Descargar Imprimir esta página

Grundfos LSV Serie Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 937

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 215
1. Жалпы мәліметтер
Өнімді орнату алдында осы құжатты
оқып шығыңыз. Орнату мен пайдалану
әрекеті жергілікті ережелер мен жұмыс
жүргізу тәжірибесінің қабылданған
кодекстеріне сәйкес орындалуы қажет.
Ажырамалы корпусы бар Grundfos LSV сорғылары
электр қозғалтқышы, тірек рамасы және
сертификатталған муфта қаптамасы бар толық
сорғы ретінде немесе бос білік ұшы бар сорғы
ретінде жеткізіледі.
Бұл нұсқаулар сорғының екі түріне де
қолданылады.
LSV сорғысы электр қозғалтқыштың немесе басқа
түрдегі жетекпен іске қосылуы мүмкін. Кейін сорғы
электр қозғалтқышпен іске қосылады деп
болжаймыз.
1.1 Қауіп-қатерлер жайлы қысқаша
сипаттамалар
Төмендегі белгілер мен қауіп-қатерлер жайлы
қысқаша сипаттамалар Grundfos орнату және
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда, қауіпсіздік
техникасы жөніндегі нұсқаулықтарда және қызмет
көрсету жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетілуі
мүмкін.
ҚАУІПТІ
Егер орын алған жағдайда, өлімге
немесе ауыр дене жарақатына алып
келетін қауіп-қатерді білдіреді.
ЕСКЕРТУ
Егер орын алған жағдайда, өлімге
немесе ауыр дене жарақатына алып
келуі мүмкін қауіп-қатерді білдіреді.
САҚТАН
Егер орын алған жағдайда, жеңіл
немесе орташа дене жарақатына алып
келуі мүмкін қауіп-қатерді білдіреді.
Қауіп-қатерлер жайлы қысқаша сипаттамалар
келесі әдіспен құрылымданады:
СИГНАЛ СӨЗІ
Қауіптілік сипаттамасы
Ескертуді елемеудің салдары
Қауіп-қатерге жол бермеу шаралары.
1.2 Ескертпелер
Төмендегі белгілер мен ескертпелер Grundfos
орнату және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда,
қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтарда
және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтарда
көрсетілуі мүмкін.
Бұл ережелерді жарылу қаупі жоқ
өнімдер үшін ұстаныңыз.
Ақ графикалық таңбасы бар көк немесе
сұр шеңбер қолданылуы керек шараны
көрсетеді.
Қиғаш сызығы, мүмкін қара графикалық
таңбасы бар қызыл немесе сұр шеңбер
шара қолданбау немесе тоқтату керек
дегенді білдіреді.
Егер осы нұсқаулар қадағаланбаса, бұл
жабдықтың дұрыс емес жұмыс істеуіне
не бұзылуына әкелуі мүмкін.
Жұмысты жеңіл ететін кеңестер мен
ұсыныстар.
2. Өнімді қабылдау
2.1 Өнімді тексеру
Сорғы зауыттан қорапта немесе тиегішпен немесе
оған ұқсас көлікпен тасымалдауға арнайы
жасалған ағаш жәшікте жеткізіледі.
Сорғыны алғаннан кейін оның тасымалдау немесе
тиеу-түсіру жұмыстары кезінде зақымдалғанын
анықтау үшін оны көзбен шолып тексеріңіз.
Әсіресе мына тармақтарды тексеріңіз:
1. сынған немесе жарылған жабдық, соның ішінде
тірек рамасы, электр қозғалтқыш немесе сорғы
тіректері және ернемектері
2. электр қозғалтқыш желдеткішінің сынған
қақпағы, майысқан ілмек бұрандамалар немесе
зақымданған клеммалық қорап
3. жетіспейтін бөлшектер.
Бөлшектер немесе керек-жарақтар кейде жеке
оралады немесе жабдыққа бекітіледі.
Қандай да бір зақымдану немесе бөлшектердің
жоғалуы орын алған жағдайда, Grundfos
компаниясының өкілі мен тасымалдаушының
агентіне дереу хабарлаңыз.
937

Publicidad

loading