2.3 Электр жабдығын жалғау
Электр жабдығын қосуды жергілікті
ережелерге сəйкес жүргізу керек.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Өнімде кез келген жұмысты бастамас
бұрын, қуат көзін өшіріңіз. қуат
кернеуін кездейсоқ қосылуын
болдырмау үшін барлық шараларды
қолдану керек.
•
Орнату орнындағы қуат көзінің кернеуі мен
жиілігі зауыттық тақтайшада көрсетілген
мəндерге сəйкес келуін тексеріңіз.
•
Жерге нықтап орнатуға болатынына көз
жеткізіңіз.
•
Штепсель айыры бар сорғылар: штепсель
айырын қуат көзінің розеткасына жалғаңыз.
•
Штепсель айыры жоқ сорғылар: сорғыны
бекітілген электр сымына төменде
сипатталғандей етіп біржола қосыңыз.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Ашасы жоқ сорғыларды контакт
арасындағы ең аз аралық саңылауы
барлық фазада 3 мм болатын сыртқы
ажыратқыш арқылы бекітілген электр
сымдар жүйесіне қосу қажет.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
-
Сорғыны жерге орнату керек.
- Электр розеткасының қорғаныштық
жерге тұйықтауын сорғының
қорғаныштық жерге тұйықтауына қосу
қажет. Сондықтан, штепсельдік
ашаның PE қосылым жүйесі электрлік
розетканікімен бірдей болуы қажет.
Болмаса, жарамды адаптерді
пайдаланыңыз.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Орнату 30 мА-дан кем ажырату тоғы
бар қорғаныстық ажырату
құрылғысымен (ҚАЖ) жабдықталуы
керек.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Егер сорғы жүзу бассейндерін, бау-
бақша тоғандарын немесе осыларға
ұқсас жерлерді тазалау немесе басқа
да қызмет түрлерін көрсету
мақсатында пайдаланылса, онда
сорғының қалдық тоқты
ажыратқышпен, қорғаныштық өшіру
құрылғысымен жəне 30 mA-лық өшіру
тоғымен жабдықталғанына көз
жеткізіңіз.
3. Өнімді іске қосу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Өрт қаупі бар материал
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Сорғыны дизельдік отын, бензин
немесе осыларға ұқсас сұйықтықтар
сияқты оңай жанғыш сұйықтықтар
үшін пайдаланбаңыз.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
- Егер судың ішінде адамдар бар
болса, онда сорғыны жүзу
бассейндерінде, бау-бақша
тоғандарында немесе осыларға ұқсас
жерлерде пайдаланбаңыз.
3.1 Қолмен басқару
Сорғыны сыртқы негізгі қосқыш арқылы іске
қосыңыз жəне тоқтатыңыз. Құрғақ іске қосу қаупін
азайту үшін жұмыс барысында су деңгейін үнемі
тексеріп тұрыңыз. Мысалы, бұны сыртқы деңгейді
реттегіш арқылы орындауға болады.
Сорғыны қосқан кезде өздігінен толтырылуы үшін
су деңгейі кемінде 25 мм болуы қажет.
Сорғы суды сорған кезде, ол 20 мм-ге дейінгі су
деңгейін айдап шығара алады.
3.2 Қалқымалы қосқышпен автоматты
басқару
Автоматты жұмыс істеу кезінде, қалқымалы
қосқышы бар сорғылар судың деңгейіне жəне
қалқымалы қосқыштың қалпы мен кабель
ұзындығына байланысты іске қосылады жəне
тоқтатылады.
3.2.1 Сорғыны күштеп іске қосу
Егер сорғы су деңгейлерін қалқымалы қосқыштың
тоқтату деңгейінен төмен төгуге пайдаланылса,
қалқымалы қосқышты шығыс құбырына бекітумен
жоғары орында сақтай аласыз.
Сорғыны күштеп іске қосу кезінде, құрғақ күйінде
іске қосылуына жол бермеу мақсатында судың
деңгейін үнемі тексеріп тұрыңыз.
149