САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ
Құрғақ, таза жерде, тікелей күн сәулесінен, жылу көздерінен, бензин және еріткіш буларынан алыс жерде сақтаңыз.
-10°C және +30°C температура ауқымынан тыс немесе салыстырмалы ылғалдылғы (СЫ) 75%-дан жоғары
(тығыздалған сүзгілердің максималды СЫ 95%) орындарда сақтамаңыз.
Көрсетілгендей сақталғаннан кейін Powered Air Turbo құрылғысын пайдалану алдында қоршаған орта
температурасына жету үшін қалдыру керек.
Көрсетілгендей сақталған кезде Powered Air Turbo құрылғысының және сүзгінің күтілетін жарамдылық мерзімі
(пайдалануға дейінгі) өндірілген күннен бастап 5 жылды құрайды.
Тасымалдау кезінде Powered Air Turbo құрылғысын зақымдалудан қорғау керек.
Түпнұсқалық қорап өнімді Еуропалық Одақ ішінде тасымалдауға жарамды.
ЖАБДЫҚТАРДЫ БЕЛГІЛЕУ
Бас маскасын немесе бет маскасын таңбалау үшін сәйкес пайдаланушы нұсқауларын қараңыз.
Сүзгіні белгілеу үшін Сүзгі пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Powered Air Turbo құрылғысының шығарылған жылы Powered Air Turbo құрылғысының сыртқы және ішкі жағындағы
белгілерде орналасқан (алғашқы екі сан).
Батареяның шығарылған жылы мен аптасы аккумулятордағы белгіде орналасқан.
75
EN 12941:1998 + A2:2008
EN 12942:1998 + A2:2008
TH2/TM3
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Тыныс алу жолдарын қорғау*
EN 12941:1998 + A2:2008
EN 12941 TH2, 3M™ Versaflo M-206 & M-207 бет қалқанына немесе M-306 және M-307 дулығасына жалғанғанда
Номиналды қорғаныс коэффициенті** = 50
EN 12942:1998 + A2:2008
EN 12942 TM3, 3M™ FF-300 сериялы толық бет маскасына және FF-600 сериялы толық бет маскасына жалғанғанда
Номиналды қорғаныс коэффициенті** = 2000
* Газ сүзгісі бар электр қуатымен жұмыс істейтін сүзгілеу құрылғылары үшін 1-сыныпты газ сүзгісінде
концентрациясы 0,05 % мөлшерінен, 2-сыныпты газ сүзгісінде концентрациясы 0,1 % және 3-сыныпты газ
сүзгісінде концентрациясы 0,5 % мөлшерінен аспауы керек.
**Номиналды қорғаныс коэффициенті (NPF) - тыныс алу жолдарын қорғау құрылғысының берілген
сыныбына арналған тиісті еуропалық стандарттарда рұқсат етілген жалпы ішкі ағудың максималды пайыздық
мөлшерлемесінен алынған сан.
Көптеген елдер тағайындалған қорғаныс коэффициенттерін (ТҚК) қолданады. Мысалы:
•
Германия ТҚК: 20 (EN 12941 TH2 жүйесі) және 500 (EN 12942 TM3 жүйесі)
•
Ұлыбритания ТҚК: 20 (EN 12941 TH2 жүйесі) және 40 (EN 12942 TM3 жүйесі)
Қолданылатын болса, жұмыс берушілер НҚК/ТҚК көрсеткішінен төмен мәнді қолдануы мүмкін.
Бұл сандарды жұмыс орнында қолдану үшін, EN 529:2005 стандартын және ұлттық жұмыс орнын қорғау
нұсқаулығын қараңыз. Қосымша ақпаратты 3M компаниясынан алыңыз.
Бұл жабдықты пайдаланудан бұрын, осы нұсқауларды толық оқып шығу
керек
Сақтау температурасының ауқымы
Сақтау – Максималды салыстырмалы ылғалдылық
Жарамдылық мерзімінің аяқталуы
Қолданыстағы еуропалық стандарттар
Еуропалық стандарттарға сәйкес жіктелуі
Еуропалық сәйкестігі
Утилизациялау (WEEE)
259
3M™ PF-602E ASB (KZ) Шығарылым B