Өнімге Қызмет Көрсету; Техникалық Деректер; Пайдалану Шарттары - Grundfos NK Serie Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 71
6. Өнімге қызмет көрсету
Сорғының шеткі бөлігіне қызмет көрсетуді жұмыс
орнында орындауға болады. Сорғының шеткі
бөлігін бекітілген ATEX шеберханасына жіберудің
қажеті жоқ.
Келесі бақылау тізімін қатаң түрде
ұстаныңыз.
Ол қатаң жергілікті техникалық қызмет
көрсету кестесіне қарай өзгеруі мүмкін.
1. Біліктің тығыздалуы мен қосымша бөлшектері
жұмыс боларлық күйде болуын күн сайын
тексеріңіз.
2. Күн сайын мойынтірек білігінің айналасында
майдың ағуын тексеріңіз. Егер білік
қаптамаларында майдың кез келген төгілуі
болса, ол келесі себептердің біріне
байланысты болуы мүмкін:
– Мойынтіректің кронштейні толып кеткен.
– Толтыру саңылауындағы көмей тесігі
бітелген.
– Білік қамтамасында ақау бар.
3. Əр апта сайын майлағышты жəне кронштейн
шуын тексеріңіз. Егер мойынтірекетер тоза
бастаса, олар ауыстырылу тиісті. Оңтайлы
пайдалану жағдайында мойынтіректердің
қызмет ету мерзімі оның жобаланған мерзіміне
жетуі мүмкін. Осы кезеңнен кейін,
мойынтіректердің орнын ауыстыруды
ұсынамыз.
4. Резенке бөлімдерінің жалғанған жерін əр төрт
апта сайын тексеріңіз. Егер мойынтіректер
тоза бастаса, олар ауыстырылу жəне
сорғының туралануы тексерілуі керек.
5. Мерзімді техникалық жөндеу немесе сорғыға
қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу кезінде
тығыздағыш сақиналарда тесіктердің бар-
жоғын, олардың серпінділігін жəне пішіндерінің
бірқалыпты өзгеруін тексеріңіз. Қажет болған
жағдайда, ауыстырыңыз.
6. Тапсырыс беруші келесілерді орындауға
міндеттеледі:
– Ұшқынқауіпсіз құралдарды пайдалану керек
не керек еместігі немесе қызмет көрсету
үшін жүйені өшіру керек не керек еместігі
жайлы шешім қабылдау.
– Жанғыш шаң тиетін қондырғыларда
сорғының беттерін тазалау сызбасын
орнатыңыз.
7. Жанғыш шаң ортасында орналасқан сорғыны
тазалау кезінде, біліктің қорғаныс қаптамасын
жұптастырылған қорғаныс қаптамасын шешіп
алып, біліктің қуысын тазалауды ұмытып
кетпеңіз.
8. Орнатылған сорғы дұрыс жұмыс істеп тұруы
үшін оны аптасына бір рет іске қосып тұру
қажет.
9. Қысым немесе жуылу жүйесін жылында бір
рет тазалау керек. Қосымша бөліктер үшін
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Бұл
мақсатпен сорғыны пайдаланудан
шығарыңыз.
10. Барлық бекіткіш бөлшектер үшін айналу
сəттерін NK, NKG сорғыларына арналған
қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтардан
табуға болады.
7. Техникалық деректер
7.1 Пайдалану шарттары
7.1.1 Сұйықтық температурасы
Максималды сұйықтық температурасы тұтынушы
арқылы көрсетілген температура класы мен білік
тығыздауышына байланысты болады.
Температура
дəрежесі
T1
T2
T3
T4
T5
T6
Келесі суретте сорғы бетінің максималды
температурасы көрсетілген. Бұл температура
сұйықтықтың максималды температурасы мен
білік тығыздауышындағы қызу температурасының
нəтижесі болып табылады.
T [°C]
12. сур.
Максималды бет температурасын
есептеу
Сорғы бетінің максималды температурасы
тұтынушы арқылы көрсетілген температура
сыныбындағы максималды бет
температурасынан кемінде 5 °C төмен болуы
қажет.
Максималды сұйықтық температурасы мен
тұтынушы арқылы көрсетілген температура
сыныбы сорғымен бірге берілген "негізгі қолдану
техникалық сипаттамасы" құжатында берілген.
Осы құжат соңындағы мысалды қараңыз.
Максималды бет
температурасы
[°C]
450
300
200
135
100
85
Сорғы бетінің
максималды
температурасы
Білік
тығыздағышында
температураның
көтерілуі (Grundfos
арқылы
Айдалатын
сұйықтықтың
максималды
температурасы
307

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Nkg serie

Tabla de contenido