5. Орнату талаптары
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
‐
Өнімде кез келген жұмысты бастамас бұрын, қуат
көзін өшіріңіз.
‐
Қуат көзінің байқаусызда қосылып кетпеуіне көз
жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аяқ жарақатыi
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
‐
Сорғыны қораптан шығарған кезде, өнімнің
салмағына сəйкес келетін көтергіш жабдықты
қолданыңыз.
‐
Жеке қорғаныс жабдығын киіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қолдың езілуі
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
‐
Сорғыны қораптан шығарған кезде, өнімнің
салмағына сəйкес келетін көтергіш жабдықты
қолданыңыз.
‐
Жеке қорғаныс жабдығын киіңіз.
Синусоид сүзгісін қолдану SPE сорғы жинағын
пайдалану кезінде міндетті болып табылады.
Grundfos орнату кезінде сорғыны басқаруды жеңілдету
үшін, ұзындығы 30 см құбырды сорғыға орнатуды
ұсынады.
Электр қозғалтқышты басқару
5.1 Электр қозғалтқышының сұйықтығын тексеру
Электр қозғалтқыштары зауытта қату температурасы -20 °C
төмен болмайтын арнайы FDA мақұлдаған улы емес
сұйықтықпен толтырылған.
Электр қозғалтқышы сұйықтығының деңгейін
қажетінше тексеріп толтырып тұру керек. Құбыр суын
пайдаланыңыз.
Суықтан қорғау қажет болса, электр қозғалтқышын
толтыру үшін арнайы Grundfos сұйықтығы
пайдаланылуы керек. Әйтпесе, қайта толтыру үшін
құбыр суын пайдалануға болады; төменде
көрсетілгендей сұйықтықпен қайта толтырыңыз.
524
5.1.1 Grundfos MS4000 жəне MS402 сериялы электр
қозғалтқыштары
Электр қозғалтқышы сұйықтығын құюға арналған тесік келесі
күйлерде орналасады:
•
MS4000: жоғарыға жақын электр қозғалтқыштың жағында
•
MS402: электр қозғалтқышының төменгі бөлігінде.
1. Батырылатын сорғыны Толтыру кезіндегі электр
қозғалтқышының күйі - MS4000 жəне MS402-суретте
көрсетілгендей орнатыңыз. Сұйықтық толтыруға арналған
бұранда электр қозғалтқышының ең жоғарғы нүктесінде
болуы керек.
2. Сұйықтық құю тесігінен бұранданы алып тастаңыз.
3. Сұйықтық құю тесігінен кері аққанға дейін толтыру шприцтің
көмегімен электр қозғалтқышын сұйықтықпен толтырыңыз.
Толтыру кезіндегі электр қозғалтқышының күйі - MS4000
жəне MS402-суретті қараңыз.
4. Сорғының орнын өзгертпес бұрын толтыру тесігіндегі
бұранданы алмастырып, тығыздап жабыңыз.
Айналдыру моменттері
•
MS4000: 3,0 Нм.
•
MS402: 2,0 Нм.
Батырылатын сорғы қазір орнатылуға дайын.
MS4000
Толтыру кезіндегі электр қозғалтқышының күйі - MS4000
және MS402
5.1.2 Grundfos MS6000 сериялы электр қозғалтқыштары
•
Егер электр қозғалтқышы қоймадан бөлек жеткізілетін болса,
электр қозғалтқышын орнатпастан бұрын сұйықтық деңгейін
тексеру қажет. Толтыру кезіндегі электр қозғалтқышының
күйі - MS6000-суретті қараңыз.
•
Қызмет көрсету жұмыстарын жүргізген кезде, сұйықтық
деңгейін тексеру қажет. Толтыру кезіндегі электр
қозғалтқышының күйі - MS6000-суретті қараңыз.
Толтыру процедурасы:
Электр қозғалтқышы сұйықтығын құюға арналған тесік электр
қозғалтқышының жоғарғы жағында орналасады.
1. Батырылатын сорғыны Толтыру кезіндегі электр
қозғалтқышының күйі - MS6000-суретте көрсетілгендей етіп
орналастырыңыз Сұйықтық толтыруға арналған бұранда
электр қозғалтқышының ең жоғарғы нүктесінде болуы керек.
2. Сұйықтық құю тесігінен бұранданы алып тастаңыз.
3. Сұйықтық құю тесігінен сұйықтық кері аққанша моторға құю
шприцімен (Толтыру кезіндегі электр қозғалтқышының күйі -
MS6000-сурет) сұйықтық құйыңыз.
4. Электр қозғалтқышының орнын өзгертпес бұрын бұранданы
алмастырып, тығыздап жабыңыз.
Айналу сəті: 3,0 Нм.
Батырылатын сорғы қазір орнатылуға дайын.
MS402