Bowa LOTUS Serie Instrucciones De Uso página 105

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 19
сұйықтықтар болған кезде, абайлап қолдану керек.
10. Іске қосылып тұрғанда толқын арнасы кез келген металл немесе пластик
затқа тисе, құрылғыға зақым келуі мүмкін.
11. Үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін тек LOTUS керек-жарақтарын қолда-
ныңыз.
12. Электроқшаулау немесе жерге тұйықтау бұйымдары бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз.
13. Көп іске қосылып тұрғаннан кейін, құрылғының шеті қызуы мүмкін. Іске
қосыла сала жүзді тінге тигізбеңіз.
14. Байқаусызда іске қосылуы мүмкін болғандықтан, қолданылмаған кезде,
құрылғыны тінге тигізбеңіз.
15. Қысқыш пен іске қосылған толқын арнасы арасында тін болмаған кезде
қысқыш жабылса, қысқыштың төсеміне зақым келуі мүмкін.
16. Жабдық істен шыққан жағдайда, қосалқы жабдықтың болуын қамтамасыз
етіңіз.
17. Қысқышпен сығылмайтын «жұмсақ» тінді, сүйекті немесе резеңке асқазан
бандажы сияқты бейорганикалық заттарды тым қатты қыспау керек, себебі
бұл күйде манипулятор жоғары күш түзіп, оның салдарынан аспапқа зақым
келуі немесе ерекше жағдайларда қолданыстағы қысқыш ажырап кетуі
мүмкін. Аз күшпен қысыңыз, қалған жұмысты ультрадыбыс атқарады.
18. LOTUS Series 4 ультрадыбыстық хирургиялық жүйелері мен керек-жарақта-
рының пайдалану нұсқауларын ұстаныңыз.
19. Манипулятордың нұсқаулығын ұстаныңыз.
20. Түрлендіргіш қақпақшасы астындағы жер қайта өңдеуден кейін зарарсы-
здандырылмаған қалыпта болуы мүмкін. Түрлендіргішті зарарсыз емес
жерде генераторға жалғаңыз.
5.2 ҚОЛДАНЫСҚА ҚАТЫСТЫ
1. Бұл құрылғыны мына талаптарға сай келетін хирургтер ғана қолдануы
қажет
- өткізілетін хирургиялық процедуралар түрлері бойынша арнайы
оқытудан өткен және
- ультрадыбыстық хирургиялық аспаптарды қолдану бойынша арнайы
оқытудан өткен.
2. Пайдаланушы ЖЖ хирургиясының негіздеріне және қолдану ережелеріне
қатысты оқытудан өткен болуы және оларды толық білуі қажет.
3. Аспаптарды оқытудан өткен медициналық персонал ғана қолдануы керек.
4. Стент сияқты металл имплантаттарды дайындау үшін қолдануға болмайды.
5. Жүрекке, орталық қан айналым жүйесіне немесе орталық жүйке жүйесіне
қолдануға болмайды.
6. Ота жасалатын жерде жарылғыш газдар немесе тұтанғыш сұйықтықтар
және материалдар болмауы керек.
7. Аспап оқшауланбаған кез келген басқа аспапқа немесе нысанға тимеуі
қажет.
8. Түйісетін беттер көрініп тұрғанда ғана коагуляция жасауға болады.
9. Жүйкелердің маңында ота жасағанда абай болу қажет.
10. Байқаусызда іске қосылған жағдайда пациент жарақат алмауы үшін,
қосылып тұрған аспаптарды пациентке қоймаңыз.
5.3 ЭМҮ НҰСҚАУЛАРЫ
ЭМҮ-ге қатысты толық ақпаратты LOTUS Series 4 Ультрадыбыстық хирургиялық
жүйелері мен керек-жарақтарының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
6 ҚАЙТА ӨҢДЕУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Бір рет қолданылатын манипулятор / қосарланған жүз жеңі пайдаланылғаннан
кейін түрлендіргіштен шығарылып алынып, медициналық қалдықтар ретінде
тасталғанына көз жеткізіңіз. Өндіруші қайта өңдеу нұсқауларын LOTUS жүй-
есінің қайта қолданылуын қамтамасыз ету үшін бекіткен. Құралдарды қолдану-
дан бұрын төмендегі нұсқауларға сай зарарсыздандыру қажет. Құралдардың
бекітілген және калибрленген жабдықпен бақыланатын түрде қайта өңделуін
қамтамасыз етуге пайдаланушы жауапты. Қайта өңдеуші осы нұсқауларды
ұстанбаған жағдайда, оның әрекеттерінің тиімділігі мен ықтимал кері әсерін
бағалау қажет. Түрлендіргіштердің барлығы таза, бірақ зарарсыздандырыл-
маған қалыпта жеткізіледі. Түрлендіргіштердің барлығы жөнелтілуден бұрын
тексеріледі. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті дилерге немесе техникалық
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Түрлендіргіштерді ең көбінде 50
рет автоклавта өңдеуге болады.
105

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Productos relacionados para Bowa LOTUS Serie

Tabla de contenido