Су: Ашытқыны суландырып, белсендіреді. Сонымен бірге ұндағы крахмалды
белсендіріп, қамырдың бөлке пішінін алуына жағдай жасайды. Суды толықтай
немесе жартылай сүтпен немесе басқа сұйықтықпен алмастыруға болады.
Сұйықтықтар бөлме температурасында болуы керек, тек глютенсіз нан үшін
ғана жылы су (шамамен 35°C) қажет.
Майлар: Майдан нан үлпілдек болады. Ұзағырақ сақталады. Май тым көп болса,
қамыр баяу көтеріледі. Сары майды кесектерге турап немесе жұмсартып салу
керек. Ерітіп салмаған жөн. Ашытқының сулануына кедергі келтіретіндіктен, май
ашытқыға тікелей тимеуі керек.
Жұмыртқа: Нанның түсін және иісін жақсартады, қамырдың иын қандырады.
Жұмыртқа салғанда, сұйықтық мөлшерін азайту керек. Жұмыртқаны жарып,
рецептіде көрсетілген мөлшерге жеткенше, сұйықтық қосыңыз.
Рецептілер 50 г орташа жұмыртқаларға арналған, одан үлкен болса, ұнды
көбірек қосыңыз, одан кіші болса, ұнды азырақ салыңыз.
Сүт: Сүттің эмульгациялық әсері бар, сондықтан тұрақты жасушалар көбірек түзіліп,
бөлкенің түрі жақсара түседі. Сұйық немесе ұнтақ сүт қосуға болады. Ұнтақ сүт
қолданылса, тиісті су мөлшерін қосыңыз: жалпы мөлшері рецептіде көрсетілгенмен
бірдей болуы керек.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
• Құрылғыны ток көзінен ажыратып, толық суығанша
күтіңіз.
• Ыстық сабынды сумен пішінді және араластыратын
қалақты жуыңыз. Қалақ табада қалса, 5-10 минут
жібітіп қойыңыз.
• Басқа
бөліктерін
Жақсылап кептіріңіз.
• Ешқай бөлігін ыдыс жуғыш машинаға салуға
болмайды (
).
K
• Тұрмыстық химия, қырғыш жөкелерді және спиртті
пайдалануға болмайды. Жұмсақ, дымқыл шүберекпен
сүртіңіз.
• Құрылғының өзін немесе қақпағын суға малуға болмайды.
дымқыл
губкамен
тазалаңыз.
KK
109