Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
•
Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
•
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
•
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді, шығыс материалдарды және
құрамдастарды қолданыңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен
өнімге арналған керек-жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
8.1
Түймелі элементті ауыстыру
Өлшеу құралында уақытты сақтау үшін түймелі элемент бар. Түймелі элемент заряды таусылған болса,
оны ауыстыру қажет.
1. Түймелі элемент ұстағышының бұрандасын бөлшектеңіз.
2. Түймелі элемент ұстағышын (қажет болса, арнайы құралдың көмегімен) науасынан тартып шығары-
ңыз.
3. Заряды таусылған түймелі элементті шығарып, жаңа түймелі элементті салыңыз. Тиісті полярлықты
сақтаңыз. Түймелі элементтің плюс полюсі түймелі элементтің енгізу бағытына қарсы қарап тұруы
керек.
4. Түймелі элемент ұстағышын қайтадан науасына енгізіңіз. Түймелі элемент ұстағышының дұрыс
және толықтай кіргізілгеніне көз жеткізіңіз, әйтпесе шаң мен су шашырауынан қорғанысқа кепіл
берілмейді.
5. Түймелі элемент ұстағышының бұрандасын қайтадан қондырып, қолмен мықтап тартыңыз.
8.2
Hilti өлшеу жүйелерінің қызмет көрсету бөлімі
Hilti өлшеу жүйелерінің қызмет көрсету бөлімі тексерісті өткізеді және ығысу пайда болған жағдайда
қайта орнатуды орындайды және өлшеу құралының сипаттамаға сәйкестігін тексереді.
өткізу кезіндегі сипаттамаға сәйкестік қызмет көрсету сертификатында жазбаша түрде расталады.
Төмендегілер ұсынылады:
•
Жарамды тексеру аралығын пайдалану тәсіліне сәйкес таңдау керек.
•
Аспапқа күтілмеген жүктеме түскен соң, маңызды жұмыстар орындамас бұрын, сонда да кем
дегенде жыл сайын Hilti өлшеу жүйелерінің қызмет көрсету бөлімінде тексерістер орындалуы тиіс.
Hilti өлшеу жүйелерінің қызмет көрсету бөлімі өткізетін тексеріс пайдаланушыны қолдану алдында және
қолдану кезінде өлшеу құралын тексеруден босатпайды.
9
Тасымалдау және сақтау
Аккумуляторлы құлардар мен аккумуляторларды тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !
▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
▶ Аккумулятор(лар)ды шығарыңыз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан үймеде тасымалдамаңыз. Тасымалдау барысында аккумуляторларды
шамадан артық соққы мен дірілден қорғау және олардың басқа батарея полюстерімен жанасуына
және қысқа тұйықталудың туындауына жол бермеу үшін кез келген ток өткізгіш материалдардан
немесе басқа аккумуляторлардан оқшаулау керек.
тасымалдау ережелерін сақтаңыз.
▶ Аккумуляторларды поштамен жіберуге болмайды. Зақымдалмаған аккумуляторларды жіберу қажет
болғанда, жеткізуші кәсіпорындарға хабарласыңыз.
*2356162*
3
2356162
Аккумуляторларға арналған жергілікті
Сынақ
Қазақ
539