Өлшеу құралын қатты соққыдан немесе құлаудан қорғаңыз. Қатты сыртқы
u
әсерлерден кейін және функциялық қабілетінде ақаулар орын алса, өлшеу
құралын өкілетті Bosch сервистік қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.
Өлшеуге әсер етпеу үшін өлшеу құралын тек ұстауға арналған беттерінен (8)
u
ұстаңыз.
Өлшеу құралының артқы жағындағы сенсор аймағына (17) ешқайндай
u
жапсырмалар немесе тақтайшалар орнатпаңыз. Әсіресе металды
тақтайшалар өлшеу нәтижелеріне әсер етеді.
Өлшеу барысында қолғап киіп жүрмеңіз және жеткілікті жерге
тұйықтаудың бар болуын қадағалаңыз. Жерге тұйықтау жеткіліксіз
болса, кернеу өткізгіш сымдарды анықтау функциясы бұзылуы мүмкін.
Өлшеу барысында мобильді телефондар, ноутбуктер немесе
планшеттер сияқты қатты электрлік, магниттік немесе
электрмагниттік өрістерді шығаратын құрылғылардың жанында
тұрмаңыз. Мүмкіндік болса, сәулеленуі өлшеу әрекетіне кедергі келтіре
алатын барлық құрылғыларда тиісті функцияларды ажыратыңыз немесе
құрылғыларды өшіріңіз.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосудан алдын сенсор аймағының (17) ылғал болмауына
u
көз жеткізіңіз. Қажет болса, өлшеу құралын шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
Егер өлшеу құралы қатты температура өзгерісінде болса оны қосудан алдын
u
температурасын теңестіріңіз.
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (7) басыңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (7) қайтадан басыңыз.
Шамамен 5 минут ішінде өлшеу құралындағы ешбір түйме басылмаса және
ешқандай нысан анықталмаса, өлшеу құралы автоматты түрде өшіріледі.
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
Дыбыстық сигнал түймесі (6) дыбыстық сигналды қосып өшіруге мүмкіндік береді.
Дыбыстық сигнал өшіп тұрғанда, дисплейде Дыбыстық сигналдың күй
индикаторы (c) пайда болады.
Жұмыс істеу қағидасы (B суретін қараңыз)
Өлшеу құралы арқылы датчик аймағының (17) астыңғы беті A өлшеу бағытымен
максималды анықтау тереңдігіне дейін зерттеледі.
Bosch Power Tools
Қазақ | 307
1 609 92A 92B | (17.11.2023)