360
Қазақша
Ескерту
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Өңдеу
-
Бұл құрал тек үйде әдеттегідей қолдануға арналған. Ол, басқа жағдайда,
соның ішінде: дүкендердегі қызметкерлерге арналған ас үйлерде,
кеңселерде, фермерлік шаруашылықтарда және сондай басқа да
жерлерде қолданылуға арналмаған. Ол мейманханалардың,
мотельдердің, қонақүйлердің және сондай басқа да мекемелердің
тұрғындары тарапынан қолданылуға арналмаған.
-
Қараусыз қалдырсаңыз немесе жинау, бөлшектеу, сақтау және тазалау
алдында әрқашан құралды қуат көзінен ажыратыңыз.
-
Құралды көлденең, тегіс және тұрақты бетке қойыңыз.
-
Құралды дұрыс қолданбаса, кәсіби немесе жартылай кәсіби мақсаттарда
қолданса, пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес
қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы болған
зақымдарға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас тартады.
-
Құрылғыны тексеру немесе жөндеу үшін, оны тек Philips компаниясының
қызмет көрсету орталығына апарыңыз. Құралды өзіңіз жөндеуге
тырыспаңыз, әйтпесе кепілдік жарамсыз болады.
-
Пайдаланып болғаннан кейін, аспапты қуат көзінен ажыратыңыз.
-
Құралды ұстамас немесе тазаламас бұрын, құралды 30 минуттай суытып
алыңыз.
-
Құралда дайындалған ингредиенттердің қара не қоңыр болмай, алтын
сары болып шығуын қадағалаңыз.
-
Күйіп кеткен қалдықтарын алып тастаңыз. Балғын картопты 180°C-тан
жоғары температурада қуырмаңыз (акриламид түзілуін азайту үшін).
-
Пісіру камерасының үстіңгі бөлігін абайлап тазалаңыз: Ыстық қыздыру
элементі, металл бөлшектердің шеті және шашыратқыш қалқан.
-
Әрқашан мультипеште тағамның толықтай пісірілгеніне көз жеткізіңіз.
-
Дайындалған тағамды төгіп жатқанда абай болыңыз және
аксессуарлардың құлап кетуіне жол бермеңіз.
Бұл құрал электрмагниттік өрістердің әсеріне қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сай.
-
Бұл таңба осы электр өнімін қалыпты тұрмыстық қалдықпен тастауға
болмайтынын білдіреді.
-
Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек жинау
жөніндегі еліңіздегі ережелерді сақтаңыз.