Descargar Imprimir esta página

3M PF-602E ASB Manual Del Usuario página 257

Equipo filtrante motorizado

Publicidad

Idiomas disponibles
  • MX

Idiomas disponibles

  • MEXICANO, página 39
Душтан кейін, шығу процедуралары кезінде және Powered Air Turbo құрылғысын ары қарай тазалау алдында:
1.
Тыныс алу түтігін ажыратыңыз
2.
Powered Air Turbo құрылғысының шығысын жабыңыз
3.
Сүзгілерді алып тастаңыз және берілген сүзгі портының қақпақтарын пайдалану арқылы Powered Air Turbo
құрылғысының кірістерін жабыңыз. Осы операция барысында материалдардың осы аймақтарға кіруін
болдырмау үшін, абай болыңыз.
ТАЗАЛАУ
Ылғал шүберекпен немесе ысқышпен тазалаңыз. Ерітінділерді (мысалы, ацетон, скипидар) пайдаланбаңыз.
Қысымдалған ауа немесе қысымдалған сумен тазаламаңыз. Зарарсыздандыру үшін, 3M™ 105 сүлгілерін
пайдаланыңыз.
Жиналған материалды қағып немесе үрлеп шығару арқылы сүзгілерді тазаламаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Жалпы
Powered Air Turbo құрылғысына уәкілетті қызмет көрсету орталығында (3M тарапынан рұқсат етілген) жылына
кемінде бір рет қызмет көрсету керек. Уәкілетті қызмет көрсету орталығын табу үшін 3M компаниясына
хабарласыңыз.
Powered Air Turbo құрылғысын пайдаланудан алып тастау және АҚАУЛЫҚТЫ ТАБУ бөлімінде көрсетілген болса,
уәкілетті орталыққа қайтару керек.
Мақұлданбаған бөлшектерді пайдалану немесе рұқсат етілмеген өзгертулер өмірге немесе аяқ-қолдарға қауіп
төндіруі және кепілдіктің күшін жоюы мүмкін.
НЕ
Ауа ағынын тексеру
Дабылды тексеру
Жалпы тексеру
Зарарсыздандыру (қажет болса)
Тазалау
Батареяны зарядтау
Қайта зарядталатын батарея температурасы +10°C және +30°C аралығында болуы керек.
Зарядтау әрқашан шамамен +20 °C бөлме температурасында, шаңнан және тікелей күн сәулесінен қорғалған
құрғақ жерде жүргізілуі керек.
Әрқашан PF-602E-ASB құрылғысының зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз.
Ақаулы батареяларды (қызыл түсті шам жыпылықтайды) анықтау мақсатында зарядтау құралы әр зарядтау
циклінің алдында батарея тексерісін орындайды. Жаңа батареялар жинағы толық үш зарядтау циклінен (толық
зарядтаудан зарядтың толық таусылыуына дейін) кейін оңтайлы өнімділікке қол жеткізеді. Ескертпе: жаңа батарея,
ұзақ уақыт сақталған батарея немесе заряды мүлде жоқ батарея тұрақты жұмыс істемеуі және зарядтау процесінің
ерте тоқтатылуына себеп болуы мүмкін. Мысалы, 30 немесе 60 минут өткеннен кейін қызыл сигнал шамын
(зарядталуда дегенді білдіреді) бақылаңыз және қажет болса, зарядтауды бірнеше рет қайталаңыз. Тым суық/
ыстық ортада батарея зарядталмайды.
Жарылу ықтималдығы бар ортада зарядтамаңыз.
Пайдаланылмайтын кезде, батарея зарядының мүлде таусылыуын жол бермеу үшін, ауа үрлегішті әрқашан
зарядқа қойып отырыңыз. Артық зарядтаудың автоматты түрде алды алынады. Батареялар жинағының
сыйымдылығын сақтау үшін, қалыпты түрде зарядын толықтай таусып (батарея дабылы естілмейінше) отырыңыз.
Ескертпе: батарея заряды мүлде таусылған болса, оны қалпына келтіру үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына
("ӨҚО") жіберу қажет болуы мүмкін. Қажет болса, батарея тек ӨҚО тарапынан ауыстырылуы керек.
Қайта зарядтау
Зарядтау құрылғысын негізгі қуат көзіне (100-240 В/ 50 Гц) жалғаңыз. Ауа үрлегіш құрылғысына қосылмаған
жағдайда сигнал шамы жанбайды. Ауа үрлегіш зарядтау қосқышының қорғағыш қақпағын ашыңыз (5-суретті
қараңыз). Зарядтау тығынын зарядтау қосқышының ішіне енгізіп, тығынды орнына бекітілмейінше сағат тілі
бағыты бойынша сәл бұрыңыз, әйтпесе батарея зарядталмайды. Зарядтау автоматты түрде басталады. Зарядтау
барысында зарядтағыштың қызыл сигнал шамы жанып тұрады. Қажетті уақыт батарея күйіне байланысты. Қызыл
сигнал шамы өшіп, жасыл сигнал шамы жанып тұрғанда (күту режимі) зарядтау аяқталғанын білдіреді.
Құлыптау ысырмасын тартып, бір уақытта тығынды сағат тілі бағытына қарсы бұрғанда, зарядтау тығыны
ажыратылады. Содан кейін қорғағыш қақпақты жабыңыз.
ҚАШАН
Пайдаланудан бұрын
Пайдаланудан бұрын
Пайдаланудан бұрын – Қалыпты түрде пайдаланылмайтын болса, ай сайын
Пайдаланудан кейін
Пайдаланудан кейін
257
3M™ PF-602E ASB (KZ) Шығарылым B

Publicidad

loading