Нақты нысан жиектері үшін өлшеу құралын нысан ортасынан Жарық
сақинасының (1) қызыл түспен жануы тоқтағанша тігінен жылжытыңыз.
Белгілеу саңылауы (2) өлшеу ортасының үстіңгі жаңында орналасқан.Бұл жерде
нысанның ортасын немесе жиектерін қажетінше белгілеуге болады.
Нұсқау: нысанды белгілеу саңылауы (2) арқылы белгілегеннен кейін (мысалы,
қарындашпен) жаңа өлшеуді бастау қажет, себебі қарындаш өлшемге әсер етуі
мүмкін.
Анықталған нысанның түрі дисплейде көрсетіледі:
(h)
магниттік емес металл (мысалы, мыс құбыр)
(g)
магниттік металл (мысалы, арматуралық темір)
(f)
кернеу өткізгіш, мысалы, ток сымы
(e)
металдан жасалмаған, мысалы, ағаш арқалықтар
Кернеулі сымдардың орны туралы ақпарат
– Сым кернеу астында болуы тиіс. Сондықтан қуат тұтынушыларын (мысалы,
шамдар, құрылғылар) іздеу өткізілетін қуат сымына жалғаңыз. Қуат сымының
кернеу астында болғанына көз жеткізу үшін қуат тұтынушыларын қосыңыз.
– Ток сымының 50–60 Гц сигналы өлшеу құралына жетуі қажет. Егер сым
ылғалды қабырғаларда (мысалы, ауа ылғалдылығы > 50%), металл үлдірлердің
(мысалы, жылу оқшаулағыштар) артында немесе металл қорғаныш құбырда
орналасса, сигналы өлшеу құралына жетпейді және сымды анықтау мүмкін
болмайды.
– Өлшеу құралы жақсы жерге тұйықталған болуы тиіс. Ол үшін тұтқа бетінен (8)
(қолғапсыз) берік ұстаңыз. Жермен жақсы байланыстың бар болғанына көз
жеткізіңіз. Оқшауланған аяқ киім, саты немесе платформалар байланысқа
кедергі келтіре алады. Еденнің өзі жерге тұйықталған болуы тиіс, әйтпесе сымның
орнын анықтау мүмкін болмайды.
– Ток сымының 50–60 Гц сигналы сым арқылы тікелей қоршаған ортадан
күшті болуы тиіс. Егер қабырға тым дымқылнемесе нашар жерге тұйықталған
болса, сигнал бүкіл қабырға бойынша бірдей күшке ие болады. Сонда өлшеу
құралы үлкен аймақ бойынша сигналдың табылғанын көрсетеді, алайда сымның
орнын дәл анықтау мүмкін болмайды.
Мұндай жағдайда сигналды қабырғадан ығыстыру үшін бос қолыңызды
Bosch Power Tools
Қазақ | 309
1 609 92A 92B | (17.11.2023)