kk
ҚАЗАҚША
аккумуляторларды тасымалдау кезінде
қолданыстағы ережелерді біліп алыңыз. Қажет
болса, тасымал компаниясынан мәлімет
алыңыз. Сертификатталған орауышты Metabo
компаниясынан алуға болады.
Аккумуляторларды корпус зақымдалмаған
және сұйықтық ақпаған жағдайда ғана
жіберіңіз. Аккумуляторды жіберу үшін аспаптан
шығарып алыңыз. Контактілерді қысқа
тұйықталудан қорғаңыз (мысалы, жабысқақ
таспамен оқшаулаңыз).
4.3 Құрылғыдағы белгілер (үлгіге
байланысты)
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты оқып
шығыңыз.
Ара төсеміне қол сұқпаңыз.
Қауіпті аймақ Мүмкіндігінше
саусағыңызды, қолыңызды бен қол
буынын осы аймақтан алыс ұстаңыз.
Қорғаныш көзілдірік пен құлақ
қорғанысын тағыңыз.
Құрылғыны ылғалды немесе сулы
ортада пайдалануға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: қосылған шамға
қарамаңыз.
4.4 Сақтандырғыш құрылғылар
Теңселуден қорғаныш қап (5)
Теңселуден қорғаныш қап ара төсемімен
абайсыз жанасуға жол бермейді және ұшып
кеткен жоңқадан қорғайды.
Сақтандырғыш құлып (26)
Сақтандырғыш құлыпты (сол жақ немесе оң
жақ) басқан кезде ғана, аспапты қосуға
болады.
Дайындама тірегі (25)
Дайындама тірегі дайындаманың аралау
барысында жылжуына жол бермейді.
Дайындама тірегі жұмыс кезінде әрдайым
орнатылып тұруы тиіс.
Қосымша профиль (33) тиісінше
тураланғанына және дайындама төсеммен
немесе қорғаныш қалпақпен жанаспай
барынша жақсы тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Бекіткіш иінтірекпен (34) бұғаттаңыз.
Аспапты қоспай және дайындаманы үстелге
қоймай, ара төсемінің толық кесік бойынша
жылжуын үлгілеңіз де, төсемнің қосымша
профильге (33) дейін бөгет жасамағанына
немесе кесіліп қалу қаупін
тудырмайтындығына көз жеткізіңіз.
Қате тураланған қосымша профиль (33)
еңіспен кескен кезде және қос еңіспен кескен
кезде ара төсемімен жанасуы және осылайша
ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Дайындама тірегіндегі қосымша профиль (33)
еңіспен кесу үшін бекіткіш иінтіректі (34)
босатқаннан кейін жылжытылуы тиіс.
Тек KGS...305...(A суретін қараңыз): бұл
аспаптың сол және оң жағында қосымша
профиль (33) бар. Арнайы кесіктер үшін
қосымша профильді (33) алып тастау қажет
болуы мүмкін. Алып тастау үшін оны 2
үшбұрышты бір-біріне қарайтындай етіп
сырғытыңыз. Бұл күйде қосымша профильді
(33) жоғары қарай шешуге болады. Кесік
жасағаннан кейін қосымша профильді (33)
жоғалтып алмау үшін қайта бекітіңіз.
5. Шолу
2-бетті қараңыз.
Суреттер барлық құрылғылар үшін мысал
ретінде берілген. Сондықтан
құрылғыңыздың жабдықталуы
суреттерден өзгешеленуі мүмкін.
1 Жоңқа жинағыш қаптың құлпы
2 Жоңқа жинағыш қап
3 Жоңқа сорғыш келте құбыр
4 Тіреуіш кронштейн
5 Теңселуден қорғаныш қап
6 Бойлық тірек
7 Үстел
124
8 Айналмалы үстел
9 Үстел ендірмесі
10 Айналмалы үстелге арналған бекіткіш
тұтқа
11 Айналмалы үстелдің бекітілген күйлерге
арналған ысырма
12 Керу құрылғысына арналған бекіткіш
бұранда
13 Ішкі алты қырлы гайка кілті / ішкі алты
қырлы гайка кілтіне арналған құралды
сақтау орны
14 Дайындаманы керу құрылғысы
15 Үстел кеңейтімі
16 Үстел кеңейтіміне арналған бекіткіш
иінтірегі
17 Ара төсемінің бекіткіші
18 Ара тұтқасы
19 Кесік сызығының көрсеткіші
20 Тасымалдау тұтқасы / тұтқалары *
21 Кабель орамының ілмектері *
22 Еңісті реттеуге арналған бекіткіш иінтірек
23 Құлыптау түймесі (еңіс бұрышын +/- 2°
шамасына кеңейтуге арналған)
24 Тасымалдау құлпы
25 Дайындама тірегі
26 Сақтандырғыш құлып
27 Араның ажыратқышы
28 Кесік сызығы көрсеткішінің ажыратқышы
29 Аккумуляторды құлыптан босату түймесі *
30 Қуаттылық индикаторының түймесі *
31 Қуаттылық және сигнал индикаторы *
32 Аккумулятор *
* үлгіге/жабдықталуға байланысты
6. Орнату және тасымалдау
KS 216 M: Еңісті реттеуге арналған бекіткіш
иінтіректі (22) орнату
(2-беттегі оң жақ жоғарғы жақтағы суретті
қараңыз.)
1. Айналмалы үстелді (8) 0°-қа бұрыңыз.
2. Бекіткіш бұранданы алтықырлы
бұрандамадан бұрап шығарыңыз.
3. Бекіткіш иінтіректі (22) алтықырлы
бұрандамаға саптаңыз.
