3M Nano-Lok Manual Del Usuario página 163

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 69
1.0 ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1
МАҚСАТЫ: Өздігінен жиналмалы құрылғылар (ӨЖҚ-лар) жеке құлауды тоқтату жүйесінің (ЖҚТЖ) құрамдасы ретінде пайдалануға
арналған. 1-суретте осы пайдалану нұсқаулығында қамтылған ӨЖҚ-лар көрсетілген. Оларды жұмысшының ептілігін және құлаудан
қорғауды қамтамасыз ету қажет болатын жағдайларда (мыс. тексеру жұмыстары, жалпы құрылыс, техникалық қызмет көрсету
жұмыстары, мұнай өндіру, тар жерлерде жұмыс істегенде) пайдалануға болады.
1.2
СТАНДАРТТАР: Сіздің ӨЖҚ-ңыз осы нұсқаулықтың алдыңғы мұқабасында көрсетілген мемлекеттік және аймақтық стандарт(тар)ға
сәйкес келеді. Жеке құлаудан қорғау жүйесі туралы қосымша ақпарат алу үшін еңбек қауіпсіздігін реттейтін жергілікті, мемлекеттік
және федералдық (OSHA) нормаларды қараңыз.
1.3
ОҚЫТУ: Бұл жабдық оны дұрыс қолдану бойынша оқытылған адамдар тарапынан пайдаланылуы қажет. Осы нұсқаулықты оқып
шығу, жабдықты күтіп ұстау және оны дұрыс пайдаланылуды үйренуге пайдаланушының жауапкершілігіне жатады. Пайдаланушы
жұмыс сипаттары, қолданыс шектеулері және дұрыс пайдаланбау салдары жөнінде хабардар болуы тиіс.
1.4
ШЕКТЕУЛЕР: Осы жабдықты орнату немесе пайдалану кезінде келесі шектеулерді ескеріңіз:
Жүк көтергіштігі: ӨЖҚ-лар (киім, құралдар, т.б. қоса алғандағы) жалпы салмағы 1-кестеде көрсетілген Жүк көтергіштігі
диапазонына сәйкес келетін бір адамның пайдалануына арналған. Жүйедегі барлық құрамдастардың жүк көтергіштігі қолдану
жағдайына сай келетіндігін тексеріңіз.
Анкерлік бекіткіш: ӨЖҚ-ға арналған анкерлік құрылым 12 кН (2697 фунт) жүктемелерді көтере алатын болуы қажет. Анкерлік
бекіту құрылғылары EN795 немесе басқа да қолданыстағы анкерлік жалғағыш стандарттарына сай болуы тиіс.
Құлыптау жылдамдығы: Кедергісіз құлау жолы болмайтын жағдайларға жол бермеуіңіз қажет. Оқшауланған немесе тар
жерлерде не еңіс беттерде жұмыс істеп, құлаған жағдайда дене жылдамдығы ӨЖҚ құрылғысының құлыпталуы үшін жеткіліксіз
болуы мүмкін. Құм немесе бидай сияқты баяу суситын материал үстінде жұмыс істеген кезде жылдамдық ӨЖҚ құрылғысының
құлыпталуы үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. ӨЖҚ құрылғысының дұрыс құлыпталуын қамтамасыз ету үшін ашық жол қажет.
Еркін құлау: Анкерлік бекіткіш бастың үстінде орнатылғанда, ӨЖҚ-лар еркін құлау қашықтығын 0,6 м-ге (2 футқа) шектейді
қашықтығының тым үлкен болуына жол бермеу үшін, ӨЖҚ-ны дәл жұмыс деңгейінің үстінен бекітіңіз. ӨЖҚ-ны 1,5 м-ден (5 фут)
артық еркін құлау қашықтығын жасайтын анкерлік бекіту нүктесіне бекітуге болмайды. Сақтандыру арқаны басқа жұмысшының
сақтандыру арқанына оралуы немесе шатасуы мүмкін болатын жерлерде жұмыс істемеңіз. Бір нәрсе құлап, сақтандыру арқанына
соғылуы нәтижесінде тепе-теңдіктің жоғалуына немесе сақтандыру арқанының зақымдалуына әкелуі ықтимал жерлерде жұмыс
істемеңіз. Сақтандыру арқанын қолдың астынан немесе аяқтың арасынан өткізуге болмайды. Сақтандыру арқанын қысуға, түюге
немесе оның жиналуына не қатты керуге болмайды. Желінің босап тұрмауын қамтамасыз етіңіз.3M компаниясымен ақылдаспай,
ілгіш бауды немесе соған ұқсас құрамдасты жалғау арқылы ӨЖҚ-ларды ұзартпаңыз.
Тербеліп құлау: Анкерлік бекіту нүктесі құлау орын алатын нүктенің дәл үстінде болмаған жағдайда тербеліп құлау орын алады.
Тербеліп құлау кезінде қандай да бір затқа соғылудың күші ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін (3A суретін қараңыз). Тербеліп құлау
