тұрғанда, бұл ішкі фланецтің тиісінше
орнатылғанын білдіреді.
8. Ішкі фланецті (44) енгізіңіз.
9. Теңселуден қорғаныш қапты (5) жоғары
қарай жылжытып, сол күйде ұстаңыз.
10.Жаңа ара төсемін орнату – айналу бағытын
ескеру: сол (ашық) жағынан қарап
тұрғанда, ара төсеміндегі көрсеткі ара
төсемінің қақпағындағы көрсеткі бағытына
(43) сәйкес келуі тиіс!
Қауіп!
Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген талаптар мен сипаттарға сай
келетін ара төсемдерін пайдаланыңыз.
Тек максималды айналу жиілігі үшін
жобаланған арнайы ара төсемдерін
пайдаланыңыз («Техникалық деректер»
бөлімін қараңыз) – ара төсемдері жарамсыз
немесе зақымдалған болса, бөліктер ортадан
тепкіш күштен жарылғандай лақтырылуы
мүмкін.
Сүрек пен ұқсас дайындамаларды өңдеуге
арналған ара төсемдері EN 847-1
стандартына сәйкес келуі тиіс.
Төмендегілер пайдаланылмауы тиіс:
– Жоғары шынықтырылған жылдам кескіш
болаттан (HSS) жасалған ара төсемдері;
– зақымдалған ара төсемдері;
– кескіш дөңгелектер.
Қауіп!
– Ара төсемін тек түпнұсқа бөліктермен бірге
монтаждаңыз.
– Бос редукторлық сақиналарды
пайдаланбаңыз; кері жағдайда ара төсемі
босап қалуы мүмкін.
– Ара төсемдерін теңсіздіксіз және соққысыз
айналатындай және жұмыс барысында
босап қалмайтындай етіп монтаждау керек.
11.Теңселуден қорғаныш қапты (5) қайтадан
жауып қойыңыз.
12.Сыртқы фланецті (41) ашыңыз – жалпақ
жағы қозғалтқышқа қарап тұруы тиіс!
13.Қыспа бұранданы шайбамен (40) бірге
сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
орнатыңыз (сол жақ ирек ойма!) және
қолмен тартыңыз.
14.Ара төсемін бұғаттау: бұғаттау түймесін
(17) басып, бұғаттау түймесі тірелгенше,
ара төсемін басқа қолмен бұраңыз.
Бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
Қауіп!
– Ішкі алты қырлы гайка кілтін ұзартпаңыз.
– Қыспа бұранданы ішкі алты қырлы гайка
кілтін соққылау арқылы тартпаңыз.
15.Қыспа бұранданы (40) ішкі алты қырлы
гайка кілтімен (13) берік тартыңыз.
16.Жұмысын тексеріп шығыңыз. Бұл үшін ара
бастиегін төмен қарай бұрыңыз.
– теңселуден қорғаныш қап төмен қайыру
кезінде басқа бөліктерге тимей ара төсемін
босатуы тиіс.
– Араны бастапқы күйге қайырған кезде,
теңселуден қорғаныш қап автоматты түрде
ара төсемінің үстін жабуы тиіс.
– Ара төсемін қолмен бұраңыз. Ара төсемін
басқа бөліктерге тимей әр ықтимал реттеу
күйіне бұрау мүмкін болуы тиіс.
10.2 Үстел ендірмесін ауыстыру
Қауіп!
Үстел ендірмесі (9) зақымдалған жағдайда,
шағын бөгде заттар үстел ендірмесі мен ара
төсемінің арасында қысылып, ара төсемін
бұғаттауы мүмкін. Зақымдалған үстел
ендірмелерін дереу алмастырыңыз!
1. Үстел ендірмесіндегі бұрандаларды бұрап
шығарыңыз. Қажет болса, бұрандаларға
қол жеткізе алу үшін айналмалы үстелді
бұрап, ара бастиегін еңкейтіңіз.
2. Үстел ендірмесін алып тастаңыз.
3. Жаңа үстел ендірмесін орнатыңыз.
4. Үстел ендірмесіндегі бұрандаларды бұрап
бекітіңіз.
10.3 Дайындама тірегін реттеу
1. Ішкі алты қырлы бұрандаларды (46)
босатыңыз.
2. Дайындама тірегін (25), айналмалы үстел
0° позицияда бекітілген кезде, ол ара
төсеміне тура тікбұрышты тұратындай
туралаңыз.
3. Ішкі алты қырлы бұрандаларды (46)
тартыңыз.
10.4 Еңісті реттеу
Еңісті реттеуге арналған түзеткіш
бұрандаларды (47) аспаптың сол және оң
жағында орналасқан. KGS 305 кезінде
қосымша жоғарғы ауқымда (0°) (J суретін
қараңыз):
KGS/KS...: сол жақ бұранда = 0°, оң жақ
бұранда = 45°
KGS 305 M: сол жақ бұранда = 45° солға,
жоғарғы бұранда = 0°, оң жақ бұранда = 45 °
оңға
Алтықырлы контргайканы босатып,
алтықырлы реттеуіш бұраманы сәл реттеп,
алтықырлы контргайка арқылы қайта бекітіңіз.
Еңісті реттеуді бұрышпен тексеріңіз.
Процедураны қажетінше қайталаңыз.
10.5 Қысқыш иінтіректі реттеу
Қажет болған жағдайда ғана: егер
иінтіректерге (16) және (34) жеткілікті қысу
күшімен қол жеткізілмесе, иінтіректерді
реттеуге болады.
