3.0
ОРНАТУ
;
DBI-SALA Вакуумдық анкер құрылғысының орнатылуын білікті маман
өткен анкерлік құрылғы критерийлеріне сәйкес келетіні немесе құлау кезінде ықтимал күштерді көтере алатыны
жөнінде білікті тұлға растауы керек.
3.1
ЖОСПАРЛАУ. Вакуумдық анкер ді орнатпай тұрып, құлаудан қорғау жүйесінің жоспарын жасаңыз. Құлаудан
бұрын, құлаған жағдайда және одан кейін қауіпсіздігіңізге әсерін тигізуі мүмкін барлық факторларды ескеріңіз.
2-бөлімде және 1-кестеде берілген барлық талаптарды, шектеулерді және сипаттамаларды ескеріңіз.
3.2
ВАКУУМДЫҚ АНКЕР ҚҰРЫЛҒЫСЫН ОРНАТУ. Вакуумдық анкер құрылғысын құрылымдардың тегіс, таза,
құрғақ беттерінде 1-кесте ішінде берілген анкерлік бекіту талаптарына сәйкес орнатуға болады. Вакуумдық анкер
құрылғысын құрылымның үстіне, астына немесе бүйіріне бекітуге болады.
Төсемдер бекітілетін аймақты артық ылғалды және бос бөлшектерді кетіріп, тазалаңыз. Артық ылғал жүйе ішіне
кіріп, вакуумдық сорғы мен басқа компоненттердің коррозияға ұшырауына және зақымдануына әкелуі мүмкін.
;
Жүйені майысқан бетте пайдаланған кезде, вакуумдық төсемдерді майысқан бетпен сәйкестендіріп,
бірінің үстіне бірін орналастыру керек.
A. ҰШАҚҚА ОРНАТУ.
Вакуумдық анкер құрылғысын тек аралас не алюминий құрылымды ұшаққа мына жерлерге орнатуға болады:
•
Фюзеляжда, рамалармен және құйрық жағында тіреледі;
•
Қанатының жоғарғы бетінде, лонжерондар арасында;
•
немесе структуралық аймақтарындағы көлденең және тік тұрақтандырғыштарында.
Рұқсат етілмейді: Вакуумдық анкер ді төменде берілгендерге тіркеуге болмайды:
•
Кабина мен кокпит терезелеріне
•
Структуралық емес және құлау кезінде туындайтын жүктемелерді көтере алмайды деп саналатын кез
келген қозғалмалы панельге
•
Жолаушылар/апаттық/жүк шығару есіктеріне
•
Эксплуатациялық/шығу есіктеріне
•
Конструкциялық элементтермен (бойлық тіректер мен рамалар) тірелмейтін ойықтар айналасы
•
Құрылымдық қанат кессонының сыртындағы аймақтар, мысалы, «өтуге болмайды сызықтары»
•
Басқару элементінің қозғалмалы беттері
B. ҚҰРЫЛЫМДАРҒА БЕКІТУ.
Вакуумдық анкерді тек 1-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес тегіс, таза, құрғақ беттерге орнатуға болады.
Рұқсат етілмейді: Вакуумдық анкер ді төменде берілгендерге тіркеуге болмайды:
•
Төсем дұрыс тығыздалмайтын не сұйықтық өтіп кетуі мүмкін құрылымдар.
•
Құрылымдық сәйкес келмейтін материалдар не беттер.
•
Дұрыс тығыздалуына кедергі келтіретін кеуек не тегіс емес беттер.
•
Дұрыс тығыздалуына кедергі келтіретін қатты ластанған, майлы беттер.
Вакуумдық анкерді сығылған ауамен бекіту: Толығырақ мәліметті 7-суреттен қараңыз. Вакуумдық анкер
құрылғысын сығылған ауа цилиндрі көмегімен орнату үшін төмендегі нұсқауларды қараңыз:
1.
80–150 фунт/дюйм2 (530–1035 кПа) қысымдағы сығылған ауа көзін (A) сығылған ауа жалғағышына
(B) бекітіңіз.
2.
Вакуумдық анкер төсемін жоғарыда аталған, сондай-ақ 1-кестеде берілген талаптарға сәйкес келетін құрылымға
орналастырыңыз.
3.
«Дабылды айналып өту» түймесін (A) басып, иінтіректі (B) «бекіту» позициясына бұраңыз. Бастапқы
тығыздау кезінде төсемдерге қысым түсіріп, төсемдер астындағы артық ауаны шығарыңыз. Тұтқаны
жібермес бұрын, вакууметр (C) жеткілікті вакуумды көрсетпейінше күтіңіз.
4.
Орнатқаннан кейін шамамен 10 секундтан соң вакууметр тілін бақылаңыз. Тілі жеткілікті вакуумдық
тығыздалуын және анкерлік бекітілуін көрсетіп, тұрақты қалуы керек. Тілі түссе, құрылғыны иінтірегін босату
күйіне қарай бұрап өшіру керек. Вакуумдық анкерді қайта орналастырып, 1–4 қадамдарды қайталаңыз.
5.
Вакуумдық анкер құрылғысына құлаудан қорғауға арналған жеке қорғаныс құралын бекітіңіз.
Вакуумдық анкерді борттық цилиндр көмегімен бекіту үшін: Толығырақ мәліметті 8-суреттен қараңыз.
Вакуумдық анкер құрылғысын борттық цилиндрмен орнату үшін, төмендегі нұсқауларды қараңыз:
1.
Кемі 1000 фунт/дюйм2 (7000 кПа) сығылған ауа цилиндрін (A) сығылған ауа жалғағышына (B)
бекітіңіз.
2.
Вакуумдық анкер төсемін жоғарыда аталған, сондай-ақ 1-кестеде берілген талаптарға сәйкес келетін құрылымға
орналастырыңыз.
3.
«Дабылды айналып өту» түймесін (A) басып, иінтіректі (B) «бекіту» позициясына бұраңыз. Бастапқы
басқаруы керек және сертификациядан
1
163