НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ : Тоңазытқыш агент те, көбікті қабат та жанғыш болып табылады.
Техникалық қызмет көрсеткен, орнатқан, тасымалдаған және өңдеген кезде өрт қаупін
есте сақтаңыз.
• Құрлығыны жанғыш немесе коррозиялық газдар ағып кетуі ықтимал жерге қоюға тыйым
салынады, себебі жарылыс қаупі жоғары болып, құрылғы зақымдалуы мүмкін.
• Жерге қосу сымдары газ құбырына, гидравликалық жүйеге, найзағай тартқышқа немесе
телефонға қосылмауы тиіс. Бұл талапты орындамау электр тогының соғуына әкелуі
мүмкін.
• Қуат сымын тиісті рұқсатсыз ұзартпаңыз, бұл құрылғыны басқа құрылғымен бір
розеткаға қосуға болмайды, себебі бұл электр тізбектерінің қысқа тұйықталуына немесе
зақымдалуына әкелуі мүмкін.
• Бұл құрылғы дене, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі, сондай-ақ тәжірибесі
немесе білімі жеткіліксіз адамдар (балаларды қоса алғанда), егер олар олардың қауіпсіздігі
үшін жауапты адамның бақылауында болмаса немесе оны пайдалануға үйретілмеген
болса, пайдалануға арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз.
Егер тиісті қадағалауда немесе осы аспапты қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулықтар
берілген болса, сондай-ақ олар пайдалануға байланысты тәуекелдерді түсінетін болса,
бұл құрылғыны кемінде 8 жасқа толған балалар және дене, сезімталдық немесе ақыл ой
қабілеті шектеулі тұлғалар немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар пайдалана
алады. Балалар құрылғымен ойнамауы керек. Балаларға оны қадағалаусыз тазалауға және
оған техникалық қызмет көрсетуге болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Еріту процесін жылдамдату үшін өндіруші ұсынғаннан басқа
механикалық құралдарды немесе аспаптарды пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Құрлығының азық-түлік сақтау бөлімдерінде өндіруші ұсынған
түрлерге жатпайтын электр құралдарын пайдаланбаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Құрылғыны орналастырған кезде, сымның қысылып қалмағанына
немесе зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Осы құрылғының ішінде немесе оның артында құрамында тез
тұтанатын заттар бар аэрозольдер сияқты жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
• Баланың ішіне оңай кіре алмауы үшін сөрелерді орнында қалдырыңыз.
• Бұл құрылғы тек тұрмыстық жағдайда пайдалануға арналған.
2. ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
• Құрылғыны тазалау және техникалық қызмет көрсету туралы толық ақпаратты құрылғыны
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
• Осы құрылғыны орнатқан кезде құрылғыны пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген
сақтық шараларын сақтау қажет.
149
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
HE
AR
EN