Descargar Imprimir esta página

Grundfos SP Serie Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 535

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 127
8.6 Кабель қысқыштары
Су асты кабелі бағанына қамыттар арқылы жəне темір тросты
(егер ол болса) бекіту үшін, бұл қамыттар 3 м аралықпен
орналасу керек.
Тапсырыс берушінің қалауы бойынша Grundfos фирмасы əр
сорғымен бірге кабельді бекітуге арналған қамыттар жеткізеді.
1. Таспаның соңғы жағын мүмкіндігінше ұзартып кесіңіз.
2. Түймені бірінші ұзын қимаға қойыңыз.
3. Темір тросты Кабель қысқыштарын орнату-суретте
көрсетілгендей суға батырылатын кабелінің қасына бойлап
қойыңыз.
Кабель қысқыштарын орнату
4. Таспаның тілімін кабельге жəне темір тросқа бір рет ораңыз.
Содан кейін құбырға, сымға жəне кабельге екі реттен кем
емес етіп ораңыз.
5. Қиманы түйме арқылы шығарып, таспаның тілімін алып
тастаңыз.
Кабельдің үлкен көлденең қимасы пайдаланылған кезде
таспаны бірнеше рет орау қажет болады.
Пластиктен жасалған құбырлар пайдаланылған кезде
құбырлардың үлкеюіне байланысты кабельді бекіту кезінде
оның арасында кішкене саңылау қалдыру керек.
Фланец түріндегі құбырларды қолданған кезде, кабельді
бекітетін қамыттар тек фланец жалғаулардың үстінде емес,
сондай-ақ олардың астында да болуы керек.
8.7 Сорғыны құдыққа салу
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Өнімде кез келген жұмысты бастамас бұрын, қуат
көзін өшіріңіз.
Қуат көзінің байқаусызда қосылып кетпеуіне көз
жеткізіңіз.
Сорғыны электр қозғалтқыш кабелі арқылы көтеруге
немесе тасымалдауға болмайды.
Сорғыны құдыққа немесе скважинаға орнатпастан бұрын фирма
калибрдң көмегімен құдықтың ішінде өтетін жердің бар болуын
тексеруге кеңес береміз.
Сорғыны ұңғымаға батырған кезде электр қозғалтқышының
кабельдерін жəне суға батырылатын кабелді зақымдамау үшін
өте абай болуыңыз керек.
8.8 Орнату тереңдігі
Судың динамикалық деңгейі сорғының соратын бөлігінен
жоғары болуы керек. Сорғыны орнату қалпына қойылатын
талаптар бөлімін жəне Әртүрлі су деңгейлерін салыстыру-
суретті қараңыз.
Ең кіші кіріс қысым сорғының NPSH қисық сызығында
көрсетілген. Беріктігінің ең кіші қоры 0,5 метрден аз болмауы
керек.
Сорғыны аққан су электр қозғалтқышын суытып тұратындай етіп
орнатуды қеңес береміз. Сұйықтық температуралары жəне
электр қозғалтқышын салқындату бөлімін қараңыз.
Сорғыны қажетті тереңдікке орнатқаннан кейін, орнату ұңғыма
тығыздағышының көмегімен аяқталуы керек.
Сақтандыру тросын түсіріп алатындай етіп босатыңыз жəне
сымның құлыптары арқылы ұңғыманың тығыздағышына
бекітіңіз.
Пластиктен жасалған құбырлармен жалғанатын
сорғылар үшін сорғының орнату тереңдігін анықтау
кезінде жүктеме əсері нəтижесінде пластиктен
жасалған құбырды тізбектік ұзартудың пайда болуын
ескеру қажет.
Тиісті ақпарат
5.2 Сорғыны орнату қалпына қойылатын талаптар
5.4 Сұйықтық температуралары және электр
қозғалтқышын салқындату
9.1 Іске қосу
9. Іске қосу жəне пайдалану
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Сорғыны қорғаныштық жерге тұйықтауға қосу
қажет.
Өнімде кез келген жұмысты бастамас бұрын, қуат
көзін өшіріңіз.
Қуат көзінің байқаусызда қосылып кетпеуіне көз
жеткізіңіз.
9.1 Іске қосу
Сорғы пайдалану орнына дұрыс орнатылғаннан кейін жəне
жұмыс ортасына толық батырылғаннан кейін, оны қысым
клапанының шамамен 1/3 ашып іске қосуға болады.
Сорғының айналу бағытын Үш фазалы электр қозғалтқыштарын
қосу бөлімінде сипатталғандай етіп бақылайды.
Егер суда батпақ болса, клапан ақырын ашылуды
жалғастырады, себебі су тазарады. Су тазарған соң ғана
сорғыны өшіруге болады, себебі орғының бөлшектері жəне кері
клапаны бітеліп қалуы мүмкін.
Клапан ашылғанда, су деңгейінің қаншалықты төмен түскенін
тексеру керек.
Судың динамикалық деңгейі сорғының соратын бөлігінен
жоғары болуы керек. Сорғыны орнату қалпына қойылатын
талаптар бөлімін жəне Әртүрлі су деңгейлерін салыстыру-
суретті қараңыз.
535

Publicidad

loading