8. Электр жабдығын жалғау
Назар аударыңыз
Сорапты құрғақ жұмыс істетуге болмайды.
Деңгейді бақылайтын қосымша реле сорапты
өшіретін реле істен шыққанда сорапты тоқтату
үшін орнатылуы керек.
Назар аударыңыз
EN 60204-1, 5.3.2. стандартына сəйкес сорапты
сыртқы желілік ажыратқышқа алшақ тұрған
контактілердің арасынан саңылау қалдырып
жалғаңыз.
Желілік ажыратқышты 0 күйіне ауыстыруға
мүмкіндік болу керек. EN 60204-1, 5.3.2.
стандартында көрсетілген түрі мен талаптары.
Электрге қосуды жергілікті ережелер мен
шарттарды сақтай отырып жасау керек.
Назар аударыңыз
Сораптар басқару блогына IEC қосылу сыныбы 10
немесе 15 қозғалтқыштың қорғаныс релесімен
жалғануы керек.
Назар аударыңыз
Қозғалтқышты қорғау тізбегінің қуат көзі төмен
кернеулі, 2 сыныпты болуы керек.
Қозғалтқышты қорғау сымдарын өткізу
диаграммасын
8.1 Cымдарды өткізу
диаграммалары
бөлімінен қараңыз.
Назар аударыңыз
Қауіпті орындарға арналған сораптарды басқару
блогына IEC қосылу дəрежесі 10 қозғалтқыштың
қорғау релесімен жалғануы керек.
Назар аударыңыз
Grundfos басқару блоктарын, сорап
контроллерлерін, Ex кедергілерін жəне қуат
кабелінің бос ұшын жарылыс қаупі бар жерлерде
орнатпаңыз.
Орнатым орнының сыныптамасын əр жеке
жағдайда жергілікті өрт сөндіру органы бекітуі
керек.
Жарылыстан қорғалған сораптарда сыртқы
жерлестіру өткізгішінің сораптағы сыртқы
жерлестіру клеммасына қорғалған кабель
қамытын пайдаланып жалғануы керек. Сыртқы
жерлестіру қосылымының бетін тазалаңыз жəне
кабель қамытын бекітіңіз.
Жерге қосу өткізгішінің көлденең қимасы кемінде
2
4 мм
болуы керек, мысалы, H07 V2-K (PVT 90 °)
түрі, сары/жасыл.
Жерге қосылым коррозиядан қорғалғанын
тексеріңіз.
Бүкіл қорғағыш жабдық дұрыс қосылуын
қамтамасыз ету қажет.
Мұндай қолданыс үшін жарылыс қаупі бар
орталарда қалтқылы сөндіргіштер үшін рұқсат
қажет. Қауіпсіз тізбекті қамтамасыз ету үшін
оларды Grundfos LC, LCD 108 сорап
контроллеріне LC-Ex4 ұшқын қаупі жоқ электр
схемасы арқылы жалғау керек.
Назар аударыңыз
Қуат кабелі зақымдалса, оны өндіруші, оның
сервистік қызметінің агенті немесе сол сияқты
білікті адамдар ауыстыруы керек.
Қозғалтқыштың қорғағыш сөндіргішін сораптың
номиналды тогының мəніне орнатыңыз.
Сақтан
Номиналды ток сораптың зауыттық
тақтайшасында көрсетілген.
584
Егер зауыттық тақтайшада "Ех" таңбасы болса,
Сақтан
сорапты осы кітапшада берілген нұсқауларға
сəйкес орнатыңыз.
Желілік қуаттың кернеуі жəне жиілігі сораптың зауыттық
тақтайшасында белгіленген. Кернеудің рұқсатты кернеу
ауытқуы номиналды кернеуден - 10 %/+ 10 % аралығында
болуы тиіс. Қозғалтқыш орнату орнында қол жетімді қуат
көзіне сəйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Барлық сораптар бос ұшы бар ұзындығы 10 м желілік
кабельмен бірге жеткізіледі,тек қана Австралияға арналған
сораптар 15 м кабельмен жеткізіледі.
Датчигі жоқ сораптарды мына үш контроллер түрінің
біреуіне жалғау керек:
•
қозғалтқыштың қорғағыш сөндіргіші бар басқару блогы,
мысалы, Grundfos CU 100
•
Grundfos LC, LCD 107, LC, LCD 108 немесе LC, LCD 110
сорап контроллері
•
Grundfos DC, DCD сорап контроллері.
Датчигі бар сораптарды Grundfos IO 113 интерфейсіне жəне
мына үш контроллер түрінің біреуіне жалғау керек:
•
қозғалтқыштың қорғағыш сөндіргіші бар басқару блогы,
мысалы, Grundfos CU 100
•
Grundfos LC, LCD 107, LC, LCD 108 немесе LC, LCD 110
сорап контроллері
•
Grundfos DC жəне DCD сорап контроллері.
Назар аударыңыз
Сорапты орнатпастан жəне іске қоспастан бұрын
қысқа тұйықталуға жол бермеу үшін кабельді
қарап тексеріп шығыңыз.
WIO датчигі бар сораптар
WIO датчигімен жабдықталған сораптарды қауіпсіз орнату
жəне пайдалану үшін қуат контакторі жəне сорап арасында
RC сүзгісін орнату ұсынылады.
Егер RC сүзгісі орнатудағы кез келген кенет
кернеу өзгерістерінің түрін болдырмау үшін
Сақтан
орнатылса, RC сүзгісін қуат контакторы мен сорап
арасында орнату керек.
Қуатпен қамту жүйесінде кенет кернеу өзгерістері болған
жағдайда келесі нəрселер мəселелер тудыруы мүмкін екенін
ескеріңіз:
•
Қозғалтқыш қуаты:
– Қозғалтқыш неғұрлым үлкен болса, кенет кернеу
өзгерістері соғұрлым жоғарырақ болады.
•
Қозғалтқыш кабелінің үзындығы:
– Қуат жəне сигнал өткізгіштері бір біріне жақын,
параллель өтетін жерде, кабель ұзындығына сай қуат
жəне сигнал өткізгіштері арасында кедергі тудыратын
кенет кернеу өзгерістерінің қаупі артады.
•
Коммутатордың орналасуы:
– Қуат жəне сигнал өткізгіштерін физикалық түрде бір
бірінен мүмкіндігінше алыс орналастыру керек.
Жақын орнату кенет кернеу өзгерістері болғанда кедергі
тудырады.
•
Қуат желісінің "қаттылығы":
– Егер трансформатор орнату орнына жақын орналасқан
болса, қуат желісі "қатты" болуы мүмкін жəне кенет
кернеу өзгерістерінің деңгейі жоғарырақ болады.
Егер жоғарыдағыларыдң тіркесімі бар болса, кенет кернеу
өзгерістерінен қорғау үшін WIO датчиктері бар сораптар үшін
RC сүзгілерін орнату қажет болуы мүмкін.
Жұмсақ стартерлер пайдаланылса, кенет кернеу өзгерістерін
толығымен жоюға болады. Бірақ жұмсақ стартерлерде жəне
жылдамдығы айнымалы жетектерде есепке алу керек басқа
ЭМҮ қатысты мəселелер бар екенін ескеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін
8.7 Жиілік түрлендіргішімен
пайдалану режимі
бөлімін қараңыз.