Moulinex HV7 PLUS Manual Del Usuario página 9

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 19
Сақтық ескерту: құрылғымен LS-123456
қауіпсіздік туралы нұсқаулық кітапша
қамтамасыз етіледі.
Құралды алғаш қолданар алдында
нұсқаулықты мұқият оқып шығып, оны
келесі қолдану үшін сақтап қойыңыз.
СИПАТТАМАСЫ
1
Мотор блогы
2
Ет тартқыштың басын босату түймесі
3
Түйме
3a Қосу
3b Өшіру
3c Кері айналдыру
4
Тұтқасы
5
Ет тартқыштың алынбалы басы
Алынбалы науа
6
7
Ет итергіш
8
Беру бұрандасы
9
Тот баспайтын болаттан жасалған
өздігінен қайралатын пышақ
10 Кішігірім тесіктері бар пластина*
*Үлгіге байланысты
БІРІНШІ РЕТ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНАН
• Барлық керек-жарақтарды жылы сумен және жуу сұйықтығымен жуыңыз. Оларды
сумен шайып, бірден жақсылап құрғатыңыз.
• Тесіктері бар пластина және пышақ майланған күйде қалуы керек. Оларды ас
майымен майлаңыз.
• Құрылғы бос болған кезде немесе ет тартқыш майланбаған болса, құрылғыны
қоспаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пышақтар мен ұсақтағыш барабандар тым өткір;
пышақтарды абайлап ұстаңыз.
ПАЙДАЛАНУ: ЕТ ТАРТҚЫШТЫҢ БАСЫ (1-9 СУР.)
• Тартылатын тағамның бүкіл мөлшерін дайындап, қандай да бір сүйегі, шеміршегі
немесе сіңірлері болса, алып тастаңыз. Етті бөліктеп кесіңіз. (шамамен 2 см x 2 см)
• Құрылғыны іске қосу үшін Қосу түймесін (3a) басыңыз (8-сурет).
12
11 Орташа өлшемдегі тесіктері бар пластина*
12 үлкен тесіктері бар пластина*
13 Тұтқыр сақина
14 Шұжық саптамасы*
15 Кеббе саптамасы*
15a Кеббе сақинасы
15b Кеббе
16 Ұсақтағыш барабандар*
16a Итергіш
16b Тілімдегіш
16c Үккіш
16d Ұсақтағыш
17 Сақтау қорабының қақпағы
18 Сақтау қорабы
Кеңес. Жұмыс соңында тартылған барлық етті шығару үшін ет тартқыш
арқылы бірнеше нан тілімін өткізуіңізге болады.
Ескертпе.
- Құрылғыңызды тек шикі етті тарту үшін ғана қолданыңыз. Пісірілген етті тартпаңыз.
- Құрылғыңызды 10 минуттан артық пайдаланбаңыз.
- Ет тартқыштың алынбалы басына (5) қарай етті итеру үшін тек ет итергішті (7) ғана
пайдаланыңыз.
Құрылғы бітеліп қалса, не істеуіңіз керек?
• Өшіру түймесін (3b) басу арқылы ет тартқышты тоқтатыңыз және етті босату үшін
бірнеше секунд бойы Кері түймесін (3c) басыңыз.
• Ет тартуды жалғастыру үшін Қосу түймесін (3a) басыңыз.
ПАЙДАЛАНУ: ШҰЖЫҚ КЕРЕК-ЖАРАҒЫ (10-15 СУР.)
Маңызды! Бұл керек-жарақты тек ет тартылып, дәмдеуіштер қосылып, жақсы
араластырылғаннан кейін ғана пайдалануға болады.
• Ішекті қайта иілгіш ету үшін жылы суға салып қойыңыз, одан кейін оны түтікшеге
сырғытып, 5 см. іліп қойыңыз (оны түйінмен байлап бекітесіз).
• Құрылғыны іске қосу үшін Қосу түймесін (3a) (15-сурет) басып, ет тартқыш арқылы
етті өткізіп, ішекті толтырыңыз.
Ескертпе! Бұл жұмысты екі адам бірге орындаса, әлдеқайда оңайырақ
болады, біреуі етті өткізіп тұрады, ал екіншісі ішекті толтырып тұрады.
• Шұжықтар қажетті ұзындыққа жеткенде қысып, бұраңыз. Сапалы шұжық жасау
үшін толтыру кезінде ауаның қалып қалмауын қадағалаңыз және шұжықтарды
10-15 см. етіп жасаңыз (ұшын қысып алып, түйіндеп байлау арқылы шұжықтарды
бөліңіз).
ПАЙДАЛАНУ: КЕББЕ КЕРЕК-ЖАРАҒЫ (16 ЖӘНЕ 17-СУР.)
• Кеббені жасау үшін Қосу түймесін басыңыз (3а) (17-сурет).
Практикалық кеңес:
Керемет Кеббе немесе Кефта пастасын жасағыңыз келсе, ет біркелкі тегіс болғанша
ет тартқыштан екі-үш рет өткізіңіз.
ПАЙДАЛАНУ: КӨКӨНІС МАЙДАЛАҒЫШ (18-20 СУР.)
• Ұсақтау үшін Қосу түймесін (3a) басыңыз (20-сурет).
Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін пайдалы кеңестер:
Қанағаттанарлық нәтижелерге қол жеткізу үшін және құрылғының ішкі бөліктерінде
тағам жиналып қалмау үшін сіз қолданатын ингредиенттер қатты болуы керек.
Құрылғыны қант текшелері немесе ет бөліктері секілді тым қатты болған
тағам өнімдерін үгу немесе кесу үшін пайдаланбаңыз.
KK
13

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Me552810Me556810Me558810

Tabla de contenido