Иінтіректегі жұлдызша бұрандаманы бұрап
шығарып, иінтіректі шешіңіз және оны сәл
бұра отырып алтықырлы бұрандамаға қайта
орнатыңыз. Жұлдызша бұрандамен қайта
бұрап бекітіңіз.
10.6 Құрылғыны тазалау
Аралаудан пайда болған жоңқа мен шаңды
қылшақпен немесе шаңсорғышпен
төмендегілерден кетіру керек:
– Реттеу құрылғылары;
– Басқару элементтері;
– Қозғалтқыштың суыту саңылауы;
– Үстел ендірмесінің астындағы бос орын;
– Кесік сызығының көрсеткіші (ара төсемін
шешіп, шүберекпен неемесе жұмсақ
қылқаламмен тазалаңыз.)
– Қорғаныш қалпақ жүйесі
10.7 Құрылғыны сақтау
Қауіп!
Сақтаған кезде құрылғыны бөтен адамдар
пайдалануына жол бермеңіз.
Қозғалмайтын құрылғыдан ешкімнің зардап
шекпейтініне көз жеткізіңіз.
Назар аударыңыз!
Құрылғыны қорғалмаған күйде сыртта
немесе ылғалды ортада сақтауға болмайды.
10.8 Техникалық қызмет көрсету
Әр пайдалану алдында
Аралаудан қалған жоңқаны шаңсорғышпен
немесе қылқаламмен кетіріңіз.
Желілік кабель мен желілік ашада немесе
аккумуляторда зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз, қажет болса, электрші
маманға алмастыруға беріңіз.
Барлық жылжымалы бөліктердің бүкіл
жылжу диапазоны бойынша еркін жылжи
алатынын тексеріңіз.
Пайдалану жағдайына қарай мерзімді
түрде
Барлық бұрандалы қосылымдарды
тексеріңіз, қажет болса, мықтап бекітіңіз.
Ара бастиегінің бастапқы күйге қайтару
функциясын тексеріңіз (ара бастиегі серіппе
күші арқылы жоғарғы бастапқы күйге қайтуы
тиіс), қажет болса, серіппені ауыстырыңыз.
Бағыттауыш элементтерді азғантай
майлаңыз.
11. Пайдалы кеңестер
– Ұзын дайындамалар үшін араның сол мен
оң жағында арнайы тіректерді
пайдаланыңыз.
– Еңіспен кескен кезде дайындаманы ара
төсемінен оң жақта ұстап тұрыңыз.
– Шағын кесіктер жасаған кезде қосымша
тіректі пайдаланыңыз (қосымша тірек
ретінде, мысалы, құрылғының тірегіне бұрап
бекітілетін жарамды ағаш тақтаны
пайдалануға болады).
– Дөңес (керілген) тақтаны (50) аралаған
кезде, сыртқа шығып тұрған жағын
дайындама тірегіне жатқызыңыз.
– Дайындамаларды қабырғасына қойып
араламаңыз, айналмалы үстелге жатқызып
қойыңыз.
12. Керек-жарақтар
Metabo немесе CAS- (Cordless Alliance System)
аккумуляторлары мен керек-жарақтарының
түпнұсқасын ғана пайдаланыңыз.
Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген талаптар мен сипаттарға сай
келетін керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
A Шайыр қалдығын кетіруге және металл
беттерді консервациялауға арналған
техникалық қызмет және күтім көрсету спрейі.
0911018691
B 44, 58 немесе 100 мм жалғағышы бар
сорғыш шлангілерді жалғауға арналған сору
адаптері
C Metabo әмбебап сорғышы (каталогті
қараңыз)
D Астыңғы таянышы:
Әмбебап машина станинасы UMS 631317000
Мобильді астыңғы таяныш KSU 251 Mobile
629007000
Астыңғы таяныш KSU 251
Астыңғы таяныш KSU 401
E Роликті таяныш:
RS 420
F Зарядтағыш құрылғылар: ASC 145 және
т.б.
G Әртүрлі қуаттылықтарға ие
аккумуляторлар. Тек қана электрлік
құралыңыз үшін жарамды кернеуге ие
аккумуляторларды сатып алу керек.
Тапс. №: 625369000 (8,0 А-сағ, LiHD)
Тапс. №: 625368000 (5,5 А-сағ, LiHD)
және т.б.
KS 216 M / KGS 216 M арналған ара
төсемдері:
H Power Cut Wood - professional ара төсемі
216 × 2,4 / 1,8 × 30 24 WZ 5° еңіс
ірі сүректе ұзындығынан және көлденеңінен
кесуге арналған
I
Precision Cut Classic ара төсемі
628060000
216 × 2,4 / 1,8 × 30 40 WZ 5° еңіс
ірі сүректе және ағаш-жаңқалы тақталарда
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
J Multi Cut Classic ара төсемі
216 × 2,4 / 1,8 × 30 60 FZ/TZ 5° еңіс
қапталған материалдарда, ламинатта,
пластмассада және алюминий профилінде
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
Ара төсемдері – KGS 254 M:
K Precision Cut Classic ара төсемі 628061000
254 x 30 x 2,4/1,8 48 WZ 5° еңіс
ірі сүректе және ағаш-жаңқалы тақталарда
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
L Multi Cut - professional ара төсемі
628223000
254 x 30 x 2,4/1,6 80 FZ/TZ 5° еңіс
қапталған материалдарда, ламинатта,
пластмассада және алюминий профилінде
ұзындығынан және көлденеңінен кесуге
арналған
ҚАЗАҚША kk
0910058010
629005000
629006000
0910053353
628009000
628066000
127