3M DBI SALA 7234034 Manual De Instrucciones página 122

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 48
3.0
ОРНАТУ
;
DBI-SALA Бір орынға бекітілетін анкер орнату жұмыстарын білікті тұлға жүргізуі немесе қадағалауы қажет
3.1
ЖОСПАРЛАУ. Бір орынға бекітілетін анкерді орнатпай тұрып, құлаудан қорғау жүйесінің жоспарын жасаңыз. Құлаудан
бұрын, құлаған жағдайда және одан кейін қауіпсіздігіңізге әсерін тигізуі мүмкін барлық факторларды ескеріңіз. 2-бөлімде
және 1-кестеде берілген барлық талаптарды, шектеулерді және сипаттамаларды ескеріңіз. Бір орынға бекітілетін анкерді
үшінші тарап (пайдаланушы емес) орнатқан кезде, орнатушы маман осы пайдалану нұсқаулығын қамтитын құжаттаманы
және осы нұсқаулардың талаптары сақталғанын растайтын құрастыру туралы мәліметтерді дайындап, беруі қажет.
3.2
ЖҮКТЕУ БАҒЫТЫ. 7-суретте бір орынға бекітілетін анкерге арналған дұрыс жүктеу бағыттары көрсетілген. Жүктеме анкер
бетіне параллель бағытта түсірілуі тиіс. Бір орынға бекітілетін анкер 2.2 бөлімінде тізімі берілген мәндерге сәйкес құлауды
тоқтату жүктемесін шектейтін жүйелер арқылы пайдалануға арналған. Тұрақты жүктеме 272 кг-нан (600 фунт) аспауы
керек. Бір орынға бекітілетін анкерге бір уақытта тек бір адамды тіркеуге болады.
;
7234109 үлгісі EN 795 талаптарына сәйкес бір пайдаланушы мен бір құтқарушыны бір уақытта бекітуге есептеліп
әзірленген.
3.3
ҚҰЛАУ ФАКТОРЛАРЫ. Бір орынға бекітілетін анкерді құлау факторының барлық жағдайларында пайдалануға болады:
0, 1 немесе 2.
3.4
БіР ОРЫнҒА БЕКіТіЛЕТін АнКЕРДі ОРнАТУ. 8-суретте Бір орынға бекітілетін анкерінің орнатылуы көрсетілген.
Бір орынға бекітілетін анкерді қатты металға (A), қоставрлы металл арқалыққа (B) немесе бапталған бетонға (C) орнатуға
болады. Бір орынға бекітілетін анкерді орнату үшін.
A.
ҚАТТЫ МЕТАЛҒА ОРнАТУ (БіТЕП БЕКіТУ).
1.
Таңдалған бекіткіш өлшемі мен бұрандасына сәйкес құрылымда саңылау бұрғылап, дайындаңыз. M12 немесе
M16 өлшемі, A2-70 немесе A4-70 класына жататын бекіткіш қажет.
2.
Бұрғылап дайындалған саңылауға Бір орынға бекітілетін анкерді бекітіңіз. Қоршаған орта жағдайларына
байланысты босап кетпеуі үшін, Loctite 243 сұйықтығын (немесе соған эквивалентті бұрандалық фиксаторды)
бұрандалық ойықтарға жағыңыз.
3.
Бекіткішті M12 үшін 50 Нм (37 фут-фунт) мәніне немесе M16 үшін 140 Нм (103 фут-фунт) мәніне бұраңыз.
B.
ҚОСТАВРЛЫ АРҚАЛЫҚҚА ОРнАТУ (БЕКіТУ АРҚЫЛЫ).
1.
Таңдалған бекіткіш өлшеміне сәйкес құрылымда саңылау бұрғылап, дайындаңыз. M12 немесе M16 өлшемі,
A2-70 немесе A4-70 класына жататын бекіткіш қажет.
2.
Бұрғылап дайындалған саңылауға Бір орынға бекітілетін анкерді бекітіңіз. Бекітетін гайканы және шайбаны
пайдалану қажет. Қоршаған орта жағдайларына байланысты босап кетпеуі үшін, Loctite 243 сұйықтығын (немесе
соған эквивалентті бұрандалық фиксаторды) бұрандалық ойықтарға жағыңыз.
3.
Бекіткішті M12 үшін 50 Нм (37 фут-фунт) мәніне немесе M16 үшін 140 Нм (103 фут-фунт) мәніне бұраңыз.
C.
БЕТОнҒА ОРнАТУ (БЕТОнҒА БЕКіТУ).
