3.4.2 Кіріс құбырлары
Мүмкіндігінше сорғыны жүйедегі сұйықтық
деңгейінен төмен орналастырыңыз. Бұл
толтыруды жеңілдетеді, сұйықтықтың тұрақты
ағынын қамтамасыз етеді және сору биіктігінде оң
арынды қамтамасыз етеді.
Кіріс құбырының өлшемі мен орнатуы
өте маңызды.
Кіріс құбырын дұрыс орнатсаңыз, көптеген NPSH
проблемаларын болдырмауға болады. "Жалпы
сақтық шаралары" бөлімін қараңыз.
"Кіріс құбырлары жөніндегі нұсқаулар"
бөлімінде жалпы кіріс құбырларының екі
жағдайдағы орнатуы суреттелген:
•
Су басқан жүйелер: сұйықтық деңгейі сорғы
кірісінен жоғары болатын жабық жүйелер және
ашық жүйелер.
•
Сору биіктігі жүйелері: сұйықтық деңгейі
сорғы кірісінен төмен болатын жабық жүйелер
және ашық жүйелер.
Тиісті ақпарат
3.4.1 Жалпы сақтық шаралары
10. Өнімді қоқысқа тастау
3.4.3 Кіріс құбырындағы клапандар
Сорғы тұрақты сору биіктігі жағдайында жұмыс
істеп тұрса, сорғыны іске қосқан сайын толтыруды
болдырмау үшін кіріс құбырына кері клапанды
орнатыңыз. Кері клапан түрі қайырмалы немесе
қысымды жоғалтуы аз төменгі клапан болуы керек.
3.4.4 Шығыс құбыры
Шығыс құбырының алдында әдетте кері клапан
және оқшаулағыш немесе редукциялық клапан
болады. Кері клапан сорғыны шамадан тыс қарсы
қысымнан және сорғының кері айналуынан
қорғайды және электр қозғалтқыш жұмысын
тоқтатқан немесе істен шыққан жағдайда сорғы
арқылы кері ағынды болдырмайды.
Құбырлардағы үйкеліс шығындары мен
гидравликалық шуылды азайту үшін шығыс
құбырдағы (портта) ағынның жылдамдығы 3 м/с (9
фут/сек) аспауы керек.
Ұзақ көлденең жерлерде құбырды мүмкіндігінше
тегіс ұстаңыз.
Ілмектер сияқты биік нүктелерден аулақ болыңыз,
өйткені олар ауаны жинап, жүйені жабады немесе
біркелкі емес соруға әкеледі.
946
3.4.5 Қосалқы құбырлар
Дренаждар
Дренажды құбырларды сорғы корпусынан және
тығыздамадан ыңғайлы кәдеге жарату орнына
орнатыңыз.
Шаю құбырлары
•
Тығыздамамен жабдықталған сорғылар
Кіріс қысымы қоршаған орта қысымынан төмен
болғанда, майлауды қамтамасыз ету және ауаның
енуін болдырмау үшін тығыздамаларға сұйықтық
беріңіз. Әдетте бұған шығыс жағынан тығыздамаға
дейінгі шаю құбыры арқылы қол жеткізіледі.
Тығыздаманың қысымын бақылау үшін шаю
құбырына реттегіш клапанын немесе
диафрагманы орнатуға болады.
Егер айдалатын сұйықтық лас болса және оны
тығыздауыш сақиналарын шаю үшін пайдалану
мүмкін болмаса, тығыздамаға кіріс қысымынан 1
бар (15 фунт/шаршы дюйм) жоғары бөлек таза,
үйлесімді сұйықтық беруді ұсынамыз.
•
Механикалық тығыздағыштармен
жабдықталған сорғылар
Рециркуляцияны қажет ететін тығыздағыштар
әдетте сорғы корпусынан шаю құбырымен
қамтамасыз етіледі.
3.4.6 Өлшеу құралдары
Жұмыстың үздіксіз бақылауын қамтамасыз ету
үшін сорғының кіріс және шығыс ернемектеріне
манометрлерді орнатуды ұсынамыз. Кіріс
жағындағы манометр вакуумды өлшеуге қабілетті
болуы керек. Қысым іріктеуге арналған
келтеқұбырларды тек сынақ мақсатында ашу
керек. Шығыс жағындағы манометрдің өлшеу
ауқымы сорғының ең жоғары шығыс қысымынан
кемінде 20 % жоғары болуы керек.
Сорғы ернемектерінде манометрлермен өлшеу
кезінде манометрдің динамикалық қысымды
(жылдамдық қысымын) тіркемейтінін ескеріңіз.
Кіріс және шығыс ернемектерінің диаметрлері
әртүрлі және бұл екі ернемектегі ағынның әртүрлі
жылдамдығына әкеледі. Демек, шығыс
ернемегіндегі манометр техникалық құжаттамада
көрсетілген қысымды емес, одан төмен болуы
мүмкін мәнді көрсетеді.