Descargar Imprimir esta página

Grundfos SL1 Serie Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 581

Ocultar thumbs Ver también para SL1 Serie:

Publicidad

6. Қауіпсіздік
Назар аударыңыз
Резервуарларға сораптарды орнатуды арнайы
дайындалған мамандар орындауы керек.
Резервуарлардағы немесе олардың қасындағы
жұмыс жергілікті ережелерге сəйкес орындалуы
керек.
Назар аударыңыз
Жарылу қаупі бар атмосфералы жұмыс алаңында
адамдар болмауы керек.
Назар аударыңыз
Желілік ажыратқышты 0 күйіне ауыстыруға
мүмкіндік болу керек. EN 60204-1, 5.3.2.
стандартында көрсетілген түрі мен талаптары.
Қауіпсіздік техникасы талаптарына сəйкес резервуардағы
барлық жұмыс резервуардан тыс жерде болатын
бақылаушының нұсқауымен жасалуы керек.
Бүкіл техникалық қызмет көрсету жəне қызмет
Ескерту
көрсету жұмыстарын сорап резервуардан
шығарылған күйде орындау ұсынылады.
Батырылатын канализациялық сулардың жəне сарқынды
сулардың сораптарға арналған резервуарларда улы жəне/
немесе ауру тудыратын заттар бар канализациялық су
немесе сарқынды сулар болуы мүмкін. Сондықтан, барлық
қатысатын адамдар тиісті жеке қорғағыш жабдықты жəне киім
киюі керек, əрі сораптағы жəне оның жанындағы бүкіл
жұмысты қолданыстағы гигиена туралы ережелерді қатаң
сақтап жүзеге асырылуы керек.
Назар аударыңыз
Сорапты көтермей тұрып тасымалдау тұтқасы
бекемделгенін тексеріңіз. Қажет болса,
бекемдеңіз. Көтеру немесе тасымалдау кезіндегі
абайсыздық қызметкердің жарақат алуына немесе
сораптың зақымдалуына əкелуі мүмкін.
6.1 Жарылыс қауіпі болуы мүмкін қоршаған орта
жағдайлары
Жарылыстан қорғалған сораптарды жарылыс қаупі болуы
мүмкін жерлерде жұмыс істеу үшін пайдалану керек.
5.2
бөлімін қараңыз.
Назар аударыңыз
SL1 жəне SLV сораптарын ешбір жағдайларда
жарылғыш, тұтанғыш немесе жанғыш
сұйықтықтарды айдамалау үшін пайдаланбау
керек.
Назар аударыңыз
Орнатым орнының сыныптамасын əр жеке
жағдайда жергілікті өрт сөндіру органы бекітуі
керек.
SL1 жəне SLV жарылыстан қорғалған сораптарын
қауiпсiз пайдаланудың арнайы шарттары:
1. Қозғалтқыштағы ылғалдылық жоғары немесе
температура жоғары болған жағдайда ылғал
релесі жəне жылу релесі бір тізбекке
қосылғанын, бірақ дабыл нəтижесі
(қозғалтқыштың тоқтауы) əр түрлі болуын
тексеріңіз.
2. EN/ISO 3506-1 стандартына сай ауыстырған
кезде пайдаланылатын болттардың сыныбы
A2-70 немесе одан жоғары болуы керек.
3. Жарылыстан қорғалған тораптардың
өлшемдері туралы ақпарат алу үшін
өндірушімен хабарласыңыз.
4. Айдалатын сұйықтықтың деңгейі қозғалтқышты
басқару тізбегіне жалғанған екі деңгейлік
релемен басқарылуы керек. Ең аз деңгей
орнатудың түріне байланысты жəне ол орнату
жəне пайдалану нұсқаулығында көрсетілген.
5. Үнемі жалғанған кабельдің сəйкес
механикалық қорғанышы бар екенін жəне
жарылыс қаупі бар аумақтан тыс жарамды
клеммалы тақтасы клеммаға жалғанғанын
тексеріңіз.
6. Сораптар үшін қоршаған ортаның температура
ауқымы -20 °C-тан +40 °C-қа дейінгі аралықты
құрайды, ал айдалатын ортаның максимал
температурасы +40 °C-ты құрайды.
Майдағы су датчигі бар сорап үшін ең төмен
қоршаған орта температурасы - 0 °C.
7. Статор орамдарындағы термоқорғаныштың
номиналды қосылу температурасы 150 °C
жəне қуат көзінің сөнуіне кепілдік береді; қуат
көзін қолмен қалпына келтіру керек.
8. Басқару құрылғысы WIO датчигін қосылған
қуат көзінің қысқа тұйықталу тогынан қорғауы
керек. Басқару құрылғысынан келетін
максималды ток 350 мА жоғары болмауы
керек.
581

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

Slv serie