Descargar Imprimir esta página

Hilti PT-C Manual De Instrucciones Original página 540

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 98
7
Функциялар
7.1
Түс көрсетілімін реттеу
Өлшеу жағдайына байланысты әртүрлі түс палитралары термограмманы талдау процесін жеңілдетуі
және нысандар мен фактілерді дисплейде анығырақ көрсетуі мүмкін. Өлшенетін температураларға еш
әсер тимейді. Тек температура мәндерінің көрсетілімі өзгереді.
Түс палитрасын ауыстыру үшін өлшеу режиміне кіріп, оңға немесе солға түймесін басыңыз.
7.2
Термограмма мен шынайы кескіннің қабаттасуы
Бағдарлауды (= көрсетілген термограмманың кеңістік бойынша үлестірілуі) жақсарту үшін,
температуралар диапазондары тураланған кезде, шынайы визуалды кескінді де қосуға болады.
Шынайы кескін мен термограмманың қабаттасуы 0,55 м (21,7 дюйм) қашықтықта толықтай мөлдір
емес. Өлшеу нысанына дейінгі қашықтық мәндері өзгеше болған жағдайда, қағида бойынша
шынайы кескін мен термограмма арасында ығысу пайда болады.
Өлшеу құралы сізге төмендегі мүмкіндіктер ұсынады:
100% инфрақызыл кескін
Тек термограмма көрсетіледі.
Кескін ішіндегі кескін
Көрсетілген термограмма қиылып, айналадағы аймақ шынайы кескін ретінде көрсетіледі. Бұл реттеу
өлшеу аймағының жергілікті тағайындалуын жақсартады.
Мөлдірлік
Көрсетілген термограмма шынайы кескін шынайы кескін үстінде мөлдір етіп орналастырылады.
Осылайша нысандарды жақсырақ анықтауға болады.
Жоғары немесе төмен түймесін басу арқылы реттеуді таңдауға болады.
534
Қазақ
2356162
*2356162*

Publicidad

loading