1.
Таңдалған бетон бекіткіші өндірушісінің нұсқауларына сәйкес құрылымда саңылау бұрғылап, дайындаңыз.
M16 желімделетін анкерлік жүйесін (Hilti HIT-HY 150 немесе соған балама) қолдану қажет.
2.
Таңдалған бетон бекіткіші өндірушісінің нұсқауларына сәйкес дайындалған саңылауға
Бір орынға бекітілетін анкерді орнатыңыз.
3.
Бекіткішті таңдалған бетон бекіткіші өндірушісінің нұсқауларына сәйкес бұрап орнатыңыз.
3.5
ҚҰЛАУДАн БЕКЕМДЕУ ЖҮЙЕЛЕРі. Нұсқаулар құлаудан бекемдеу жұмыстарына арнап әзірленуі тиіс (9D суретін
қараңыз). Құлаудан бекемдеу жүйелері пайдаланушылардың құлап кетуі мүмкін жерлерге баруына жол бермейді,
сондықтан еркін құлап кету жағдайлары орын алмайды. Бір орынға бекітілетін анкерге тіркеген кезде, жүктеу бағыттары
туралы білу үшін, 3.2 бөлімін қараңыз.
3.6
ҚҰЛАУДЫ ТОҚТАТУ ЖҮЙЕЛЕРі. Бір орынға бекітілетін анкер құлауды тоқтату жүйесінде пайдаланылған кезде,
құрылғы пайдаланушыдан мүмкіндігінше жоғарырақ орнатылуы тиіс. Бұл құтқару жұмыстарын оңайлатып, жазатайым
жағдайлардың болмайтындығына сенімділікті арттыра отырып, еркін құлап кету ықтималдылығын азайтады. Тербеліп
құлау ықтималдылығын арттыратын анкерлік бекіту орындарына жоламаңыз. Анкерлік бекіту нүктесі құлау орын алатын
нүктенің дәл үстінде болмаған жағдайда тербеліп құлау орын алады. Тербеліп құлау кезінде қандай да бір затқа соғылудың
күші ауыр жарақатқа немесе жазатайым жағдайға әкелуі мүмкін. Тербеліп құлау ықтималдығын барынша азайту үшін,
мүмкіндігінше бекіту нүктесіне жақын жерде жұмыс істеңіз. Бір орынға бекітілетін анкерге тіркеген кезде, жүктеу бағыттары
туралы білу үшін, 3.2 бөлімін қараңыз.
3.7
ЖҮКТЕМЕні ТЕКСЕРУ. Орнатқаннан кейін, Бір орынға бекітілетін анкер жүктемесі тексерілуі тиіс. Динамометр арқылы
5 кН (510 кг) жүктемені жапсарлас бетіне перпендикуляр бағытта кем дегенде 15 секунд жүктеме түсіріңіз. Бекітілген
жерлері ажырап кетпеуі керек немесе анкер құлақшасының пішіні өзгермеуі керек.
;
Сатып алушы талап етпесе, болат құрылымдарға тесіп орнатылатын анкердің жүктемесін сынап тексеру қажет емес.
Бір орынға бекітілетін әр анкер ешқандай деформациясыз, қажалмаған немесе бекіткіш шығып кетпейтіндей күйде және
5 кН (510 кг) жүктемеге төзімді болуы керек. Осы жағдайлардың кез келгені орын алса, анкер зақымдалған дегенді
білдіреді. Кез келген анықталған зақым тексерілген бекіткіш түрінің құрылыс материалында пайдалануға жарамайтынын
көрсетеді, сондықтан оны қолданудан бас тарту керек. Негізгі материал үшін жарамды бекіткіш туралы кеңес алу үшін,
бекіткіштің өндірушісіне хабарласыңыз.
Зақымдалған жері анықталса, жарамды бекіткішті алып, қайта сынап тексеру керек. Қолданудан бас тартылған кез келген
анкерлер тасталып, оларды кейін басқалар пайдаланбас үшін, орнату саңылаулары бітелуі тиіс. Сынақ жүргізілгеннен
кейін, құрылыс материалында сызаттардың немесе басқа да зақымдалған белгілердің жоқтығын мұқият тексеріп шығыңыз.
Анкер құрылыс материалының шетіне жақын болған маңызды. Құрылымның шетіне жақын орналасқан анкерлер үшін
қолданылатын бекіткіштің жарамдылығын бекіткіш өндірушісі тексеруі керек.
122
.
1

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido