Descargar Imprimir esta página

Grundfos CR Serie Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 317

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 77
10. Төмен температурадан қорғау
Егер сорғы төмен температура кезінде пайдаланылмайтын
болса, оның ішіндегі жұмыс сұйықтығын ағызып тастау керек.
Сорғыдан сұйықтықты шығару үшін басындағы ауа шығару
бұрандасын босатыңыз жəне табанындағы ағызу
саңылауының тығынын алыңыз.
Ескерту
Сорғыдан шығатын сұйықтық қозғалтқышты не
оның бөлшектерін зақымдауы немесе
қызметкерлерді жарақаттауы қаупін болдырмау
үшін вентиляция саңылауының бағытына назар
аударған жөн.
Ыстық су орнатымдарында күйдіретін ыстық
судың жарақаттау қаупіне ерекше көңіл бөлу
керек.
Сорғы қайта пайдаланылғанша ауа шығару бұрандасын
бекемдемеңіз жəне ағызу саңылауының тығынын салмаңыз.
CR, CRI, CRN 1s ... 5
Сорғы табанындағы ағызу саңылауының тығынын орнына
салмай тұрып, айналма клапанды тірелгенше бұраңыз. 22-
суретті қараңыз.
22. сур. Ағызу саңылауының тығыны мен айналма клапан
орны
Ағызу саңылауының тығынын үлкен ілме гайканы бұрау
арқылы бекемдеп, айналма клапанды жабыңыз.
Ағызу
саңылауының
тығыны
Айналма клапан
11. Қызмет көрсету
7,5 кВт жəне одан жоғары қозғалтқыштары бар сорғыларды
сорғы орнатылған жерде жөндеу ұсынылады. Барлық қажетті
көтергіш жабдықтар қолжетімді болуы керек.
Егер сорғы улы немесе денсаулыққа зиянды
сұйықтықты айдауға пайдаланылған болса, сорғы
Ескерту
ластанған деп жіктеледі.
Grundfos сервис орталығына жөндеу туралы өтініш берген
кезде, сорғыны жібермес бұрын, міндетті түрде Grundfos
фирмасына сорғыдағы жұмыс сұйықтығы жайлы ақпарат беру
қажет. Əйтпесе, Grundfos компаниясы сорғыға қызмет
көрсетуден бас тартуы мүмкін.
Сорғыны қайтаруға қатысты шығын тұтынушыға жүктеледі.
Дегенмен, егер сорғы улы немесе денсаулыққа зиянды
сұйықтықтарды айдау үшін пайдаланылған болса, кез келген
қызмет көрсету өтінішінде (кімге берілгеніне қарамастан)
айдалған сұйықтық туралы мəліметтер берілуге тиіс.
11.1 Қызмет көрсету жинақтары жəне нұсқаулықтар
Сервистік құжаттама Grundfos Product Орталығында
көрсетілген (http://product-selection . grundfos.com/).
Егерде сорғы жайында сұрақтарыңыз туындаса толық ақпарат
үшін Grundfos компаниясына хабарласыңыз.
317

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Cri serieCrn serie