Descargar Imprimir esta página

Metabo KS 216 M Manual Original página 125

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 44
Аккумуляторлық құрылғыларда жарық
ауыстырып-қосқышты (27) қысқа басу арқылы
іске қосылады. Қысқа жұмыс кідірісінде жарық
сөнеді (тыныш режим) және жұмыс
жалғастырылған кезде автоматты түрде іске
қосылады. Жарық қажет болмаған жағдайда,
оны аккмуляторлық батарея зарядын үнемдеу
үшін ажыратқыш (28) арқылы өшіруге болады.
Қауіп!
Жарық сәулесін адамдардың немесе
жануарлардың көзіне бағыттамаңыз.
7.3 Еңісті реттеу
Бекіткіш иінтіректі (22) жібергеннен кейін
араны 0° және 45° аралығында солға қарай тік
сызыққа сатысыз еңкейтуге болады (38).
Тік сызықтан сол жаққа 47°-қа дейінгі бұрышты
немесе тік сызықтан оң жаққа 2°-қа дейінгі
бұрышты реттеу үшін реттеу барысында
құлыптау түймесін (23) басыңыз.
Тек KGS...305... араны тігінен оң жағына
қарай реттеуге болады: бекіткіш иінтіректі
(22) босатып, тұтқаны (39) алға қарай
тартыңыз. Енді араны тік сызыққа 0 ° - дан
45 ° - қа дейін оңға қарай бірқалыпты
қисайтуға болады (38). Тік сызықтан оң
жаққа 47°-қа дейінгі бұрышты реттеу үшін,
реттеу барысында құлыптау түймесін (23)
басыңыз.
Қауіп!
Еңіс бұрышы аралау кезінде өзгермеуі үшін,
төңкеру тұтқасының бекіткіш иінтірегін (22)
тарту керек.
Тек KGS...305..., KS 216 M: бекіткіш иінтіректің
позициясын қажеттіліктеріңізге қарай реттей
аласыз: бекіткіш иінтіректі тартып шығарыңыз,
бұраңыз және қалаған позицияға итеріп
бекітіңіз.
7.4 Айналмалы үстел
Тек KGS...: қиғаш кесікстер жасау үшін
бекіткіш тұтқаны (10) босатқаннан және
ысырманы (11) басқаннан кейін айналмалы
үстелді (8) қалаған бұрышқа бұрауға болады.
Осылайша кесу бұрышы дайындаманың
орналастыру жиегіне бейімделеді.
Тек KS...: қиғаш кесікстер жасау үшін бекіткіш
тұтқаны (10) босатқаннан кейін айналмалы
үстелді қиғаш бұрышқа бұрауға болады.
Осылайша кесу бұрышы дайындаманың
орналастыру жиегіне бейімделеді.
Қауіп!
Көлбеу бұрышы аралау кезінде өзгермеуі
үшін, айналмалы үстелдің бекіткіш тұтқасын
(10) (бекітілген күйлерде де!) бұрап бекіту
керек.
7.5 Тек KGS...: керу құрылғысы
Керу құрылғысының көмегімен көлденең
қимасы үлкен дайындамаларды да аралауға
болады. Керу құрылғысын барлық кесік
түрлеріне (тік кесіктер, қиғаш кесіктер, еңіспен
кесіктер және қос қиғаш кесіктер жасау және
ойық кесу) қолдануға болады.
Керу құрылғысы қажет болмаса, бекіткіш оны
бекіткіш бұрандамен (12) артқы позицияда
бұғаттаңыз.
7.6 Тек KGS...: кесік тереңдігін
шектегіш
Кесік тереңдігін шектегіш (48) керу
құрылғысымен бірге ойықтар жасауға
мүмкіндік береді.
Реттегіш бұранданы бұрап, контргайкамен
бекітіңіз. Кесік тереңдігін шектегішті тірек (49)
артқа жылжытылған жағдайда ажыратуға
болады.
8. Қолданысқа енгізу
8.1 Жоңқа жинағыш қапты / жоңқа
сорғыш құрылғыны жалғау
Қауіп!
Сүрек жоңқасының кейбір түрлері (мысалы,
емен, шамшат немесе шаған сүрегі) жұтылған
жағдайда обыр тудыруы мүмкін.
– Тек монтаждалған жоңқа жинағыш қаппен
немесе жарамды жоңқа сорғыш құрылғымен
жұмыс істеңіз.
– Аралаудан пайда болған шаңнын барлығын
тиісінше сору мүмкін болмағандықтан, оған
қоса шаңнан қорғайтын масканы
пайдаланыңыз.
– Жоңқа жинағыш қапты жүйелі түрде босатып
тұрыңыз. Босатқан кезде шаңнан қорғайтын
масканы киіп жүріңіз.
Құрылғыны жеткізілген жоңқа жинағыш қаппен
қолданысқа енгізген кезде:
 Жоңқа жинағыш қапты (2) жоңқа сорғыш
келте құбырға (3) жалғаңыз. Жоңқа жинағыш
қаптың құлпы (1) жабық болғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны жоңқа сорғыш құрылғыға жалғаған
кезде:
 Жоңқа сорғыш келте құбырға жалғау үшін
арнайы адаптерді пайдаланыңыз (12.
«Керек-жарақтар» бөлімін қараңыз).
 Жоңқа сорғыш құрылғы 16. «Техникалық
деректер» бөлімінде келтірілген талаптарға
сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
 Жоңқа сорғыш құрылғының пайдалану
жөніндегі нұсқаулығын да қараңыз!
8.2 Дайындаманы керу құрылғысын
монтаждау
Дайындаманы керу құрылғысын (14) екі түрлі
