– Аккумулятор жинағын 18 босату үшін 19 сомынын
алмастырып аккумлятор жинағын 18 алып қойыңыз.
– Жаңа аккумулятор жинағын 18 орнатыңыз. Аккумулятор
жинағының дөңесі корпустің тиісті тесігіне кіруіне көз
жеткізіңіз (графикалық беттердегі сипаттарын көріңіз).
Аккумулятор жинағын сомынбен 19 бұрап бекітіңіз.
Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, аккумулятор жинағын
өлшеу құралынан алып қойыңыз. Ұзақ жатқан
аккумуляторлар зарядын жоғалтуы немесе тот басуы
мүмкін.
Зарядтау күйі индикаторы
Егер зарядтау күйі индикаторы 6 қызыл түсте жанса өлшеу
құралын және 2 сағ пайдалану мүмкін. Стандартты
батареяларды немесе аккумуляторларды орнатқанда
қалған пайдалану мерзімі өзгеруі мүмкін.
Зарядтау күйі индикаторы 6 үздіксіз қызыл жанса басқа
өлшеу орындап болмайды. Өлшеу құралы 1 мин соң
автоматты өшеді.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн
сәулелерінен сақтаңыз.
Өлшеу құралына айрықша температура немесе
температура тербелулері әсер етпеуі тиіс. Оны
мысалы автокөлікте ұзақ уақыт қалдырмаңыз. Үлкен
температура тербелулері жағдайында алдымен өлшеу
құралын температурасын дұрыстап соң пайдаланыңыз.
Айрықша температура немесе температура тербелулері
кезінде өлшеу құралының дәлдігі төменделуі мүмкін.
Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан
сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу
құралының жұмысын жалғастырудан алдын әрдайым
дәлдік тексеруін орындау керек („Өлшеу құралының
дәлдігін тексеру", 322 бетін қараңыз).
Өлшеу құралын реттеу
– Өлшеу құралын тұрақты табанда горизонталды немесе
вертикалды күйде орналастырып, штативке немесе
қабырғалық ұстағышқа 28 теңестіру аспабымен
орнатыңыз.
Жоғары нивелирлеу дәлдігінде өлшеу құралы тербелу мен
ұзындық өзгерістеріне өте сезімді болады. Сол үшін өлшеу
құралының тұрақты күйіне көз жеткізіп, қосымша
нивелирлеу себебінен болған пайдалану үзілістерін алдын
аласыз.
Қосу/өшіру
Энергияны үнемдеу үшін өлшеу құралын тек пайдаланарда
ғана қосыңыз.
320 | Қазақша
800.544.2843
Көлденең күй
(RL25H/RL25HV)
Тік күй
(RL25HV)
www.calcert.com
15
10
20
5
25
0
30
– Өлшеу құралын қосу үшін қосу-өшіру пернесін 2
басыңыз. Растау үшін барлық көрсеткіштер қысқа
жанады.
RL25H: Өлшеу құралы қосудан соң бірден айнымалы
лазер сәулесін 14 жібереді.
RL25HV: Өлшеу құралы қосудан соң бірден айнымалы
лазер сәулесі 14 мен тіктеуіш сәулесін 15 жібереді.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралы қосудан соң автоматты нивелирдеуді бірден
бастайды. Нивелирлеу кезінде нивелирлеу көрсеткіші 3
жылдам жыпылықтап лазер ротация етпей жыпылықтайды.
Нивелирлеу көрсеткіші 3 үздіксіз жасыл жанып лазер
үздіксіз жанғанда өлшеу құралы нивелирленген болады.
Өлшеу құралы ротациялық жұмыста автоматты іске
қосылып шок ескерту функциясы қосулы болады (шок
ескерту көрсеткіші 7 жасыл түсте жанады).
– Өлшеу құралын өшіру үшін қосу-өшіру түймешесін 2
қайта басыңыз.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз
және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз.
Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру
мүмкін.
Өлшеу құралы батареяларды қорғау үшін автоматты
өшіріледі:
– егер оол 30 минуттан ұзақ өз нивелирлеу аймағынан тыс
болса,
– егер шок ескертуі 2 сағ қосулы болса,
– егер ол күту жұмысы белсенді болып (тек басқару
құрылғысымен орындау мүмкін) 2 сағ ішінде қайта
қосылмаса.
Керек болса өлшеу құралын қайта орналастырып қайта
қосыңыз.
Күту жұмысы жұмыс түрін сақтаумен
Басқару құрылғысымен 26 өлшеу құралын максималды
2 сағатқа күту режиміне өткзіу мүмкін. Күту жұмысында
нивелирлеу көрсеткіші 3 жай жыпылықтап барлық қалған
көрсеткіштер мен лазер өшіріледі.
Өлшеу құралында реттелген жұмыс түрі сақталады. Шок
ескерту функциясы қосулы болса, онда өлшеу құралының
күйі күту жұмысында бақыланады.
Күту жұмысын аяқтау үшін өлшеу құралында немесе
басқару құрылғысында 26 кез келген пернені басыңыз.
Пайдалану түрлері
X мен Y осінің жүрісі
X мен Y осінің жүрісі корпуста ротациялық бас жоғарысында
белгіленген.
Ротациялық пайдалану (RL25H)
Өлшеу құралы тек тұрақты ротация жылдамдығымен
ротациялық режимде жұмыс істейтін болып, ол үшін лазер
қабылдауышын пайдаланса да болады.
Шолу (RL25HV)
Барлық пайдалану түрлері өлшеу құралының көлденең және
тік күйінде жұмыс істейді.
sales@calcert.co
2 609 141 178 • 2.4.14