ҚОСЫЛЫМДАР ЖАСАУ: Осы жабдықпен пайдаланылатын ілмектер мен карабиндер өздігінен құлыпталатын болуы тиіс.
2.5
Барлық жалғанған жерлердің өлшемдері, пішіні және беріктігі үйлесімді болғанына көз жеткізіңіз. Үйлеспейтін жабдықты
пайдалануға болмайды. Барлық жалғағыштардың толық жабылып, құлыпталғанын тексеріңіз. 3M жалғағыштары (бекітілетін
ілмектер және карабиндер) тек өнімнің пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілгендей пайдалану үшін жобаланған. Дұрыс
жалғамаудың мысалдарын 5-суреттен қараңыз. Ілмектерді және карабиндерді келесі жағдайларда жалғауға болмайды:
A.
Басқа жалғағыш бекітілген D пішіндес сақинаға жалғау.
B.
Ысырмаға күш түсіретін жолмен жалғау. Ілгек 16 кН (3600 фунттық) ысырмамен жабдықталған жағдайларды есепке
алмағанда, ауызы үлкен ілмектерді стандартты өлшемдегі D пішіндес сақиналарға немесе соған ұқсас заттарға жалғауға
болмайды, себебі ілмек немесе D пішіндес сақина бұралған немесе айналған кезде ол ысырмаға күш түсіреді.
C.
Жалғағыштардың өлшемі мен пішіні үйлеспей, дұрыс жалғанбаған кезде, жалғағыштар визуалды растаусыз толық
бекітілген болып көрінеді.
D.
Бір-біріне жалғау.
E.
Тікелей тоқыма бауға, арқан белдігіне немесе арқандық ілмекке жалғау (екі арқанға және жалғағышқа арналған
өндірушінің нұсқаулығында бұндай қосылымға рұқсат етілген жағдайларды есепке алмағанда).
F.
Ілмектің немесе карабиннің жабылуына немесе құлыпталуына мүмкіндік бермейтін және шығып кетуі мүмкін пішіндегі
немесе өлшемдегі кез келген затқа жалғау.
G.
Салмақ түскен кезде жалғағыштың тиісті түрде туралануына мүмкіндік бермейтін жолмен жалғау.
3.0 ОРНАТУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
3.1
ЖҰМЫСТЫ ЖОСПАРЛАУ: Жұмысқа кірісуден бұрын құлаудан қорғау жүйесін пайдалануға қатысты жоспар
құрыңыз. Құлаудан бұрын, құлаған жағдайда және одан кейін қауіпсіздігіңізге әсерін тигізуі мүмкін барлық
факторларды ескеріңіз. 1-бөлімде берілген барлық талаптар мен шектеулерді ескеріңіз.
3.2
БЕКІТУ НҮКТЕСІ: Еркін құлау аралығы және тербеліс салдарынан құлау қаупі ең төмен болатын бекіту нүктесін
таңдаңыз (1-бөлімді қараңыз). 1-бөлімде берілген статикалық жүктемелерді көтере алатын берік бекіту нүктесін
таңдаңыз.
3.3
ДЕНЕ САЛМАҒЫН ІЛУ БЕКІТПЕСІ: Шектегіш/жұмыс күйін бекітетін ілгіш бауды денені толығымен ілетін белдік
немесе дене бауымен бірге пайдаланыңыз. Шектегіш ілмекті пайдаланар кезде ілгіш бауды сақтандырғыш белдік
немесе баудағы тиісті тіркеме элементіне (D тәрізді сақина) жалғаңыз. Ілмекті өзге жағдайларда пайдалану мен
ұсынылған бекіту нүктелері туралы білу үшін сақтандырғыш белдік немесе баумен бірге берілген қараңыз.
3.4
ЖҰМЫС ОРНЫН БЕКІТКІШ БАУҒА ЖАЛҒАУ: жалғаған кезде оның шығып кетпейтініне көз жеткізіңіз.
(2.5 «Қосылымдар» бөлімін қараңыз.) Шығып кету жағдайы ілгек пен оған тиетін жалғағыш арасындағы өзара
әрекеттің нәтижесінде ілгек ысырмасы өздігінен ашылып, босап кеткенде орын алады.
1-ҚАДАМ: Құлыпталатын арқанды бекіту жалғағышын (1-суретті қараңыз) оператордың дене белдігінде немесе
толық сақтандыру белдігінде орналасқан сол жақ немесе оң жақ D пішіндес сақинаға жалғаңыз.
2-ҚАДАМ: Ілгіш бауды 12 kN (2 698 lb) не одан жоғары салмақты көтере алатын берік анкерлік бекіткішке
ораңыз. Ілгіш баудың іліну нүктесінен төмен немесе ары қарай сырғып кетпейтіндей бекітілгенін
тексеріңіз.
3-ҚАДАМ: Ілгіш баудың дене жалғағышын (1-суретті қараңыз) қарама-қарсы жақтағы D пішіндес сақинаға
жалғаңыз. Жалғанған кезде, ілмектің
немесе карабиннің ысырмасы сыртқа және пайдаланушыдан басқа жаққа қарап тұруы қажет.
4-ҚАДАМ: Арқанды қысқарту үшін оның ұшын анкерлік бекіту нүктесіне тігінен төмен қарай тартыңыз. (6-сурет)
5-ҚАДАМ: Артқа шалқайып, арқанды реттегіштен өткізіңіз. Реттегіш қажетті
күйде болғанда оны босатыңыз. (7-сурет)
6-ҚАДАМ: Анкерлік бекіткіштің беріктігін, қосылымдардың дұрыстығын және арқанның реттелгенін төмендегі
пункттер бойынша тексеріңіз:
•Анкерлік бекіткіштің жүк көтергіштігі жеткілікті.
• Ілмек пен карабин толық сақтандыру белдігіне немесе дене белдігіне дұрыс жалғанған.
• Ілгіш бау анкерлік бекіту нүктесінен төмен немесе ары қарай сырғып кетпейді.
• Ілгіш баудың керілісі дұрыс.
;
Арқанға орап ілу үшін ілмекті немесе карабинді пайдалануға болмайды. Жалғағыштың екеуі де өз жағындағы D
пішіндес сақиналарға жалғануы тиіс. Толық сақдандыру белдігіне бір ғана жалғағыш бекітілген жағдайда реттемелі жұмыс
орнын бекіткіш бауды пайдаланбаңыз.
4.0 ПАЙДАЛАНУ
;
ілгіш бауларды (ілгіш бауларды) алғашқы рет немесе сирек пайдаланатын қолданушылар ілгіш бауды
пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықтың басындағы «Қауіпсіздік мәліметімен» танысуы керек.
4.1
ЖҰМЫСШЫ ТАРАПЫНАН ӨТКІЗІЛЕТІН ТЕКСЕРІС: Әр пайдаланудан бұрын ілгіш бауды тексеру және күтім
жасау кітапшасы (2-кесте) бөліміндегі тексеру тізіміне сай тексеріңіз. Егер тексеріс қауіпсіз жағдайдың бар
екенін немесе ілгіш баудың зақымданғанын немесе құлау кезінде пайдаланылғанын анықтаса, ілгіш бауды
пайдалануды доғарып, жойып жіберіңіз.
4.2
ЖҰМЫСЫ: Әрдайым ілгіш баудың денені ұстап тұратын ұшын алдымен денені толығымен сақтандырғыш
белдікке немесе дене белдігіне, содан кейін ғана төменгі жақ үшін ыңғайлы бекіту нүктесіне жалғаңыз. Құлау
қаупіне жақын жерлерде ілгіш баудың бос бөлігін бекіту нүктесіне барынша жақындап жұмыс жасау арқылы
әрдайым азайтып отырыңыз. Денені ұстап тұратын бау мен бекіту нүктесіне жалғауға қатысты мәлімет алу үшін
3-бөлімді қараңыз. Пайдалану кезінде бекіту және / немесе реттеу элементтерін үнемі тексеріп отырыңыз.
4.3
ҚҰЛАҒАННАН КЕЙІН: Құлау кезінде ұстап қалу күштері әсер еткен немесе орнату және күтім жасау кітапшасы
(2-кесте) сипатталғандай құлаудан қорғау күштерінің әсіріне сай келетін зақымдану белгілері бар кез келген
ілгіш бауды пайдалануды дереу доғарып, жойып жіберу қажет.
103