Кіріспе
Осы өнімді таңдағаныңыз үшін рақмет. Өнімдерді жобалау және өндіру кезінде біз пайдаланушылардың
қажеттіліктеріне сай келетін жоғары сапаны қамтамасыз етуге барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.
МАҢЫЗДЫ! БҰЛ ӨНІМДІ ДҰРЫС ОРНАТУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮШІН
ӨНІМДІ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН ОСЫ ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫН МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ. ОСЫ
НҰСҚАУЛЫҚТАҒЫ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ЕСКЕРТУЛЕРГЕ КӨҢІЛ БӨЛІП, НҰСҚАУЛЫҚТЫ
КЕЙІН ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ ЖЕРДЕ САҚТАҢЫЗ.
КЕЙІН ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТЫ
САҚТАҢЫЗ: МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ
1.
UP40 СЫМСЫЗ КӨГАЛ ШАПҚЫШЫНЫҢ (46 СМ) ПАЙДАЛАНЫЛУ МАҚСАТЫ
Бұл өнім тек сыртта пайдалануға арналған және оны ешбір жағдайда ғимараттың ішінде пайдалануға
болмайды.
Сымсыз көгал шапқыш құрғақ әрі жарықтандырылған ортада ғана пайдалануға арналған. Бұл көгал
шапқыш тек тұрмыстық жағдайда шөп шабуға арналған. Өнімді басқа мақсаттар үшін пайдаланбаңыз.
Өнімді физикалық, ақыл немесе сезгіштік қабілеттері төмен балаларға немесе ересек адамдарға
қолдануға болмайды.
Қаптаманы ашқан соң, өнімнің барлық аксессуарлары (болуы керек жағдайда) бар екеніне көз
жеткізіңіз. Өнім бүлінген не зақымдалған болса, оны пайдаланбай, дилерге қайтарыңыз. Бұл құралды
басқа адамға берсеңіз, пайдаланушы нұсқаулығымен бірге беруіңізді сұраймыз.
Жабдық коммерциялық, сауда немесе өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға арналмағанын ескеріңіз.
Егер жабдық коммерциялық, сауда немесе өнеркәсіптік мақсатта немесе осыған сай салаларда
пайдаланылған жағдайда, кепілдігіміз күшін жояды. Бұл өнім 5 жыл пайдалануға жарамды етіп
жасалған (болжалды қолдану мерзімі).
2.
ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕСКЕРТУЛЕР
ЕСКЕРТУ ОСЫ ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫМЕН БІРГЕ ҰСЫНЫЛҒАН БАРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
ЕСКЕРТУЛЕРІН, НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ, СУРЕТТЕР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРДЫ
ОҚЫҢЫЗ. ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОРЫНДАМАУ ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ
СОҒУЫНА, ӨРТКЕ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАРҒА СЕБЕП БОЛУЫ МҮМКІН.
КЕЙІН ЖҮГІНУ МАҚСАТЫНДА БАРЛЫҚ ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ ҚОЛЖЕТІМДІ ЖЕРДЕ
Ескертулердегі «электржетегі бар құрал» термині желілік (сымы бар) электржетегі бар құралға немесе
батарея арқылы жұмыс істейтін (сымы жоқ) электржетегі бар құралға қатысты пайдаланылады.
САҚТАҢЫЗ
133
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
EN