позицияда монтаждауға болады:
– Кең дайындамалар үшін:
Дайындаманы керу құрылғысын үстелдің
артқы саңылауына (36) кіргізіңіз.
– Жіңішке дайындамалар үшін:
Дайындаманы керу құрылғысын үстелдің
алдыңғы саңылауына (37) кіргізіңіз.
8.3 Желілік аспаптар үшін
Қауіп! Электрлік кернеу
Құрылғыны тек төмендегі талаптарға сай
келетін ток көзінде пайдаланыңыз (16.
«Техникалық деректер» бөлімін де қараңыз):
– Желілік кернеу мен жиілік құрылғының
фирмалық тақтайшасында көрсетілген
деректерге сәйкес келуі тиіс;
– 30 мА шамасынан аспайтын жылыстау
тогымен FI ажыратқышы бар сақтандырғыш;
– Розеткалар тиісінше орнатылған, жерге
тұйықталған және тексерілген.
 Желілік кабельді жұмыс істеу кезінде кедергі
келтірмейтіндей және зақымдалмайтындай
етіп өткізіңіз.
 Ұзартқыш кабель ретінде тек жеткілікті
көлденең қимаға (3 × 1,5 мм
кабельді қолданыңыз.
 Сыртта пайдалануға арналған ұзартқыш
кабельді пайдаланыңыз. Сыртта тек
мақұлданған және тиісінше белгіленген
ұзартқыш кабельді пайдаланыңыз.
 Кенет іске қосылуға жол бермеңіз.
Ажыратқыш ашаны розеткаға жалғаған кезде
өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.
8.4 Аккумуляторлық аспаптар үшін
 Кенет іске қосылуға жол бермеңіз.
Ажыратқыш аккумуляторды салған кезде
өшірулі екендігіне көз жеткізіңіз.
Аккумулятор
Аккумуляторды (32) пайдалану алдында
зарядтаңыз.
Өнімділік төмендеген жағдайда,
аккумуляторды қайта зарядтаңыз.
Аккумуляторларды зарядтау бойынша
нұсқаулар Metabo зарядтағыш құрылғысының
пайдалану бойынша нұсқаулығында берілген.
Аккумуляторларда қуаттылық және сигнал
индикаторы (31) бар (жабдықталуына
байланысты):
- Түймені (30) басыңыз да, заряд деңгейі
жарық диодты шамдар арқылы көрсетіледі.
- Жарық диодты шам жыпылықтаса, бұл
аккумулятор зарядының толығына жуық
таусылғанын және қайта зарядтау
қажеттілігін білдіреді.
Аккумуляторды шығарып алу, орнату
Шығарып алу: аккумуляторды құлыптан босату
түймесін (29) басып, аккумуляторды (32) алға
қарай тартып шығарыңыз.
Орнату: аккумуляторды (32) тірелгенше
жылжытыңыз.
9. Басқару
 Жұмыс істеу алдында сақтандырғыш
құрылғылардың ақаусыз күйде болғанын
тексеріп шығыңыз.
 Аралау кезінде тиісті жұмыс қалпын
қабылдаңыз:
– пайдаланушы жағында алдыңғы;
– араға қатысты фронтальді;
– ара төсемі шығысының жанында.
Қауіп!
Дайындаманы әрдайым арнайы керу
құрылғысымен (14) бекітіңіз.
Қысылып қалу қаупі бар!
Ара бастиегін еңкейткен немесе қайырған
кезде шарнир аймағына немесе құрылғы
астына қол сұқпаңыз.
 Ара бастиегін еңкейткен кезде мықтап
ұстаңыз.
 Жұмыс барысында төмендегілерді
пайдаланыңыз:
– Дайындама тірегі – ұзын дайындамалар
үшін, олар кесілгеннен кейін үстелден
құлайтын жағдайда;
– Жоңқа жинағыш қап немесе жоңқа сорғыш
құрылғы.
 Аралау кезінде берік ұстауға мүмкіндік
беретін өлшемдегі дайындамаларды ғана
аралауға болады.
 Дайындаманы аралау кезінде әрдайым
үстелге басып тұрыңыз және қиғаштануына
жол бермеңіз. Сондай-ақ ара төсемін
бүйірінен қысым қолдану арқылы
тоқтатпаңыз. Ара төсемі бұғатталған
жағдайда, қауіпті жағдай туындайды.
9.1 Тік кесіктер жасау
Бастапқы реттеу:
– Тасымалдау құлпы (24) тартып шығарылған.
– Ара бастиегі жоғары қайырылған.
– Тек KGS...: кесік тереңдігін шектегіші (49)
өшіріледі.
– Айналмалы үстел 0° күйде, айналмалы
үстелге арналған бекіткіш тұтқа (10)
тартылған.
2
) ие резеңке
– Төңкеру тұтқасының тік сызыққа қарай еңісі
0° құрайды, еңісті реттеуге арналған бекіткіш
иінтірек (22) тартылған.
– Тек KGS...: керу құрылғысы ең шетінде.
– Тек KGS...: Керу құрылғысына арналған
бекіткіш бұранда (12) босатылған.
– Дайындама тірегін (25) реттеу:
Бекіткіш иінтіректі (34) босатыңыз. Қосымша
профильді (33) (KGS...305...: қосымша
профиль) дайындама төсеммен немесе
қорғаныш қалпақпен жанаспай барынша
жақсы тірелетіндей етіп жылжытыңыз.
Бекіткіш иінтірекпен (34) бекітіңіз.
Дайындаманы аралау:
1. Дайындаманы оның тірегіне басып,
дайындаманы керу құрылғысымен (14)
қысыңыз.
ҚАЗАҚША kk
125

Publicidad

loading