4. Бекіткіш иінтіректі (22) шешіп, оны
алтықырлы бұрандамаға шамамен
көлденең күйде қайта саптаңыз және
бекіткіш бұрандамен бұрап бекітіңіз.
Тасымалдау тұтқасын (20) қажетінше
монтаждау (үлгіге байланысты)
Тасымалдау тұтқасын (20) көрсетілгендей
бұрап бекітіңіз.
Үстел кеңейтімін (15) қажетінше монтаждау
(үлгіге байланысты)
1. Оң мен сол жақ үстел кеңейтімін
тасымалдау орауышынан шығарыңыз.
2. Үстел кеңейтімін жоғары қайырылған
бойлық тірекпен (6) оң жаққа орнатыңыз.
Дұрыс жағына назар аударыңыз, өйткені
жақтары араласып кеткен жағдайда оны
алу қиын болады.
3. Түймені (35) басып, үстел кеңейтімдерінің
(15) бағыттауыш шиналарын толығымен
бекіткіштерге жылжытыңыз. Түйме (35)
орнында бекітіліп, үстел кеңейтімдері
орнатылады.
4. Үстелдің қалаулы енін реттеп шығыңыз
және үстел кеңейтімдерін бекіткіш
иінтірегімен (16) бұғаттаңыз.
5. Әсіресе ұзын дайындамаларды тіреу үшін
екі бүйірлік үстел кеңейтімін (15) шешіп,
бөлменің кез келген жеріне қою үшін бірге
бекітуге болады (B суретін қараңыз). Оны
пайдаланғаннан кейін аспапқа қайта
бекітуді ұмытпаңыз.
Нұсқау:
Үстел кеңейтімін шешу үшін (B суретін
қараңыз): түймені (35) артқы жағындағы
саңылау арқылы басуға (мысалы, бүйірлік
алтықырлы кілт арқылы) болатындай
барынша тартып шығарыңыз. Үстел
кеңейтімін толығымен тартып шығарыңыз.
Тек KGS ... 305 үшін: тіреуіш кронштейнді
қажет болғанда тартып шығару
1. Тіреуіш кронштейнді (4) астыңғы бетке
бекітетін 2 ішкі алты қырлы бұранданы
босатыңыз.
2. Тіреуіш кронштейнді (4) шегіне дейін
тартып шығарыңыз да, 2 ішкі алты қырлы
бұранданы тарту арқылы бекітіңіз.
Назар аударыңыз!
Араны тіреуіш кронштейнінен (4) ұстап
тасымалдауға болмайды.
Орнату
Қауіпсіз жұмыс істеу үшін құрылғыны тұрақты
астыңғы бетке бекіту керек.
– Негіз ретінде бүйірлік аралардың астыңғы
таянышы үшін қолайлы тұрақты орнатылған
жұмыс тақтасын немесе білдек болуы
мүмкін.
– Құрылғы үлкенірек дайындамаларды
өңдеген кезде де берік бекітіліп тұруы тиіс.
– Ұзын дайындамаларды арнайы керек-
жарақтың көмегімен қосымша тіреу керек.
Нұсқау:
Құрылғыны жылжыту мүмкіндігімен пайдалану
үшін фанера немесе балташылық тақтасына
(500 мм × 500 мм, мин. қалыңдығы 19 мм)
бұрап бекітуге болады. Пайдалану кезінде
тақтаны бұрандама қысқыштармен верстаққа
бекіту керек.
1. Құрылғыны астыңғы бетке бұрап бекітіңіз.
2. Тасымалдау құлпын (24) босату: ара
бастиегін сәл төмен қарай итеріп, ұстап
тұрыңыз. Тасымалдау құлпын (24) тартып
шығарыңыз.
3. Ара бастиегін баяу жоғары қайырыңыз.
Тасымалдау
1. Ара бастиегін төмен қайырып, тасымалдау
құлпын (24) кіргізіңіз.
2. Тек KGS...: Керу құрылғысын бекіткіш
бұрандамен (12) алдыңғы позицияда
бекітіңіз.
3. Айналмалы үстелді (8) оңтайлы түрде оң
жақ бағытта 45°-қа бұрыңыз.
Назар аударыңыз!
Араны қорғаныс құрылғыларынан ұстап
тасымалдауға болмайды. Араны тіреуіш
кронштейнінен (4) ұстап тасымалдауға
болмайды.
4. Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан
немесе тұтқаларынан (20) (жабдықталуға
қарай) көтеріп тасымалдаңыз.
Балама нұсқа: екі үстел кеңейтімін (15)
толығымен кіргізіп, бекіткіш иінтірекпен (16)
бекітіңіз. Аспапты екі үстел кеңейтімінен (15)
көтеріп тасымалдаңыз.
7. Құрылғының құрамдас
бөліктері
7.1 Қозғалтқыш ауыстырып-
қосқышы
Қозғалтқышты қосу:
1. Сақтандырғыш құлыпты (26) (рң жақ
немесе сол жақ) басып тұрыңыз.
2. Ауыстырып-қосқышты (27) басып тұрыңыз.
3. Сақтандырғыш құлыпты (26) жіберіңіз.
Қозғалтқышты өшіру:
Ауыстырып-қосқышты (27) жіберіңіз.
7.2 Кесік сызығының көрсеткіші
"Precision Cut Line System" (PCL) жүйесінде
ара төсемінің нақты көлеңкесі ара төсемінің
үстіндегі жарықдиодпен дайындамаға түседі.
Осылайша калибрлеудің қажеті жоқ.
1. PCL жүйесін ажыратқышты (28) басу
арқылы іске қосыңыз.
2. Дәл кесік сызығын жасау үшін, ара төсемін
дайындамадан бірнеше сантиметрге
түсіріңіз.
3. Дайындаманы кесік сызығының
көрсеткішімен туралаңыз.
(19)