды ток ажыратқышын
пайдаланыңыз. Дифференциалды ток
ажыратқышын пайдалану ток соғу қаупін
азайтады.
25.4
Адамдардың қауіпсіздігі
a) Мұқият болыңыз, не істеп жатқаныңызды
қадағалаңыз және көгалшапқышты
пайдаланған кезде ақылмен жұмыс
істеңіз. Шаршап тұрсаңыз немесе есірткі,
алкоголь немесе дәрі-дәрмектің әсерінде
болсаңыз, көгалшапқышты
пайдаланбаңыз. Көгалшапқышты
пайдалану кезіндегі бір сәтке алаңдау
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
b) Жеке қорғаныс құралдарын киіңіз және
әрқашан қауіпсіздік көзілдірігін тағыңыз.
Шаңға қарсы маска, сырғанақ емес
қауіпсіз аяқ киім, шлем немесе құлаққап
кию көгалшапқыштың түрі мен
қолданылуына байланысты жарақат алу
қаупін азайтады.
c) Кездейсоқ іске қосудан аулақ болыңыз.
Қуат көзіне және/немесе аккумуляторға
қосу, оны алу немесе тасымалдау
алдында көгалшапқыштың өшірілгеніне
көз жеткізіңіз. Көгалшапқышты
саусағыңызбен қосқышта ұстап алып жүру
немесе көгалшапқышты қосулы кезде қуат
көзіне қосу жазатайым оқиғаларға әкелуі
мүмкін.
d) Көгалшапқышты іске қоспас бұрын реттеу
құралдарын немесе бұранда кілттерін
алыңыз. Көгалшапқыштың айналмалы
бөлігіне ілінген құрал немесе кілт
жарақатқа әкелуі мүмкін.
e) Әдеттен тыс дене қалпыңызбен жұмыс
істеуден аулақ болыңыз. Қауіпсіздікті
қамтамасыз етіңіз және әрқашан тепе-
теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген
жағдайларда көгалшапқышты жақсырақ
бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
қазақ
467

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Rma 253.3 t