ықтималдығын барынша азайту үшін мүмкіндігінше бекіту нүктесінің дәл астында жұмыс істеңіз (3B суреті). Анкерлік бекіту
нүктесінен (3C суреті) алыс жұмыс істеу шайқалып құлау әсерін арттырады және қажетті құлау аралығын (ҚА) арттырады.
Құлау аралығы: 3B суретінде құлау аралығын есептеу әдісі көрсетілген. Құлау аралығы (ҚА) ‒ еркін құлау (ЕҚ), бәсеңдеу
қашықтығы (БҚ) және қауіпсіздік коэффициентінің (ҚК) қосындысы болып табылады: ҚА = ЕҚ + БҚ + ҚК. D тәрізді сақинаның
жылжуы мен ілгіш баудың керілісі қауіпсіздік коэффициентіне қосылған. Құлау аралығының мәндері есептелген және
4-суреттегі диаграммаға енгізілген. 4-суреттегі барлық мәндерге 1 м (3,28 фут) қауіпсіздік коэффициенті қолданылған.
4-суреттегі құлау аралығы (ҚА) артқы ӨЖҚ қосылымы мен анкерлік бекіту нүктесі арасындағы көлденең (К) және тік (Т)
қашықтық негізінде көрсетілген. Диаграмма(лар)дағы әрбір көлденең тор сызығы анкерлік бекіту нүктесінен тік қашықтықты
білдіреді. Әрбір тік тор сызығы анкерлік бекіту нүктесінен көлденең қашықтықты білдіреді. Құлау аралығының (ҚА) мәні
көлденең (К) және тік (Т) тор сызықтары қиылысатын аймақ (параболалық сызықтар) арқылы анықталады. 4-суреттегі мысалда
аталған көлденең (К) және тік (Т) қашықтықтар үшін қажетті құлау аралығын (ҚА) анықтау әдісі көрсетілген.
;
Өзгермелі анкерлік бекіту нүктелері: 4-суреттегі құлау аралықтары қатты, тұрақты анкерлік бекіту
нүктесіне негізделген. Егер көлденең сақтандыру арқанына (КСА) немесе құлау барысында қозғалуы, жылжуы немесе
деформациялануы мүмкін анкерлік нүктеге бекітілетін болса, 4-суреттегі құлау аралығының мәндері қолданылмайды.
Қажетті құлау аралықтары, ауытқулар және/немесе деформацияларды КСА немесе анкерлік бекіткіш нұсқаулығынан
қараңыз.
;
Тізерлеу немесе жүресінен отыру: 4-суреттегі аралық диаграммаларында жұмысшының тік тұрған күйде болғаны
жобаланған. Егер жұмысшы тізерлеп немесе жүресінен отыратын болса, қосымша 0,9 м (3 фут) құлау аралығы қажет
болады.
;
Аяқтың астынан анкермен бекітуге болмайды: аяғыңыздан төмен тұрған анкерлік бекіту нүктесіне жалғамаңыз.
Қауіптер: Пайдаланушының жарақат алу немесе жабдықтың зақымдалу ықтималдығын барынша азайту үшін, бұл жабдықты
қоршаған ортаның қауіпті аймақтарында пайдаланған кезде қосымша сақтық шараларын қолдану қажет болуы мүмкін.
Қауіп-қатерлерге келесілер кіруі, бірақ олармен шектелмеуі мүмкін: жылу, күйдіргіш химиялық заттар, коррозиялық орталар,
жоғары кернеулі қуат желілері, жарылғыш немесе улы газдар, қозғалмалы техника немесе құлап, пайдаланушыға немесе
жеке құлауды тоқтату жүйесіне тиюі мүмкін жоғарғы жақтағы материалдар. Сақтандырғыш арқан басқа жұмысшының ілгіш
бауына оралуы немесе шатасуы мүмкін болатын жерлерде жұмыс істемеңіз. Бір нәрсе құлап, сақтандыру арқанына соғылуы
нәтижесінде тепе-теңдіктің жоғалуына немесе сақтандыру арқанының зақымдалуына әкелуі ықтимал жерлерде жұмыс
істемеңіз. Сақтандыру арқанын қолдың астынан немесе аяқтың арасынан өткізуге болмайды.
Үшкір жиектер: Құлау барысында ӨЖҚ құрылғысы тиюі мүмкін үшкір жиектердің радиусы кемінде 0,3 см (0,125 дюйм) болуы
тиіс. Үшкір жиекке тиюдің алдын алу мүмкін болмаса, жиекті қорғағыш материалмен жабыңыз.
1 Еркін құлау: ӨЖҚ-ның дұрыс қолданылып, пайдаланушының тікелей анкерлік бекіту нүктесінің астында жұмыс істеуі және сақтандыру арқанының босап тұрмауы еркін құлауды
тоқтатады. Жарамды анкерлік бекіту орындарын 4-суреттен қараңыз.
163
. Құлау
1

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Productos relacionados para 3M Nano-Lok

Tabla de contenido